Елбасы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қала жобасымен танысты

Елбасы  Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қала жобасымен танысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев аймағымызға сапары барысында Сырдария өзенінің сол жағалауындағы шығыстық үлгіде жаңғыруды көздеген жаңа қала жобасымен танысты. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Сырдария өзенінің сол жағалауынан бой көтеретін қала жайлы айтып, жүргізіліп жатқан құрылыстың маңызына тоқталды. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жобалық үлгі мен сызбалық нұсқаны пайдаланып, аталған аймаққа салынатын ғимараттар жайлы айтып өтті. Елбасы сол жағалауда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, құрылысшылармен кездесті. Бұл жерде «Сәт-Сервис» ЖШС директоры Роза Иманова сөз сөйлеп, құрылысшылардың атынан ризашылығын білдірді. Ал, қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов «Болашақ» университетінің қалашығы салынатынын тілге тиек етті….

Толығырақ

«Нұрлы жер» аясында биыл 100 мыңға жуық пәтер салынады

«Нұрлы жер» аясында биыл 100 мыңға жуық пәтер салынады

«Нұрлы жер» аясында биыл 99 мыңға жуық пәтер салынады. Бұл туралы бүгін ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлім етті. Оның дерегінше, «Нұрлы жер» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша ағымдағы жылы әкімдіктерге 25 млрд теңге бөлініп, 6 мыңға жуық пәтердің құрылысы басталды. Оның жартысы осы жылы тапсырылатын болады. Ал екінші бағыт жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған. Бұл халық үшін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ең қолжетімді бағыттарының бірі болып табылады. Жыл сайын тұрғын үй құрылысы аудандарына желілер тартуға 80 млрд теңге бөлу көзделеді. Оның 50…

Толығырақ

Қызылордада «Заңсыз келуші-2017» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

   Қызылорда облысы ішкі істер департаменті және басқа да құзырлы органдардың бірлесіп ұйымдастыруымен 2017 жылғы 2-4 қазан аралығында  облыс аумағында «Заңсыз келуші-2017» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында облыс көлемінде шетел азаматтарымен жасалған 715 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Көші-қон заңнамаларын бұзған 14 шетел азаматы республика аумағынан аластатылды. Өзбекстан Республикасының 7 азаматына қатысты ҚК-тің 393-бабы (сот шешімдерін орындамау), сонымен қатар Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін 1 Өзбекстан Республикасының азаматына ҚК-тің 392-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды.  Сонымен бірге шетел азаматтарының тіркелуін қамтамасыз етпеген үшін 46 жергілікті азаматына Қазақстан Респубкасы Әкімшілік…

Толығырақ

2017 жылғы Нобель сыйлығын беру рәсімі басталды

2017 жылғы Нобель сыйлығын беру рәсімі басталды

Қазан айының екінші жұлдызынан бастап «Нобель» сыйлығын беру апталығы басталады. Нақты кімдердің лауреат атанғаны және кімдердің топ жарғаны құпия түрде сақтаулы тұр. Кеше ғана екінші қазан күні физология мен медицина саласы бойынша лауреаттар аты аталды. Стокгольмде өткен марапаттау кезінде топ жарған үшін бірдей ғалым: Джеффи Холл, Майкл Росбаш және Майкл Янг. Ал бүгін физика саласы бойынша сыйлықтар табысталады. Алтыншы қазан күні – әлем бойынша Нобель сыйлығын алған адамның аты алса, тоғызыншы қазан күні, Швеция банкі экономика саласы бойынша жеңімпаздың атын жария етеді. Ал әдебиет саласы бойынша нақты қай күні марапаттау…

Толығырақ

Мидың сіз білмейтін қызметтері

Мидың сіз білмейтін қызметтері

Адам миы – зерттеліп үлгермеген жұмбақ ағза. Ғалымдардың өздері мидың толық зерттелуі үшін әлі бірнеше ондаған жылдар өту керек дейді. МиымыздыҢ атқаратын қызметтері көп. Зерттеліп үлгерген мына қызметтерді сіздерге ұсынамыз: • Зейін; • Есте сақтау қабілеті; • Ойлану; • Белгілі бір бағытта жұмыс жасау; • Жағымды және жағымсыз эмоцияларды сыртқа шығару; • Жоспарлау; Мидың негізгі ерекшелігі – ойлау қызметін атқаруында. Ми қызметтерін оның жіктелуіне сәйкес қарастырады: 1. Мидың қызметіне сәйкес латерализация деп аталатын жарты шарларға жіктеледі. Ми физикалық тұрғыдан екі жарты шарға бөлінген. Олардың сыртқы бейнесі ұқсас болғанымен, әртүрлі қызмет…

Толығырақ

Әлемдегі ең сабырлы адам

Әлемдегі ең сабырлы адам

Естімеген елде көп. Біз білмейтін қаншама құпиялар мен тылсымдар бар. Одан бөлек небір өнерлі жандар жетерлік. Олардың бірін білсек, бірін білмейміз. Біз сөз еткелі отырған адамды әлемдегі ең сабырлы адам деп айтсақ болады. Ол кім?! Брайан Берг – әлемдегі ең сабырлы адам. Ол қарапайым ойын картасынан әр түрлі туындылар жасап, оны қайта бұзады. Шеберлік деп осыны айтыңыз. 1993 жылы 17 жастағы бозбала әлем назарын өзіне аударды. Ол  ойын картасынан ең биік үй құрастырып, Гиннестің рекордтар кітабына енуді көздейді. Оның құрастырған үйі 4 метр 30 сантиметрді құрады.

Толығырақ

«Форсаж 9» фильмі қашан шығатыны белгілі болды

«Форсаж 9» фильмі қашан шығатыны белгілі болды

«Форсаж» фильмінің командасы тоғызыншы бөлімі қашан шығатынын хабарлады. Алдын ала айтылған мәлімет бойынша «Форсаж 9» 2019 жылдың сәуір айында шығады деген болатын.  Universal Pictures корпорациясының өкілдері фильмнің премьерасы 2020 жылдың 10 сәуірінде көрсетіледі деп мәлімдеді. Америкалық кинокомпания фильмнің неліктен кейінге қалдырылғанын айтқан жоқ. Барлығы білетіндей, «Форсаж 8» фильмінің премьерасы осы жылдың сәуірінде болған еді. Фильм прокаты $1,2 миллиардқа жуық қаржы түсірді. Айта кетейік, алғашқы «Форсаж» 2001 жылы шықты. Кино түсіруші өкілдер алғашында фильмнің жалғасын түсіруді жоспарламаған. Фильм премьерасы рекордтық көрсеткішке жеткеннен кейін 2003 жылы келесі бөлімі түсірілді.

Толығырақ

Бейбіт Құсанбектің «Өмір -Өзен» кітабының тұсаукесері өтті

Астанада танымал тележүргізуші, тіл жанашыры, қазақ журналистикасында орны бөлек дара дарын иелерінің бірі болған Бейбіт Құсанбектің «Өмір өзен» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Өзінің қысқа ғұмырында артында өшпес із қалдырып, сөз өнерінің, тіл өнерінің жетесіне жете білген журналист осыдан 10 жыл бұрын 45 жасында дүниеден озған болатын. Артында қалған мол мұрасын жинақтап, көрерушілеріне, оқушыларына, тыңдаушыларына жеткізу жары – Ғазиза Исахан мен ұлы Бейбарыстың мойнына артылған жүк болды. Бұған дейін «Өлең – Өзім» (2007), «Ғұмыр – дария» (2008), «Ел ағалары» (2009) және «Бір сәт және бүкіл ғұмыр»…

Толығырақ

Ғалымдар қатерлі ісіктен сақтанудың негізгі әдісін атады

Ғалымдар қатерлі ісіктен сақтанудың негізгі әдісін атады

Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) мамандары АҚШ-та анықталған қатерлі ісіктердің 40 пайызы семіздіктен немесе артық салмақ ықпал ететін басқа да себептерден пайда болғанын анықтады. Осылайша, саламатты өмір салтын ұстану қатерлі ісіктің алдын алудың негізгі әдісі саналып отыр. Бұл туралы MedicalXpress сайты жазды.Зерттеуге ракқа шалдыққан 630 мың америкалық қатысты. Ғалымдар семіздік пен қатерлі ісіктің 13 түрі – ми, өңеш, сүт безі, қалқанша без, өт қабы, асқазан, бауыр, ұйқы безі, бүйрек, аналық без, жатыр, тоқ ішек және көп ошақты миелома қатерлі ісігі арасында байланыс бар екенін анықтады. Бұл ауру түрлері…

Толығырақ

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығын биыл кім алуы мүмкін?

Бүгін Швед академиясы Нобель сыйлығының 2017 жылғы жүлдегерінің есімін жария етті деп хабарлайды Нобель қорының баспасөз қызметі. Жазушылар үшін ең беделді әлемдік сыйлықты биыл кім алуы мүмкін? Нобель кандидаттары кімдер болғаны тек 50 жылдан кейін жария етіледі. Әйтсе де, журналистер, баспагерлер, әдеби сыншылар өз жорамалдарын жасайды. Соған қарай үміткер ретінде көптеген есімдер аталады. Швед басылымдарының болжауы бойынша, биыл Нобель сыйлығы Кения жазушысы Нгуги Ва Тхингоға берілуі мүмкін. Негізгі кандидаттар ретінде сонымен қатар американ әншісі әрі ақыны Патти Смит, оның отандасы, жазушы Джойс Кэол Оутс те аталады. Үміткерлер қатарында австриялық Петер…

Толығырақ