ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТАУЫ

ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТАУЫ

Латын қарпіне негізделген әліпбиге көшу мәселесі көптен айтылып жүр. Жаңа әліпбидің жобасын жасау туралы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында нақты тапсырмалар жүктелді. Жақында ұсынылған жоба көпшіліктің ойынан шықты. Алдыңғы ұсынылған әліпби жобасында диграфпен берілген дыбыстар бар болатын. Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов ұсынған қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасында төл белгілерді сақтауға барынша көңіл бөлінген. Қазіргі таңда қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан бұл жобаны қолдаймын. Өйткені латын әліпбиіне көшу, ең алдымен, жаңғырудың бастауы деп білемін. Студент кезімде 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиімен шыққан…

Толығырақ

САРАМАН – ҚОСА МҰНАРАСЫ

САРАМАН – ҚОСА МҰНАРАСЫ

Бұл ескерткіш – ХVIIІ ғасырдың қайталанбас туындысы. Тарихи жәдігер. Үш жүз жыл бойы махаббаттың ғана емес, батырлық пен адалдықтың қасиетін ұқтыру үшін қасқайып тұр.  Дала аңызы былай дейді:  Жент қаласын билеген ханның баласы Сараман мен жарлы жігіт Қосай дос болыпты. Екі дос жер көріп, ел тану үшін ханнан рұқсат алып, Қуаң мен Сырдариядан өтіп, Арқаға қарай жылжиды. Бір күні Тасбұлақ деген шағын таудан ағатын Талдысай өзенінің жағасындағы ауылда үлкен қыз ұзату тойына тап болады. Бесікте айттырған байдың баласына ұзатылғалы жатқан қыз тойға қатысып отырған Сараманға көз қиығын тас­тап, бір-бірімен үнсіз…

Толығырақ

«Алтын доп» иегері кім болады?

«Алтын доп» иегері кім болады?

Франциялық France Football басылымы 2017 жылы «Алтын допқа» үміткер 30 футболшының тізімін жариялады. Бұл тізімге келесідей фут­болшылар енген. Неймар («ПСЖ»), Лука Мод­рич («Реал»), Марселу («Реал»), Пауло Дибала («Ювентус»), Н`Голо Канте («Челси»), Ян Облак («Ат­летико»), Серхио Рамос­ («Реал»), Филиппе Коутинью («Ливерпуль»), Дрис Мертенс («Наполи»), Луис Суарес («Барселона»), Роберт Левандовски («Бавария»), Давид Де Хеа («Манчестер Юнайтед»), Ке­вин­ Де Брейне («Манчестер Сити»), Харри Кейн («Тоттенхэм»), Эдин Джеко («Рома»), Антуан Гризманн («Атлетико»), Джанлуиджи Буффон («Ювентус»), Тони Кроос («Реал»), Садио Мане («Ливерпуль»), Радамель Фалькао («Монако»), Лионель Месси («Барселона»), Пьер-Эмерик Обамеянг («Боруссия» Д), Матс Хуммельс («Бавария»),…

Толығырақ

АСЫҒЫМЫЗ АЛШАСЫНАН ТҮСТІ

Шағын футболдан Тунис елінде өтіп жатқан әуесқойлар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы Кот-д’Ивуардан басым түсті. Топтық кезеңнің екінші туры аясында Қазақстан құрамасы Кот-д’Ивуар құрамасымен кездесіп, 4:2 есебімен жеңді. Осылайша, біздің құрама үш ұпай еншілеп, «Е» тобында екінші орын­ға жайғасты. Әлем біріншілігінің топ­тық кезеңі аясында бірінші турда Қа­зақстан құрамасы Румыниямен кезде­сіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді. Енді топтық кезеңнің соңғы турында біздің құрама 11 қазан күні Гватемала құра­масымен кездеседі. Әуесқойлар арасындағы әлем бірінші­лігінің плей-офф кезеңіне бірінші немесе екінші орын алған құрамалар шығады. Сонымен қатар әр топтан үшінші орын алып, үздік көрсеткішке…

Толығырақ

Құрамаға құлық жетпеді ме?

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңін аяқтады. Топтағы соңғы ойында қазақстандық футболшылар Армения құрамасымен тең ойнады. Астанада өткен ойында қос құрама 1:1 есебімен тең тарқасты. Бірінші таймда қонақтар сапынан команда капитаны Генрих Мхитарян гол соқты. Ал оған осыған дейін «Ақтөбе» сапында ойнап кеткен Маркос Пизелли нәтижелі пас берді. Ал оған дейін Қазақстан құрамасы сапынан Азат Нұрғалиев пен Роман Мұртазаев өз мүмкіндіктерін пайдалана алмаған еді. Екінші та­йм­ды ширақ бастаған Қазақстан құра­ма­сы таразы басын теңестіруге ұм­тыл­ды. 62-минутта­ қап­талдан Роман Мұр­та­заевтың әуелете асыр­ған до­бы­на  Бауыр­жан Тұ­рысбек бірінші…

Толығырақ

МЫҚТЫЛАР ІРІКТЕЛДІ

МЫҚТЫЛАР ІРІКТЕЛДІ

Футболдан Исландия құрамасы  өз алаңында Косово құрамасын жеңіп, 2018 жылы Ресей жерінде өтетін әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне шықты. Рейкьявик қаласында өткен ойын 2:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. Исландия құрамасы сапында Гилфи Сигурдссон (40-минут) мен Йоханн Гудмундссон (68-минут) гол соқты.Осы топта өткен тағы бір ойында Хорватия құрамасы Киевте Украина құрамасын 2:0 есебімен жеңсе, Түркия құрамасы сырт алаңда Финляндия құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнады. Осылайша, Исландия құрамасы 22 ұпай жинап, өз тобында бірінші орын алып, әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне тікелей жолдама алып отыр. Ал Хорватия құрамасы 20 ұпаймен екінші орынға жайғасты….

Толығырақ

ЕРЛІКТІҢ ШАРТЫ – ӨЗІҢЕ СЕНГЕНДІК

ЕРЛІКТІҢ ШАРТЫ – ӨЗІҢЕ СЕНГЕНДІК

Жақсылық Әмірәліұлы Үш­кемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалық маман­дықты таңдап, Семейдің мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. 1974 жылы ин­ститутты тәмамдап, Алматы қаласына келеді. Мұн­дағы мақсаты елімізге ең­бе­гі сіңген жаттықтырушы В.А.Писаревтің басшы­лығы­мен спорттың күрес түрімен те­реңірек айналысу. Ол – қазақша күреспен бала ке­зін­де, ал классикалық жә­не еркін күреспен инс­титут қабырғасында оқып жүргенде айналыса­ бастаған. 1970 жы­лы жаттықтырушы Рома Ха­санович Ильматовтың ке­ңесі бойынша өзіне таныс емес күрестің жаңа клас­си­калық түрімен айналыса бастады. Арқадан асырып­ лақтыру әдісін жақсы мең­ге­реді. Күрес кезінде қарсы­ласын дәл бағалай…

Толығырақ

КІЛ МЫҚТЫДА КІМ МЫҚТЫ?

КІЛ МЫҚТЫДА КІМ МЫҚТЫ?

Екі еркек кездессе біраз әңгіме айтылады. Өсек емес, бірақ көп жайдың басын шалады. Үйдегі шаруа¬ны ысырып, кейде әлемдік, ғаламдық тұрғыда дауласатынын қайтерсің. Әдетте ер кісілер әлемдік қару-жарақ, әлемдік үстемдік тұрғыда біраз жайды айтып салады. Әрине әлемнің қақ төрінен орын алып, ешқандай әскер ұстамай-ақ бейбіт өмір сүріп жатқан елдер бар. Люксембург, Монако мен Ватикан олардың көңілін ауламайды. Өйткені ерлердің серігі – қару. Әскерге барғаны бар, бармағаны бар, бәрі бала күнінде соғыс ойнады. Ағаш мылтықпен қиқулап «жауға шапты». Ерлердің қанында соғыс сөзі бар сынды. Шынында солай. Оларға қызық, әлемде кім мықты? Қай…

Толығырақ

Сұлулық туралы

Сұлулық туралы

«Сұлулық деген тілер­секке түсетін қолаң шаш, түзу аяқ, маржандай әппәқ тіс емес. Сұлулық — кеше жылап, бүгін күлуді ұмытпаған жанның жігері. Сұлулық – бала күніңде оңбай құлап, тізеңді сырып алған жараның тыр­тығы. Махаббатыңды ойлап, түн баласы кірпік қақпай, таңертең көзің ісіп жұмысқа бару. Сұлулық – оятқышың шырылдағанда атып тұру. Сұлулық – нөсердің астында қалып, бетіңді бояу айғыздауы. Сұлулық – үрейлі сәтте көптің ішінен оның көзін көріп күлімдеуің. Сұлулық – уақыт салған әжімдерің. Сұлулық – жүрекпен сезген нәрсенің әлпетіңе шығуы. Сұлулық – өмірдің жаныңа салар терең ізі, бар уайымың мен қуанышың….

Толығырақ

ЖЕРЛЕСІМІЗГЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРЕЙІК

ЖЕРЛЕСІМІЗГЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРЕЙІК

Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қорының бірегей жобасы ұлттық «Бала дауысы» ән байқауына іріктеу сайысы Қазақстанның бүкіл облысын қамтыды. Бүгінде өз өнерімен байқау төрешілерін таңқалдырған жас та, дарынды әнші − Назерке Шамбилова ұлттық додада облысымыздың намысын қорғауда. Ерекше сүйкімділігімен көрерменді баурап алатын 12 жастағы Назерке Байқоңыр қаласының №275 мектебінде 7-сынып оқиды. «Бала дауысы» ұлттық ән байқауына талаптанып, қатысуға да өзі шешім қабылдаған. Іріктеу сайысында Қы¬зылорда об¬лысының 160 жас дарынының ішінен топ жарып, бай¬қауға жолдама жеңіп алды. − Қызым ән айту десе, ішкен асын жерге қояды. Кішкентайынан халықтың алдына шығып, өнер көрсеткенді…

Толығырақ