Облыстық сотта латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланды

Облыстық сотта латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланды

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев облыс тұрғындары арасында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруді насихаттайтын ақпараттық-насихаттық топ мүшелерімен кездесті. Сондай-ақ, кездесуге облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбет, тілдерді оқытудың өңірлік орталығының директоры Нұрсәуле Мұсаева, қалалық мәслихаттың депутаты Мұрат Мұқтаров, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессорлары және судьялар қатысты. Кездесудің мақсаты – қазақ әліпбиін латын графикасына көшу жобасын талқылау. Кездесуді аша келе, облыстық соттың төрағасы Қ.Нұрышев қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі заман талабы екенін айтып, Елбасының «Бо¬ла¬шақ¬қа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында…

Толығырақ

Қылмыстық сот ісін жүргізуде адвокаттардың рөлі

Қылмыстық сот ісін жүргізуде адвокаттардың рөлі

1966 жылдың 16 желтоқсанында Нью-Йоркте қабылданған «Азаматтық және саяси құқықтар туралы» халықаралық пактiмен әрбір адамның қорғаушы арқылы қорғалуына кепiлдiк берiлген. Соған сәйкес, Қазақстан Республикасы Конституциясында әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалу, білікті заң көмегін алу, заңда көзделген реттерде заң көмегін тегін алу құқықтары бекітілген. Конституцияның 16-бабына сай: ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы. Азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуде адвокаттың рөлі əсіресе қылмыстық сот ісін жүргізуде аса маңызды болып табылады. Қылмыстық сот ісін…

Толығырақ

Ғалымдар еліміздегі танымал препараттың тиімсіз екенін дәлелдеді

Ғалымдар еліміздегі танымал препараттың тиімсіз екенін дәлелдеді

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин бүгінде елімізде кеңінен таралған вирусқа қарсы препаратты алмауға кеңес берді. «Бүгінде біздің вирусологиялық зертханалар вирусқа қарсы препараттардың тиімділігіне қатысты жұмыстарды жүргізеді. 20 жыл бұрын ем-дом жасау шараларының ішінде вирусқа қарсы препараттар бізде болмаса, ал қазір олар көптеп кездеседі. Атап айтқанда, біздің зертхана «Ремантадин» препаратының емдеуге қауқарсыз екенін дәлелдеді. Сондықтан осы жайында тұрғындар мен дәрігерлер білуі тиіс. Біз бұл мәліметтерді кеңінен таратып жатырмыз. Ал вирусқа қарсы өзге препараттардың тиімділігі бар және олар аз емес», — деді Жандарбек Бекшин. Оның сөзіне қарағанда, жыл…

Толығырақ

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет демалыс күндері еліміздің ауа райына болжам жасады. Өткен күндері ауа райынның салқындауы мен жаңбыр, еліміздің кей жерлерінде жаңбырдың соңы қарға ұласуы Карс теңізі аумағынан түскен арктикалық ауа массаларымен байланысты болды. Алдағы демалыс күндері тропосфералық ағындардың бағыттары көп ауыспайды. Бұрынғысынша республикамыздың батысы мен солтүстік аймақтарына әсерін тигізеді, сол себептен салқын және бұлтты жауын-шашынмен ауа райы сақталады. Республикамыздың оңтүстігінде ауа температурасының аздаған жоғарылауы және жауын-шашынның тоқтауы болжанады. Бірақ дүйсенбі күні осы аймақтарға атмосферлық ауа ағыны өзінің әсерін тигізеді. Сол себептен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болуы ықтимал.  

Толығырақ

Кәсіпқой бокс: Дычко қарсыласымен көз арбасты

Кәсіпқой бокс: Дычко қарсыласымен көз арбасты

Кәсіпқой боксқа ауысқан 27 жастағы қазақстандық боксшы Иван Дычко қарсыласымен көз арбасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұған дейін хабарлағанымыздай, отандасымыз кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 29 қыркүйекте АҚШ-тың Даллас қаласында 34 жастағы америкалық Эйбур Райтқа(2-1, 1КО) қарсы өткізеді. «Ертең біз сапарымызды бастаймыз. Иван Дычконың дебюттық кездесуін кешкі сағат 9-да TV Bein Sports каналынан тамашалай аласыздар. Назар аударыңыздар, бұл жас жігіт бірнеше жылдан кейін ауыр салмақтың үздігі атанады», — деп жазды Дычконың командасы DSBoxing. Айта кетейік, екі мәрте олимпиаданың қола медалін алғаннан кейін,  Дычко 2017 жылғы маусымда америкалық The Heavyweight Factory промоутерлік компаниясымен…

Толығырақ

Электр энергиясының бағасы қымбаттайды ма?

Электр энергиясының бағасы қымбаттайды ма?

Тұрғындарды электр энергиясымен қамту мәселесінде ешқандай проблема жоқ. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «KEGOK» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев мәлім етті. «Үкімет тұрақты түрде электроэнергетика саласында күзгі және қысқы маусымға даярлық бойынша мониторинг жүргізеді. Бұл жұмыс жалпы аяқталды деп айта аламын. Ең басты энергетикалық нысандар жөндеуден өтіп, эксплуатациялық жұмыстардың жүргізілуімен қысқа дайындық жұмыстары аяқталды. Осы күзгі және қысқы маусымда өткен жылғыдай барлық тұтынушылар үшін жарықты өшірмей, сенімді түрде электрлік қамтумен өткіземіз деген үміттемін», — дейді ол. Бақытжан Қажиевтің айтуынша, KEGOC компаниясы толығымен барлық жөндеу және эксплуатациялық жұмыстарын аяқтаған. Тек…

Толығырақ

Қытайда 1 мың метр биіктікте шыны көпір салынды

Қытайда 1 мың метр биіктікте шыны көпір салынды

Қытай Халық Республикасының Білім күні — ұлттық мейрамы қарсаңында Имэншань (Шаньдун провинциясы) тауындағы Гуймэн ландшафттық саябағында 160 метрлік жаңа шыны көпір ашылды.Көпірді инженерлер 3D-панельдерден құрастырған. Болат арқандарға бекітілген панельдер теңіз деңгейінен 1000 м биіктікке орналасқан.  

Толығырақ

Электроэнергияның сапасын реттейтін құрылғы орнату қажет — KEGOC

Электроэнергияның сапасын реттейтін құрылғы орнату қажет — KEGOC

«KEGOK» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев ірі кәсіпорындарға электроэнергиясының сапасын реттейтін құрылғы орнатуды міндеттеудің маңызын айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Электрмен жабдықтау сапасы бойынша жыл сайын мәселелер қордаланып келеді. Энергияны тұтыну мен өндіру бағытында айтарлықтай өзгерістер енгізіп жатқаны ескерілуі тиіс. Көптеген кәсіпорындардың өзі желідегі электроэнергияның сапа бойынша параметрлеріне әсер етіп жатыр. Энергияның балама көздері де тұрақты болмағандықтан, желілердің жұмысына әсерін береді. Бұның бәрі электроэнергиясының сапасына қатысты жаңа талаптарға жауап беруді туындатады», — дейді Бақытжан Қажиев. Оның айтуынша, аталған салада сапа бойынша нақты өзгеріс керек. Қазақстанды жарықпен қамтамасыз етіп…

Толығырақ

Ауыл шаруашылығы министрлігінде жедел топ құрылды

Ауыл шаруашылығы министрлігінде жедел топ құрылды

Бүгін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың қатысуымен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметіне ішкі бақылау жасау жөніндегі жедел топтың жұмысы туралы брифинг өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Жедел топтың негізгі міндеттері орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі қызметіне ішкі бақылау жасау, сондай-ақ қажет болған жағдайда олардың лауазымды тұлғалары тарапынан осы салаларда жасалған құқық бұзушылықтарды анықтау болып табылады. Брифинг барысында Е. Нысанбаев жедел топтың құрамы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары…

Толығырақ

Премьер-Министрге Түркістанды дамыту жоспары таныстырылды

Премьер-Министрге Түркістанды дамыту жоспары таныстырылды

Елбасы тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат PrimeMinister.kz сайтына сілтеме жасап. Үкімет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының, сондай-ақ АӨК-ні дамыту және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларының, «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іске асырылу барысымен танысады деп күтілуде. Бақытжан Сағынтаевтың ОҚО-ға жұмыс сапары Түркістан қаласынан бастау алды. Онда өнімдері облыстың барлық аудандарына жеткізілетін «Яссы нан» нан зауытында болып қайтты. Кәсіпорынды аралау барысында «Ақ жол» ЖШС басқарушы компаниясының басшысы Сабыр Атаев Премьер-Министрге өндірістік цехтарды көрсетіп, зауыттың…

Толығырақ