Жастар латын қарпіне көшуді сөзсіз қолдайды – Баймаханова

Жастар латын қарпіне көшуді сөзсіз қолдайды – Баймаханова

Жастар қазақ тілін латын қарпіне көшіруді сөзсіз қолдайды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Галина Баймаханова айтты Ruh.kz. «Тіл – ұлттың жаны ғана емес, ойлау және байланыс орнатудағы басты қаруы. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар дәуірінде, IT технологиялар белсенді дамып, цифрландыру жаппай енгізіліп жатқан кезде әлем халықтарының тілдері соған қарай бейімделуде. Оған ұстамдылықпен қарау керек», — деді сөз басында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Галина Баймаханова. Спикердің айтуынша, жастар әлемді өзінің бір ізділігімен және бәсекеге қабілеттілігімен жаулап алған латын қарпіне қазақ тілін көшіруді сөзсіз қолдайды. «Біздің лингвистер қазақ тілінің бар байлығын, әсемдігін беру…

Толығырақ

Головкин WBC чемпиондары арасында көш бастады

Головкин WBC чемпиондары арасында көш бастады

WorldBoxingNews.net сайты Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) нұсқасы бойынша чемпиондық титул иегерлерінің рейтингісін жариялады Sports.kz. Бірінші орынды қазақстандық боксшы, орта салмақта WBC чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) иеленіп отыр. «Андре Уорд кеткеннен кейін Геннадий Головкин сөзсіз бірінші орынға шықты. Ол қазір 2018 жылы «Канело» Альвареспен өтетін жекпе-жекке дайындалып жатыр», — деп жазды басылым. Екінші орында америкалық боксшы, бірінші орта салмақтағы дивизионда WBC чемпионы Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО) тұр. Үшінші орынды Теренс Кроуфордтың отандасы жеңіл салмақтағы Майки Гарсия (37-0, 30 КО) түйіндеген. World Boxing News нұсқасы бойынша WBC чемпиондарының ТОП-10…

Толығырақ

Латын әліпбиінің жастар үшін енгізіліп жатқанын ұмытпау қажет — Қуат Домбай

Латын әліпбиінің жастар үшін енгізіліп жатқанын ұмытпау қажет — Қуат Домбай

Коммуникация саласының маманы Қуат Домбайдың ойынша, жастар үшін латын әріптері таңсық емес. Маманның сөзіне қарағанда, латын әліпбиіне қатысты ұсыныстар қашан да көп болады. Сондықтан оны тездетіп енгізген жөн. Күні кеше бір нұсқаны Президентке көрсеткеннің өзі осы саладағы жұмысты тездетіп атқарудың көрінісі болса керек. «20-жылдары латын әліпбиіне бір жылдың ішінде көшті. 40-жылдары да солай болды. Қазір одан да оңай. Себебі баспа машинкаларын өзгертудің қажеті жоқ. Компьютер бар, пернетақта бар. Қазір нақты бір нұсқаны қабылдап, нақты бір бағытқа түссек, кемшін тұстарын жол-жөнекей де түзетуге болады Ал латын әліпбиін қолдану жағынан қиындық болмауы…

Толығырақ

Бокс ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізілді

Бокс ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізілді

Қазақстан бокс федерациясының шешімімен ұйым жарыстарына қатыспайтын спортшылар Әлем чемпионаттарына бара алмайды. «Біз атқарушы комитеттің бюросында осындай шешім қабылдадық. Бүгінде кейбір облыстық әкімдіктер Қазақстанның бокс федерациясы Кубогына қатысуға өз командаларына ақша бермей отырады. Енді, федерация Кубогына қатыспайтын спортшылар әлем чемпионаттарына жолдама ала алмайды. Сондықтан федерация жетекшілеріне айтарым, осыны облыстық спорт басқармасы басшыларына жеткізіп барыңдар. Командалар Кубокқа қатысуы тиіс», — деді ҚБФ президенті Тимур Құлыбаев бүгін ұйымның жыл сайынғы конференциясында. Бүгінгі шара аясында бапкерлер мен бокс саласының бірқатар мамандары марапатталды. Атап айтқанда, «Қазақстан боксын дамытудағы еңбегі үшін» атағына ҚБФ вице-президенті Данияр…

Толығырақ

«Дарын» жастар сыйлығына үміткерлер саны артқан

«Дарын» жастар сыйлығына үміткерлер саны артқан

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде министр Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен «Дарын» жастар сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті.  Жалпы алғанда, беделді марапатқа үміткерлерден 213 өтініш келіп түскен. Бұл өткен жылғы келіп түскен өтінімдер санынан (өткен жылы -126 өтініш) екі есе артық. Өтінімдердің ең көп саны «Ғылым» номинациясы бойынша — 53, екінші және үшінші орындарда — «Спорт» және «Қоғамдық қызмет» номинациялары бойынша 35 және 31 өтініш келген. Сондай-ақ, «Театр және кино», «Халық шығармашылығы», «Эстрада», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика» және «Классикалық музыка» номинациялары бойынша бірнеше өтінімдер қабылданған. Ал, «Әдебиет» номинациясы…

Толығырақ

Каталония басшысы тәуелсіздік декларациясына қол қойды

Каталония басшысы тәуелсіздік декларациясына қол қойды

Каталония басшысы Карлес Пучдемон тәуелсіздік декларациясына қол қойды, дегенмен парламентті аймақтың болашағы туралы Мадридпен келіссөздер жүргізуге шақыра отырып, Испаниядан тәуелсіздік алуды ресми жариялаудан бас тартты, деп хабарлайды Reuters. «Каталония халқы өкілдерінің декларациясы» деп аталатын құжатта: «Каталон Республикасын тәуелсіз, зайырлы, құқықтық, демократиялық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітеміз» деп жазылған.

Толығырақ

WhatsApp-тың қауіпті жағы табылды

WhatsApp-тың қауіпті жағы табылды

WhatsApp-тың тағы бір қауіпті жағы табылды, деп хабарлайды The Next Web-ке сілтеме жасап Lenta.ru жазады. WhatsApp мессенджері қастандық ойлаушыларға қолданушының қай уақытта ұйқыға жатып, қай уақытта оянатынын нақты айтып бере алады. Бұл мәліметтер аккаунт иелерінің көрініп тұратын онлайн-статусына байланысты. Өйткені сіз қызығушылық танытатын адамның компьютері немесе смартфоны бар болса, онда ондай ақпаратқа кез келген адам ешқандай кедергісіз қол жеткізе алады. Мұны бұған дейін Facebook пен Tinder дейтинг-жүйесінің қауіпсіздігі туралы айтқан бағдарламашы Роб Хитон мәлімдеген. Facebook мессенджері мен WhatsApp-та контактілер тізіміндегі адамдардың желіде соңғы рет қай уақытта болғанын көруге болатын мүмкіндік…

Толығырақ

ЖАҢА ӘЛІПБИ ЖАҢА КӨШКЕ БАСТАЙДЫ

ЖАҢА ӘЛІПБИ ЖАҢА КӨШКЕ БАСТАЙДЫ

Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың басты қадамы. Облыстық әділет департаментінде өткен дөңгелек үстел қатысушыларының ортақ пайымы осындай болды. Жиын барысында уақытпен үндескен бастама  төңірегінде қызу пікірталас жүргізіліп, облыстық ішкі саясат басқармасы тілдерді оқыту орталығының қызметкері Баян Байділдаева баяндама жасады, өзекті тақырыпқа қатысты орамды ойымен бөлісті. – “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласында Елбасы латын әрпіне көшу жайына тоқталып, кириллицаның көптеген таңбаларының өзі осы әліпбиден алынғанын еске салды. Дүние жүзі халықтарының 80 пайызы қолданатын латын әліпбиі қазақ тілінің де бағын ашары сөзсіз. Тілді шұбарлауға сол арқылы нүкте қойыларына сенімдіміз. Аталған…

Толығырақ

Соңғы 25 жылда Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 163 мың га сексеуіл егілді

Соңғы 25 жылда Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 163 мың га сексеуіл егілді

Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 6,5 млн.га болса, соның 3,03 млн.га орманды алқапты құрайды. Орман шаруашылығы саласының 545 қызметкерлері орманды күзету, қорғау және өсімін молайту жұмыстарымен айналысады. Жыл сайын орман шаруашылығы мекемелерімен 10 мың га астам орман қоры жерлерінде ағаш екпелері егіледі. Ғалымдардың мәліметі бойынша Арал теңізінің құрғаған ұлтаны 5,5-6 млн.га жерді құрайды. Соңғы 25 жылда Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 163 мың га сексеуіл егілді. Биыл Оңтүстік Корея Республикасы теңіздің құрғап қалған ұлтанының жеріне фитоорманмелиорациялық жұмыстарын жүргізуге көлемінде қаржы бөлуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, өңірлік іс-шаралар жоспарына…

Толығырақ

Балық шаруашылығында серпін бар

Балық шаруашылығында серпін бар

2017 жылға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен облысқа 7 696 тонна балық аулау лимиті бөлінді, соның 6934 тоннасы Кіші Арал теңізінің үлесінде (Балық аулау мерзімі — 2017 жылдың 15 ақпанынан 2018 жылдың 15 ақпанына дейін белгіленген). 2017 жылдың 9 айында 3512 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке 80 млн.теңге қаржы түсірілді. Өңірде балық өңдеу саласы қарқынды дамуда. Бүгінгі күні, облыс бойынша жылдық қуаттылығы 11 мың.тонна болатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс жасайды. Оларда 450-500ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 2017 жылдың 9 айында облыс аумағынан 2335 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды, оның…

Толығырақ