Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты анықталды

Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты анықталды

Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы ICAN ядроллық қаруға тыйым салу бойынша халықаралық қозғалысқа берілді. Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы әлемдегі бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесі үшін беріледі. Былтыр бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос иеленген еді. Ол Колумбияда 50 жылдан аса уақытқа созылған азаматтық соғыстың аяқталуына қосқан зор үлесі үшін марапатталды.Биыл Нобель сыйлығы үшін 9 млн швед кроны (1 млн АҚШ доллары) беріледі. Айта кетсек, Нобель лауреаттары жыл сайын қазан айының басында анықталады. Ал сыйлықты табыстау рәсімі Стокгольм мен Ослода швед өнертапқышы, химик Альфред Нобельдің (1833-1896) қайтыс болған күні, яғни…

Толығырақ

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Қазгидромет 7-9 қазанға арналған ауа райы мәліметтерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. «Антициклонның Солтүсік Шығысқа қарай жылжуы бойынша Қазақстанға жылы ауа массасы Иран аумағынан келеді. Сол себепті демалыс күндері республикада температураның жоғарылауы күтіледі», — делінген Қазгидромет хабарламасында.  

Толығырақ

Қазақ сайттарында трайбализм күшейіп келеді — Сауытбек Абдраxманов

Қазақ сайттарында трайбализм күшейіп келеді — Сауытбек Абдраxманов

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдраxманов қазақ тіліндегі сайттарда рулық алауыздықты туғызатын мәселелерге алаңдайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Өкінішке қарай, қазіргі кезде саяси экстремизм, ұлттық пен рулық алауыздықты туғызатын жағдайлар аз емес. Мәселен, қазақ тіліндегі сайттардың бірқатарында ұлттың бірлігіне қауіп төндіретін, жекелеген өңірлерге, жекелеген тайпаларға, жекелеген руларға тіл тигізетін, күлкіге айналдыратын мәселелер дендеп бара жатыр. Осы мәселеге баса назар аударғым келеді. Бұл жақсылықтың басы емес», — деді танымал журналист Абдраxманов бүгін Өңірлік БАҚ форумында. Оның айтуынша, бүгінде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары ұлт пен xалық бірлігі мәселесіне ерекше көңіл бөлуі керек….

Толығырақ

Тоғызқұмалақтан ел біріншілігі басталды

Тоғызқұмалақтан ел біріншілігі басталды

Таразда төл ойынымыз тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының ерлер және әйелдер арасындағы классикадан жекелей чемпионаты басталды. 12 қазанға дейін жалғасатын додаға Астана, Алматы қалалары, БҚО, ОҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстарынан 78 спортшы (42 ер, 36 әйел) бақтарын сынауда. Олардың 1-еуі Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, 10-ы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 22-і спорт шеберлері, 34-і спорт шеберлігіне үміткерлерлер болса, 11-і І-спорттық разряды бар спортшылар.

Толығырақ

Сайттар рейтинг қуып кетті — Өңірлік БАҚ форумы

Сайттар рейтинг қуып кетті — Өңірлік БАҚ форумы

«Болашақ жасар» газетінің бас редакторы Дәурен Бабамұратовтың айтуынша, бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарының барлығы рейтингке, оқырмандардың санына көп көңіл бөледі.  Сол себепті материалдардың сапасы да төмен. Ал журналистер xалықты «таң қалдыратын» жаңалықтарды теріп кетті. «Бүгінде барлық бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі мақсаты өзгеріп кеткен тәрізді. Бұған дейін бәрі ақпарат таратуды көздесе, қазір елді таңқалдыруға тырысады. Осы жолда кез келген нәрсеге барады, адамның жеке өміріне араласады, атақ-абыройына нұқсан келтіреді. Ал оның арғы жағында ұлттың тұтастығы, рулық алауыздық және тағы мәселелер жатыр. Әсіресе, сайттар елді «таң қалдыру» үшін барын салып жатады. Себебі талап сондай….

Толығырақ

ММА бәсекесінде ел намысын кімдер қорғайды

ММА, панкратион және грепплинг ұлттық федерациясы Астанада 6-7 қазан күндері өтетін WMMAA нұсқасы бойынша V әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайтынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ММА-дан әлем чемпионатында  Қазақстан атынан 10 спортшысы, оның ішінде екі әйел 8 ер адам сынға түседі. Олар: Әйелдер арасында: 52.2 келі: Зарина Кадырбаева 61.2 келі: Мария Агапова Ерлер арасында: 56.7 келі: Санжар Әділов 61.2 келі: Абылай Төлеш 65.8 келі: Денис Муцник 70.3 келі: Алтынбек Бақтыгелдинов 77 келі: Темірлан Ықсанғалиев 84 келі: Еркiнбек Інжел 93 келі: Мәди Райхан +93 келі: Әлімжан Сүлейманов Жалпы Астанада өтетін…

Толығырақ

Астана процесінің келесі отырысында қандай мәселе көтеріледі

Астана процесінің келесі отырысында қандай мәселе көтеріледі

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сирия дағдарысы бойынша Астанадағы процестің келесі отырысында қандай мәселелер талқыланатыны туралы БАҚ өкілдеріне айтып берді. «Астанада өтетін келесі кездесуде гарант-мемлекеттер құрылған төрт деэслакациялық аумақтың қаншалықты тиімді жұмыс атқарып жатқанын талқылайтын болады», — дейді министр. Қайрат Әбдірахманов өз сөзінде, Сириялық қаруланған оппозицияның өкілдері Астананы барлық мүдделері ескерілетін алаң ретінде көріп отырғанын жеткізді. Сол себепті, олар Сирияның ресми билігімен, гарант-елдердің делегацияларымен және бақылаушы елдермен Астана процесінде бір үстелде отыруға келісімін берген.  «Сириялық қаруланған оппозицияның әсіресе тұтқындар мен кепілге алынған адамдардың ісіне баса маңыз беріп отыр. Олар…

Толығырақ

Цифрлық телевидениеге қай облыста қолжетімді

Цифрлық телевидениеге қай облыста қолжетімді

ҚР Ақпарат  және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаевтың айтуынша, Қазақстанда цифрлық теледидардың сигналы бар.  Алайда теxникалық себептерге байланысты онымен барлық аймақтарды қамту қиындау болып жатыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі. «Қазақстанның территориясы кең. Облыс орталығынан 300-400 шақырым шалғай жерде орналасқан аудандар көп. Сол себепті барлық аймақтарға цифрлық сигналды жеткізу оңай емес. Дегенмен, қазіргі кезде құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары атқарылып жатыр. Жоспарға сәйкес, 2020 жылға дейін барлық облыстарда цифрлық теледидар болады», — деді Әжібаев бүгін Өңірлік БАҚ форумында. Вице-министрдің айтуынша, қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және тағы бірқатар облыстарда цифрлық теледидарды ұстауға…

Толығырақ

жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге 1,8 млрд теңге бөлінді

жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге 1,8 млрд теңге бөлінді

Алматыда қалалық мәслихаттың кезекті мәжілісі өтті. Жиын барысында жергілікті бюджет қаржысын қайта бөлу есебінен қалалық бюджет 9,3 млрд теңгеге түзетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл қаржы 5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Аталған қаржы негізінен жастарды жан-жақты қолдауға бағытталмақ.  2017 жылы   Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен  «Жастар жылы» деп жарияланған болатын. Осыған байланысты жастарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге  1,8 млрд теңге бөлінді. «Бұл мәселені шешу үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы тұрғын үй сатып алуға жастарға жеңілдікпен несие беру механизмін қолдану ұсынылады.  Тұрғын үй несиесі жылына…

Толығырақ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Сочиде кездеседі

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Сочиде кездеседі

Қазақстан мен Ресей президенттері келесі аптада Сочиде кездеседі. Бұл туралы РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлім етті. Астанаға ресми сапармен келген РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қазақстандық әріптесі Қайрат Әбдірахмановпен кездесті. Кездесу барысында Қайрат Әбдірахманов екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жылдығы қарсаңында РФ Сыртқы істер министрінің Астанаға жасаған іс сапарының маңызы зор екенін атап өтті. Министр өз сөзінде қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастың жыл санап бекіп келе жатқанын жеткізді. Бұдан кейін сөз алған РФ Сыртқы істер министрі СергейЛавров стратегиялық қарым-қатынастың нығаюы жолында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің еңбегін ерекше атап өтті….

Толығырақ