Дубайда әлемдегі ең үлкен фоторамка ашылады

Дубайда әлемдегі ең үлкен фоторамка ашылады

Осы жылдың қараша айында Дубайда әлемдегі ең үлкен фоторамка ашылады, деп хабарлайды РИА Новости. 2013 жылы басталған жобаның құны – 43, 6 млн доллар. Дубайдың көрікті жерлерінің қатарын толықтыратын фоторамка ресми түрде 2015 жылы ашылуы тиіс еді, алайда қажетті құрылыс материалдарының жетпеуінен кейінге шегерілген.Рамканың биіктігі – 150 метр, ені – 93 метр. Пішіні жағынан сурет қоятын рамкаға ұқсайтын нысан Zabeel Park саябағында орналасқан. Фоторамканың бір жағынан қазіргі Дубай көрінсе, қарсы жағынан ескі шаһарды тамашалауға мүмкіндік бар. Ғимараттың бірінші қабатында музей мен көрме залы ашылады. Сондай-ақ жоғарғы қабатқа көтерілу үшін панорамалы…

Толығырақ

Айгүл Иманбаева тұрмысқа шықпақ

Айгүл Иманбаева тұрмысқа шықпақ

Баласын үйлендіріп, дүркіретіп той жасаған Жеңіс Ысқақованың қуанышын бөлісе келген Айгүл Иманбаева бір ер азаматты қолтықтап алған. Журналистің қойған сұрағына «Елең еткізетін жаңалық болып қалуы мүмкін. Айтамын ғой»-деп жауап берген әнші көпшіліктің қызығушылығын оятып қойды. Одан бөлек баласы туралы да біраз әңгімеледі. «Бала үйлендіретін кезек бізге де келетін шығар. Ұлым қазір он тоғызда. Еуропада екінші курс оқып жатыр. Әкесінен өткен режиссер болатын шығар. Өзі кітап оқығанды жақсы көреді. Жазда екеуміз жарысып кітап оқыды. Мен төрт кітап, балам алты кітап оқыды»-дейді әнші.

Толығырақ

ТМД елдерінің басшылары Сочиде бас қосады

ТМД елдерінің басшылары Сочиде бас қосады

11 қазанда Сочи қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшыларының кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТМД атқару комитетіне сілтеме жасап. Отырыс барысында Достастық елдері қызметінің экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық салаларының алдағы уақыттағы даму бағыттарын көздейтін мәселелер талқыланбақ. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аясында ынтымақтастық жайлы пікірлер алмасылып, ТМД төрағалығы және ұйымға мүше елдері басшылары кеңесінің келесі отырысының мерзімі мен өткізілетін жері анықталмақ. Кеңейтілген отырыста экономика және мәдени-гуманитарлық бағыттардың алдағы дамуы, қорғаныс саясаты, сыртқы шекара қорғанысы, лаңкестікке қарсы іс-қимыл сынды маңызды мәселелер, сондай-ақ, Достастықтың жаңа жағдайларға бейімделуі сынды бірқатар  жобалар да талқыланады деп…

Толығырақ

Қостанайда жастардың инвестициялық форумы өтеді

Қостанайда жастардың инвестициялық форумы өтеді

Қараша айында «Kostanay innovation-2017» атты жастардың халықаралық инвестициялық форумы өтеді. «Kostanay innovation-2017» — жас ұрпақтың идеяларын іске асыруы үшін мүмкіндік беретін бастапқы алаң. Халықаралық дәрежедегі сарапшылар студенттерге, жалпы жұмысшы жастарға өздерінің инновациялық жобаларын таныстырады. Жергілікті ұйым өкілдері TEDx форматында жұмыс істеп, тәжірибе жинайтын болады», — деді Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы басшысы Кенеш Әлімжанов.  Өз кезегінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мұндай шаралардың өңір үшін маңызды екенін айтты. Халықаралық форум қарсаңында «Ұлы дала көрмесі» атты ақпараттық қосымша шығады. Форум 24-25 қараша аралығында өтеді.  

Толығырақ

Елімізде 21,4 млн тонна астық бастырылды

Елімізде 21,4 млн тонна астық бастырылды

2017 жылдың 2 қазан бойынша Қазақстанда 21 406,2 мың тонна астық бастырылды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының мәліметтеріне сүйенсек, есептік мерзімге дейін ауыл шаруашылығын өндірушілер 15 185,7 мың га алқапты жинады. Бұл өңірлердегі жинау алқаптарының 99,3%-ын құрайды. Орташа өнімділік 14,1 ц/га-ны құрайды. 2016 жылдың осы кезеңінде Қазақстанда 13 970,8 мың гектар алқап жиналып, бұл облыстардың жинау алқаптарының 91,5%-ын құрады, 20811,1 мың тонна астық жиналды. Орташа өнімділік 14,9 ц/га. Ал, 2017 жылы жинау алқаптары 15 293,3 мың га жерді құраса, 2016 жылы — 15275,1 мың га болған.    

Толығырақ

Ауа райы: Екі облыста үсік болуы мүмкін

Ауа райы: Екі облыста үсік болуы мүмкін

Солтүстік батыстың басым бөлігінде жауын-шашын, тек Қазақстанның шығыс және оңтүстік шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертен кей жерлерде тұман, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстанның кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Жамбыл облысында 25 м/с дейін күшейеді. Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Алматы, Қарағанды облыстарында түнде кей жерлерінде 5 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Қызылорда, Ақтөбенің басым…

Толығырақ

Каталония тәуелсіздігін қолдап халықтың 90%-ы дауыс берген

Каталония тәуелсіздігін қолдап халықтың 90%-ы дауыс берген

Жексенбі күні Испанияның Каталония аймағында өткен референдумда тұрғындардың 90%-ы тәуелсіздікті қолдап дауыс берген. Бұл туралы Каталония үкіметінің ресми өкілі Жорди Туруль мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС. Каталония үкіметінің ресми өкілі Жорди Туруль баспасөз мәслихатында тәуелсіздік алу туралы бастаманы сайлаушылардың 7,8%- қолдамағанын, ал 2%-ының бюллетендері бос болып шықса, 0,89% — бүлінген деді. Айта кетейік, Испан билігінің осы референдумға қатысты ұстанымын жариялады. Бұл дауыс берудің ешқандай заңды күші жоқ, себебі ол корольдіктің конституциясына қайшы келетіндігін хабарлады. Каталонияда дауыс беру аяқталғаннан кейін Испания үкіметінің төрағасы Мариано Рахой Мадридте ресми мәлімдеме жасап, Каталониядағы дауыс…

Толығырақ

Головкин өзін жеңген боксшының отбасына 25 мың еуро сыйлады

Головкин өзін жеңген боксшының отбасына 25 мың еуро сыйлады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Германияның Гифхорн қаласында неміс боксшысы Эдуард Гуткнехтке қолдау білдіруге арналған қайырымдылық кешіне қатысты. Айта кетейік, Эдуард Гуткнехт  бас-ми жарақатының ауыр зардабын тартып келеді. Бұл туралы Waz-online.de хабарлауда. Қайырымдылық кеште түскен 50 мың  еуроның 25 мыңын Головкин сыйлаған. Жиналған қаржы Эдуардтың отбасына тапсырылады. Гуткнехт боксшы Джордж Гроувзбен өткен 12 раундтық жекпе-жекте қатты соққы алған болатын. Айқас аяқталған бойда спортшы киіну бөлмесінен бірден ауруханаға жеткізіліп, оның миына операция жасалды. Еске салайық, Эдуард Гуткнехт әуесқой бокста Геннадий Головкинді жеңген болатын.

Толығырақ

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігі және Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 28-ші қыркүйек күні Асқар Тоқмағанбетов мәдение үйінде бос жұмыс орындары жармеңкесі өткізілді. Бүгінгі шараға қаладағы меншік түріне қарамастан барлық жұмыс беруші мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен жастарды қолдау орталығының өкілдері қатысты. Жәрмеңкеге қаладағы 33 мекемеден 166 бос жұмыс орындары бойынша сұраныстар келіп тусіп,осы мекемелердің кадр мамандары қатысты. Жәрмеңке өткізудің мақсаты — жұмыс беруші мекемелер, ұжымдар, қоғамдық бірлестіктер арасынан қажетті…

Толығырақ

Кітап – ғасыр мұрасы

Кітап – ғасыр мұрасы

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Халықаралық Қарттар күніне арналған «Кітап – ғасыр мұрасы» атты көшпелі жаңа әдебиеттер көрмесін ұйымдастырды. Қызмет алушыларға кітапханаға соңғы келген көркем әдеби шығармалар, өзіңді жетілдіру туралы әдебиеттерді таныстыру мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалынды. Көрмеге 125 кітап және мерзімді басылымдар қойылды. Көрмеге көрнекті жазушы Мұқтар Мағауиннің әңгімелері мен романдары топтастырылған «Көкбалақ» атты кітабы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлы туралы «Бостандық жырының бозжорғасы» атты туынды, Жұмекен Нәжімеденовтің соғыстан кейінгі жылдардың ауыртпалығы, ауыл адамдарының қажымас қайраты, ел тірлігін жан-жақты бейнелеген «Кішкентай» атты…

Толығырақ