Елімізде қант арзандады

Елімізде қант арзандады

Қазақстанда 2017 жылғы қыркүйектегі азық-түлік бағасы 2016 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 7,8% қымбаттаған. Аталған кезеңде кофе, шай және какаоның бағасы 14,8%-ға, кондитер өнімдерінің бағасы 12,5%-ға, жеміс-көкөністің бағасы 10,5%-ға, алкогольді ішімдіктер 10%-ға, сүт өнімдері 9,9%-ға, балық пен теңіз өнімдері 8,6%-ға, бөлке және ұн өнімдері 8,4%-ға, нан 3,3%-ға, макарон өнімдері 2,6%-ға, ұн 2,4%-ға қымбаттаған, ал қанттың бағасы 14,3%-ға, жарманың бағасы 12,2%-ға арзандаған. Ет пен ет өнімдері бағасының өсімі 11,4%-ды құраған. Ірі қара еті 14,2%-ға, қой еті 13,4%-ға, шошқа еті 10,9%-ға, құс еті 10,1%-ға, жылқы еті 8,7%-ға, шұжық өнімдері 7,2%-ға қымбаттаған.

Толығырақ

Шиелі ауданында 184 жоба қаржыландырылды

Шиелі ауданында 184 жоба қаржыландырылды

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиал директоры Рысбай Нысанханов бизнес өкілдері алдындағы есепті кездесуде айтты. Мемлекеттік бағдарламалар аясында Кәсіпкерлер палатасының Шиелі аудандық филиалында «Бизнес кеңесші» жобасы аясында оқып, біліктілігін жетілдірген 184 азаматтың жалпы құны 650 млн 820 мың теңгені құрайтын жобалары қаржыландырылды. Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы аясында қайтарымсыз инновациялық грант беру бойынша «Өңірлік үйлестіру кеңесінің» қарауына 7 жоба ұсынылып, нәтижесінде жалпы құны 1 млн. 229мың теңгені құрайтын 2 жоба грант ұтып алды. Олар: 1. Дара кәсіпкер Қалжанова Мая Қарабатырқызы «Қол…

Толығырақ

Екі кәсіпорын халал сертификатына ие болды

Екі кәсіпорын халал сертификатына ие болды

Қызылордадағы “Абай Даулет” ЖШС-ның  “Сыр дәні” өнімі және “ФАТИМА” ЖК ет дүкені ҚМДБ-ның Халал сертификатына ие болды. Кәсіпкерлерді марапаттау рәсімін Қызылорда облыстық орталық “Ақмешіт-Сырдария” мешітінің бас имамы Талғат Сейткәрімұлы арнайы өткізді, — деп хабарлады islam.kz. Аталған кәсіпорынның “Сыр дәні” өнімі арнайы зертханаға жіберіліп, тексерістің оң нәтижесі көрсетілді. Сондай ақ, “ФАТИМА” ЖК ет дүкені өнімдері мен қасапханасы  – 1:2016 “Мал бауыздау және ет өңдеу” және 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға  қойылатын жалпы талаптар стандартына сай жұмыс жүргізуінің нәтижесінде ҚМДБ-ның сертификатына ие болды. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне…

Толығырақ

Елбасы АҚШ президентіне көңіл айтты

Елбасы АҚШ президентіне көңіл айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Лас-Вегас қаласында болған атыс салдарынан көптеген адамның қазаға ұшырағаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Біз осынау сын сағаттарда АҚШ халқымен бірге екенімізді жеткізгім келеді. Жеке өзімнің және барша Қазақстан халқының атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ достас Америка Құрама Штаттарының халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Толығырақ

Адамдарды жүрісі арқылы тану технологиясы шығарылмақ

Адамдарды жүрісі арқылы тану технологиясы шығарылмақ

Қытайлық мамандар 50 метрлік қашықтықтағы адамның жүрісі арқылы оны тануға мүмкіндік беретін жаңа технология ойлап тапты, деп хабарлайды Синьхуа. Қытай ғылым академиясы автоматика институтының қызметкерлері өздері ойлап тапқан технологияның адам арт жағымен келе жатса да оның тұлғалық ерекшелігін ажырата алатынына сенімді. Жобаны жүзеге асырушылардың бірі Хуан Юнчжэннің айтуынша, технология 1000 шаршы метрдегі 1000 адамды жүз метрлік қашықтықтан тануға қауқарлы. «Аталған технологияны қауіпсіздік жүйелерінде, көлік және іскерлік шаралар өткізу орындарында кеңінен қолдануға болады», — дейді Хуан.

Толығырақ

Қазақстандық ардагер әлем чемпионы атанды

Қазақстандық ардагер әлем чемпионы атанды

Италияның Ольбия қаласында дзюдодан ардагерлер арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық ардагер дзюдошы Аманбай Қыздарбаев қарсыластарын шақ келтірмей, чемпион атанды. М4 категориясы бойынша 90 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз алғашқы қарсыласы Италия спортшысы Лорис Жиннароны, екінші айналымда Иким Мблидогу Удока Сандэйді (Испания) иппонмен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда словакиялық спортшыны Маруна Роберттен айласын асырған ардагер дзюдошымыз, шешуші финалда татами иесі, Италия дзюдошысы Нинфо Джузеппені уақытынан бұрын иппонмен жеңіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды. Сондай-ақ, М5 категориясы бойынша 100 келіге дейінгі салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық ардагер дзюдошы…

Толығырақ

Сағадиев мұғалімдерді ғаламтор арқылы бақыламақ

Сағадиев мұғалімдерді ғаламтор арқылы бақыламақ

Бүгінде мектеп мұғалімдері үшін 80 мың бейнефильмдер мен интерактивті сабақтар бар. Олар кез келген материалды ғаламтордан, я болмаса, мектеп серверінен алып, сабақ кезінде пайдалана алады. «Биыл аталған цифрлық материалды 7 082 білім беру ұйымы, яғни барлық мектептер пайдалануға кірісті. Оны онлайн және оффлайн режимде алуға болады. Бұл дегеніміз, бейнематериалдар мектеп серверінде де сақталады. Мұғалім оны кез келген уақытта алып, сабақты сапалы түрде беру үшін пайдалана алады. Сонда қосымша материал іздеудің қажет жоқ. Қазіргі кезде 440 мұғалім ортақ жүйеге қосылды. Енді, біз кім, қанша, қандай мектеп пен сабақ бойынша бейнематериалдарды пайдаланып…

Толығырақ

«Реал» әйелдер футбол командасын құрмақ

Мадридтік «Реалдың» президенті Флорентино Перес клубтың әйелдер командасын құруды жоспарлап отырғанын мәлім етті. Бұл туралы prosports.kz. хабарлайды. «Біріншіден біз команданың жаттыға алуы үшін әйелдердің футбол бөлімін ашқымыз келеді. Біз шетелдік ойыншылардан құралған команда құруға ниетті емеспіз, алайда, әуесқой болса да команда құрылуы керек», — деді Перес.

Толығырақ

Ұлттық банк инфляцияның басты себебін айтты

Ұлттық банк инфляцияның басты себебін айтты

ҚР Ұлттық банкі 2018 жылға арналған инфляция деңгейін бекітті. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақшев мәлім етті. «Халық пен кәсіпорындардың баға өсімін күтуі инфляцияның басты себебіне айналып отыр. 2017 жылдың тамызында инфляциялық күтілімнің сандық бағасы бір жыл бұрынғыдан 6,5 пайыз болды. Осылайша, ол 2018 жылға арналған ішкі дәліздегі мақсатты нақты инфляциядан төмен қалыптасты», — деді Данияр Ақышев. Осы ретте ол келесі жылдан бастап Ұлттық банк мақсатты бағдарларды кезең-кезеңімен төмендетуге көшетіндігін айтты. «Осыған байланысты инфляциялық күтілімді одан ары тұрақтандыруға қол жеткізу қажет. Яғни, 2020…

Толығырақ

Премьер-Министр бензин бағасына мониторинг жүргізуді тапсырды

Премьер-Министр бензин бағасына мониторинг жүргізуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бүгінгі Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрлігіне елдегі бензин бағасына мониторинг жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сіз қазір қараша-желтоқсанда импорт көлемін 20 пайызға төмендетеміз дедіңіз. Солай ғой? Ал баға  төмендей ме?», — деп сұрады Үкімет басшысы еліміздің энергетика саласының 9 айының қорытындысы жайында баяндаған Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтан. «Баға кемінде тұрақтанатын болады», — деп жауап берді ол. «Импорт азаятын болса, баға да төмендеуі қажет қой», — деді Бақытжан Сағынтаев. «Бақытжан Әбдірұлы, бұл ретте баға  аталған 20 пайыздың Ресейдегі құны қандай болады, соған байланысты.  Егер қазіргі деңгейде, тоннасы…

Толығырақ