АҚШ пен Түркия өзара виза беруді тоқтатты

АҚШ пен Түркия өзара виза беруді тоқтатты

Түркияның АҚШ-тағы елшілігі америкалықтарға миграциялық емес виза беруді тоқтатты. Бұның алдында ресми Вашингтон тура осындай қадамға барған болатын. Сондықтан бұл шара жауап ретінде қабылданып отыр. Айта кеткен жөн, бұған дейін АҚШ-тың Ыстамбұлдағы бас консулдығының қызметкері Метин Топуз қамауға алынған болатын. Ол Түркияның конституциялық құрылымын бұзды, тыңшылық әрекет жүргізіп, жергілікті үкіметті құлатпақ болды деген айыпқа ұшыраған болатын. Алайда америкалықтар Топузға тағылған айыптардың негізсіз екенін айтып, бұл жағдай екі елдің қарым-қатынасына сызат түсіретінін жеткізді.

Толығырақ

Еңбек кодексінің жаңа моделі туралы Мәжілісте үкіметтік сағат өтті

Еңбек кодексінің жаңа моделі туралы Мәжілісте үкіметтік сағат өтті

Соңғы 2 жылда елімізде жұмысшыларымен еңбек келісімшартын жасамаған 1000-нан астам мекеме анықталды. Құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда және шағын бизнес салаларында заңбұзушылықтар жиі кездеседі. Осы олқылықтар бүгін Мәжілісте өткен үкімет сағатында қаралды. Жауапты сала басшысының сөзіне сүйенсек, қазір елдегі жұмыс берушілердің еңбеккерлер алдындағы берешегі 1 миллиард теңгеден асады. Оның үстіне, жыл сайын 250 адам өндірісте қаза табады. Сондықтан үкімет 11 қауіпсіздік стандартын қайта қарап, жаңа талаптар енгізіп отыр. Сондай-ақ саладағы дау-дамайларды азайту үшін бақылау шараларын күшейтті. «Нәтижесінде бір жылдың ішінде жеке еңбек келісімшарттары 60 мыңға артқан», – дейді сала басшысы. Тамара…

Толығырақ

«Шудың бойында» хитінің авторы мен Жан Ахмадиев бірігіп, «Зың-зың» вирусына бейнебаян түсірді

«Шудың бойында» атты хит әнімен танылған Ахан Отыншиев пен өзін «Заманауи жырау» деп атайтын Жан Ахмадиев вирусқа айналған «Зың-зың» әніне бейнебаян түсірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Youtube хостингінде 7 қазанда жарияланған видео екі күннің ішінде 50 мың рет қаралған. Бейнебаян «Зың қыздар» деп аталады. Еске салайық, биылғы қыркүйектен бері «Зың-зың» әні нағыз вирусқа айналған. Әлеуметтік желілерде осы әнге көптеген пародия түсіріліп, кең таралып жатыр. «Зың-зың» немесе «Шымкенттің қыздары» әнінде Шымкенттегі қыздардың сұлулығы жайлы айтылады. Бірақ әннің нақты қашан жазылғаны белгісіз, алайда бұл ән бірнеше аптаның ішінде хитке айналды.

Толығырақ

Досаев жаңа қызметке келді

Досаев жаңа қызметке келді

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев Үкіметтің Ұлттық банктегі өкілі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы үкіметтің 2017 жылдың 28 қыркүйегіндегі № 600 қаулысында көрсетілген. Cондай-ақ, Тимур Сүлейменовтің ҚР үкіметінінің Ұлттық банктегі өкілі міндетінен босатылғаны айтылады. Қаулының қол қойылған күннен бастап жүзеге асатыны айтылады. Ерболат Досаев 2013-2014 жылдары Ұлттық экономика министрлігін басқарды, 2012-2013 жылдары экономикалық даму және сауда министрі болды. 2004-2006 жылдары Денсаулық сақтау министрлігін, Қаржы министрлігін басқарды. Сондай-ақ, 1998 жылы Қазақстан премьер-министрінің кеңесші қызметін атқарған. Ал тамызда Досаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Толығырақ

NASA Жерді астероидтардан қорғау жүйесін сынақтан өткізеді

NASA Жерді астероидтардан қорғау жүйесін сынақтан өткізеді

Ғалымдар осы аптада Жерге жақындайтын астериодтың қозғалыс жолын нақты есептеп, мұның қанша уақыт алатынын анықтауға тырысады,  life.ru басылымы. 12 қазанда 2012 TC4 астериоды Жерге едәуір жақын аралықта ұшып өтеді. Ғалымдардың айтуынша, көлемі 20 метрлік аспан денесі планетамыздан небәрі 6500 шақырым қашықтықта болады. Бұл Халықаралық ғарыш станциясына қарағанда Жерден 20 есе ғана алыс. Десек те, NASA-ның хабарлауы бойынша, Жер шарының тұрғындарына бұдан ешқандай қауіп төнбейді. Ал ғалымдар бұл күні астериодтардан қорғау жүйесін сынақтан өткізуді жоспарлап отыр. Жалпы «астериодтардан қорғау» термині нені білдіреді? Ол дегеніміз – әлемдегі астрономиялық қоғамдастықтардың астероидтің орбитасын нақты…

Толығырақ

«Астаналық» саябақ ТМД бойынша үздік атанды

«Астаналық» саябақ ТМД бойынша үздік атанды

«Астаналық» саябақ ТМД бойынша 2017 жылдың ең үздік ашық ойын-сауық саябағы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің медиаорталығына сілтеме жасап. Сочи қаласында өткен XV «Хрустальное колесо» байқауында қалалық саябақ осындай құрметті атаққа ие болды. Аталмыш байқау барысында жыл сайын ойын-сауық пен демалыс индустриясындағы көшбасшылар анықталады. Жалпы байқауға 162 саябақ қатысты. «Астаналық» саябақ жеңіп шыққан «Келушілер саны жылына 500 мыңнан — 1 млн адамға дейін жететін үздікашық ойын-сауық саябағы» номинациясы ең ірі аталым. ТМД аумағында 2014 жылы қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында ашылған Сочи-саябағынан басқа барлық саябақтар осы санатқа жатады. Үздік саябақ атағы…

Толығырақ

Жастар тәжірибеден өтпек

Жастар тәжірибеден өтпек

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының ғимаратында «Жастар кадрлық резерві» жобасының сұхбаттасу кезеңі өткізілді. Жобаның сайты арқылы Қызылорда облысынан 8 қатысушы ниет білдірген. 8 кандидаттың барлығы жеке-жеке сұхбаттасу кезеңінен өткізілді. Жоба қорытындысына сәйкес алдағы уақытта, қатысушылардың екеуі ҚР Парламенті мәжілісінен және бір қатысушы ұлттық компаниялардан іс-тәжірибеден өтуге жіберілетін болады.

Толығырақ

Ардагерлер үстел теннисінен сынға түсті

Ардагерлер үстел теннисінен сынға түсті

Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімі «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігің ұйымдастыруымен Әйтеке би кенті әкімі аппаратының «Кенттік Клубы» ғимаратында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың арасында «Үстел теннисі» сайысы болып өтті. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 10-нан аса қатысушы қатысты. 1 орынды Алғашбаев Әбілқасым, 2 орын Есенжол Қанатбек, 3 орын Кадиров Сабит өз қанжығасына байлады. Қатысушылар ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Шара соңы естелік суретке түсуге ұласты.

Толығырақ

Ұстаз болу жүректің батырлығы

Ұстаз болу жүректің батырлығы

Қызылорда қалалық «Нұр Отан» партиясы мен қалалық «Жас Отан» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен «Ұстаз болу жүректің батырлығы» атты ұлағатты ұстаздарымыздың мерекесіне орай құттықтау шарасы өтті. Шараға қалалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Шəріп Абдрахманов пен «Жас Отан» ЖҚ-ның қалалық бөлімшесінің басшысы Талғат Тілес қатысып, мерекеге орай ұстаздарымызды марапаттады. «Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым…

Толығырақ

ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі күрделі жөндеуден өтіп, жаңа мазмұнда жұмысын бастады. Өткен аптада орталықтың ресми ашылу салтанаты өтті. Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев орталықты ресми түрде ашып берді. Ресми ашылу салтанатына өзге де жастар орталығының директорлары, ҮЕҰ жетекшілері, белсенді жастар қатысты. Аталмыш орталықтың басты мақсаты – жастардың шығармашылығын артыру, жастар ұйымдарының белсендісі болуға үйрету, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға септігін тигізу, жұмыссыз жасты жұмысқа орналастыру.  – Орталық күрделі жөндеуден өткізілді. Қазіргі таңда бізде үлкен спорттық алаң, интернет, пластейшн бар. Арнайы психолог маман кеңесіне жүгінуге болады….

Толығырақ