Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Ұстаздар мерекесіне орай «ҰСТАЗДАР – ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Салтанатты шара барысында қала әкімі Н.Нәлібаев барлық ұстаздар қауымын және сала ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, қала бойынша білім саласындағы жетістіктерге кеңінен тоқталды. — «Қазақылықтың қайнары, Алаштың – Анасы атанған аймақтың бұл бас қаласы – Қызылорда – кешегі алаш қайраткерлері мен ұлт зиялыларының басын қосқан киелі мекен! Қазақ тарихындағы талай бастамалар мен тың жаңалықтардың қасиетті Ордасы. Біз осы абыройлы жолдан жаңылмай, алдағы уақытта да ел мүддесі үшін қызмет етер, басқа аймақтарға ұлттық болмысы және қазақылығымен үлгі…

Толығырақ

Жастар шығармашылығы насихатталуда

Жастар шығармашылығы насихатталуда

 «Урбан парк» орталығында Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша «Сана» зияткер жастар мектебі» Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен «ЖАСТАР FEST-QYZYLORDA» шығармашыл жастарды дамыту орталығы қызметін ұйымдастыру (көше билері, рэп, брэйк-данс және т.б.) әлеуметтік жобасының аясында«ҚЫЗЫЛОРДА OPEN FEST» фестивалі өткізіледі.         Жоба барысында субмәдениет өкілдері — «Break dance», «Нip Нop», «Street workout», «Skate», «Parkour» жанрлары бағытында шұғылданып жүрген жастар арасында түрлі бағыттағы іс – шаралар ұйымдастыру жүктелген. Аталған санаттағы жастарды дамыту мақсатында мастер класстар, байқаулар мен фестивальдер ұйымдастыру жоспарланған.Бұл бағытта шұғылданатын жастар саны Европа елдеріндегі жастарға қарағанда әлде – қайда аз болып…

Толығырақ

Депутат оқушыларды автобуспен тасымалдау мәселесін көтерді

Депутат оқушыларды автобуспен тасымалдау мәселесін көтерді

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова ҚР Үкімет басшысы орынбасарының атына жолдаған сауалында оқушыларды мектепке автобуспен тасымалдау мәселесін көтерді. «ҚР Конституциясының 30-бабында Қазақстан азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында ақысыз орта білімге кепілдік берілген. Орта білім баршасына міндеттелген. Сонымен бірге, еліміздегі 1523 ауылында өздерінің орта білім беру мектебі болмағандықтан, балалар көршілес елді мекендерге барып оқуға мәжбүр. Бүгінде 30 000 мыңнан астам бала осылай білім алып жүр. Олардың еш кедергісіз мектепке баруын ауыл әкімдіктері қамтамасыз етуі тиіс, яғни бірінші кезекте тұрақты көліктері болуы керек. Атап айтқанда, көліктер талаптарға сай болып, қауіпсіздік тұрғысында автобуспен тасымалданатын балалардың…

Толығырақ

Ет өнімдері Түркияға экспортталмақ

Ет өнімдері Түркияға экспортталмақ

Түркия Республикасы Қазақстан Республикасында өндірілген еттерді импорттауға дайын екенін мәлімдеді, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. «Түркия Қазақстанның ет өнімінің сапасын жоғары бағалайды. Қазақстанның ет өнімі елде үлкен сұранысқа ие болатынына сенімдімін», — деді Түркия экономика министрі Нихат Зейбекчи Қазақстанның ТР-дағы елшісі Абзал Сапарбекұлымен кездесуде. Министр Қазақстан мен Түркия басшылары арасындағы екіжақты келісімдердің маңыздылығын атап өтіп, қазақстандық өнімді Түркияға импорттауға дайын екендігін жеткізді. Өз кезегінде Елші Қазақстандағы ет өндірісінің әлеуеті, Қазақстандағы бидайдың көлемі туралы айтып, Түркияға астық экспорттау мүмкіндігіне баса назар аударды. Кездесуде тараптар ауыл шаруашылығына, соның ішінде Қазақстандағы мал шаруашылығы…

Толығырақ

КХДР билік өкілдерінен басқаларға бензин сатуға тыйым салды

КХДР билік өкілдерінен басқаларға бензин сатуға тыйым салды

Қыркүйек айының соңынан бастап КХДР-ындағы коммерциялық жанар-жағармай құю бекеттерінде Кореяның еңбек партиялары мен үкіметтің жоғары лауазымды қызметкерлері, қарулы күштер  мен мамандандырылған қызмет қызметкерлерінен басқа барлық тұтынушыларға  бензин сатылымы тоқтатылды.  Бұл жайлы сәрсенбі күні жапондық  Asahi газеті жариялады. Басылым мәліметінше, бензин сатылымына қойылған қатаң шектеулер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қыркүйек айында КХДР-ға мұнай және мұнай өнімдерін экспорттауға шектеу қоюына байланысты жанатын газ қорын құруға бағытталған. Газет қыркүйек айының соңынан бастап КХДР-дың жанар-жағармай құю бекеттері 727 номерінен басталатын автокөліктерге ғана бензин құйып жатқандығын мәлім еткен.

Толығырақ

Бюджет қаржысын игеруде жауапкершілік министрлерде де болуы керек — Мәжіліс төрағасы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин бюджеттік қаржының игерілмегені үшін жауапкершілік министрлерде де болуы қажеттігін атап өтті.  Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды. «Қазіргі кезде заңнамада бірінші басшысы, яғни облыс әкімі, министр мемлекеттік қаржының игерілуіне жауап беретіні көрсетілген. Дұрыс пайдаланбау, бюджетті тиімді игеруге мемлекеттік органның бірінші басшысы жауапты. Қазір оны бюджеттік бағдарламалардың жетекшісіне бұрып отырсыздар. Ұсынылған жобада «мемлекеттік органның бірінші басшысы» дегенді алып тастап, «бюджеттік бағдарлама жетекшісі» түсінігін қалдырғасыздар»,-деді Н. Нығматулин ҚР Ұлттық экономика…

Толығырақ

Сарапшылар «Балалар интернеті» қызметін енгізу мәселесін тағы көтерді

Сарапшылар «Балалар интернеті» қызметін енгізу мәселесін тағы көтерді

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров жасөспірімдерді ғаламтордағы зиянды ақпараттан қорғаудың өзекті екендігін айтты. «ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі интернет өнімдерінің мазмұны мен контентке бақылауды жүргізу тұрғысынан үлкен жұмыстарды атқарып жатыр. Ұлыбритания, Ресей елдерінде «Балалар интернеті» деген түсінік бар. Аталған қызмет жас ұрпақты зиянды интернет өнімдерінен қорғайды. Бұл ретте «Көк кит», «Тихий дом» тағы сол секілді зиянды топтарды айтып отырмын. Балаларды зиянды ақпараттардан қорғайтын заңнама бар. Бірақ бұл заң соншалықты жұмыс атқарып тұрған жоқ. Суицид немесе басқа да оқыс оқиға болса, мұғалімдер мен құқық қорғаушыларға шүйлігеміз. Алайда бұл тұрғыдан…

Толығырақ

2400-ден астам жүргізушіге айыппұл салынды

2400-ден астам жүргізушіге айыппұл салынды

Еліміздің ішкі істер органдары республика аумағында «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» атты кең ауқымды акция өткізді. Акцияға қатысты ақпаратты ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратты. Ведомство мәліметінше, шараға 25 мыңнан астам адам, оның ішінде полиция қызметкерлері, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау, прокуратура органдарының, «Нұр Отан» және қоғамдық құрылымдардың өкілдері жұмылдырылды. Акция басталған екі күн ішінде 28,7 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 1807-сі ұсақ бұзақылық болса, 1131-і тыныштықты бұзу, 3408-і қоғамдық орындарда ішімдік ішу, темекі шегуге тыйым салынған жерлерде тәртіпті бұзудың 2714 факті тіркелген.  Абаттандыру тәртібін бұзған…

Толығырақ

Елбасы Ақтөбеге келді

Елбасы Ақтөбеге келді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеге жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Елбасы сапар барысында Ақтөбе ферроқорытпа зауытының, Ақтөбе рельс-арқалық зауытының жұмысымен танысады. Айта кетейік, ферроқорытпа зауытының №4 цехы 2014 жылы іске қосылды. Заманауи өндіріс орны зауыттың қуаттылығын арттыртуға бағатталды. Ал Ақтөбе рельс-арқалық зауытынан шығарылып жатқан өнім «Нұрлы жол» бағдарламасымен іске асырылып жатқан жобаларға кең қолданылып жатыр. Астанадағы жаңа вокзалдың рельсі де Ақтөбе зауытынан шығарылған. Сапар барысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған Жұбановтар әлемі орталығы, Шығармашылық академиясы, «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған пәтерлер қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Толығырақ

Елімізде күн жылынады

Елімізде күн жылынады

«Қазгидромет» РМК 2017 жылдың 5-7 қазанына ауа райы болжамын жасады. Синоптиктердің ақпараты бойынша, Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан циклон мен онымен байланысты атмосфералық ауа массалары Батыс Сібірдің оңтүстігіне ығысады. Оның орнына Қазақстан аумағына Еділден антициклон келеді. «Алдағы үш тәулікте осы антициклонның ықпалымен батыс облыстарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ауа температурасы жоғарылауы мүмкін. Республиканың басқа аумағында, антициклонның шығысқа қарай жылжуына байланысты жауын-шашын тоқтайды. Бірақ, ауа температурасы  7 қазан күні және тек оңтүстік облыстарда жоғарылауы ықтимал», — делінген Қазгидрометтің хабарламасында.

Толығырақ