КҮМІС КӨМЕЙ

КҮМІС КӨМЕЙ

Облысымызда дәстүрлі де, эстрадалық та, тіпті опера бағытында ән салатын жастар көп. Соның бірі халықаралық опера байқауларында жүлделі орындарды иеленіп, өзінің ерекше дауысымен елді таңқалдырған дарынды әнші – Диас Омар. Ол 2001 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Мектепті үздік бітіріп, бүгінде Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінде білім алуда. Диастың ән айтуға деген қызығушылығы алты жасында оянған. Бірақ өзінің ерекше талантын тек 6 сыныпта мектеп мұғалімі байқағаннан кейін, шыңдай бастаған. − Алтыншы сыныпта өзін-өзі тану пәнінде мерекелік шара өтті. Сонда халық әні «Бипылайды» орындадым. Сыныптастарым тым-тырыс отырып, сүйсіне тыңдады. Осыны байқаған…

Толығырақ

СӨЙЛЕГЕН СУРЕТТЕР һәм ҚҰДІРЕТТІ ҚЫЛҚАЛАМ

СӨЙЛЕГЕН СУРЕТТЕР һәм ҚҰДІРЕТТІ ҚЫЛҚАЛАМ

Ауылдағы күндерді еске түсіріңізші. Үйден аңғал-саңғал кейіпте, апыл-тапыл басып, көйлекшең шыққан бала… Жерошақ маңында ақ орамалды ананың қазан қайнатып, ас дайындағаны, тіпті сол жердегі шелек, ошаққа сүйей салған қазан қақпағы, құманның өзі тып-тыныш, мамыражай тірлікті аңғартып, жаңыңды жаймашуаққа бөлейді. Самаурын мен ошақтан шыққан түтін ақ бұлтқа айналады екен деп алаңсыз ойға берілетін кезің… Салқындау, еңселі ғимараттың ішінде жүріп-ақ, сонау бала күнің еске түсіп, бойыңа бір жылылық тарап, күлімсірейсің. Бұл «ғажайып» суретші атты өнер иесінің қолымен, сезімімен көңіл түкпіріндегі сағынышты оятады. Ал бірде Қызылорданың Орталық алаңында жаң¬быр¬дан кейін тез-тез адым¬даған қолшатырлы…

Толығырақ

УАҚЫТПЕН САНАСПАЙТЫН ГАЗЕТ ТАРАТУШЫЛАР

УАҚЫТПЕН САНАСПАЙТЫН  ГАЗЕТ ТАРАТУШЫЛАР

«Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» пошташының еңбегі қашанда құрметтеуге тұрарлық. Алайда, осы бір қызығынан шыжығы басым мамандық иесінің жұмыс ауыртпалығын көпшілік тү¬сі¬не бермейді. Сірә, олар қаңтардың қыты¬мырында, шілденің шіліңгірінде көше кезіп, абалаған иттерден зәре-құты қашқанның қаншалықты қиын екенін білмесе керек. Әйтпесе, күніне жүздеген үйді аралап, уақытылы ақпарат тасушылар туралы оң көзқарас танытар еді. Міне, халықаралық пошташылар мерекесіне орай, пошташының бір күндік жұмысын нысанаға алдық. Газет таратудан бұрын, серіктестікке тиесілі тарату бөлімінің жұмысымен таныстық. Ол үшін алдымен жауапты мамандармен тілдесіп. «Сыр медиа» ЖШС-і 2016 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап газет…

Толығырақ

ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ  

ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ   

  Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі күрделі жөндеуден өтіп, жаңа мазмұнда жұмысын бастады. Өткен аптада орталықтың ашылу салтанаты өтті. Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев орталықты ресми түрде ашып берді. Шараға жастар орталығының директорлары, ҮЕҰ жетекшілері, белсенді жастар қатысты. Аталмыш орталықтың басты мақсаты – жастардың шығармашылығын арттыру, жастар ұйымдарының бел­сендісі болуға үйрету, жас­тардың бос уақытын тиімді пайдалануға септігін тигізу, жұмыссыз жасты жұ­мыс­қа орналастыру. – Орталық күрделі жөн­деуден өткізілді. Қазіргі таңда бізде үлкен спорттық алаң, интернет, Play Station бар. Арнайы психолог маман кеңесіне жүгінуге болады. Сондай-ақ жастар үшін…

Толығырақ

Жұмысшы мамандықтар игерілуде

Жұмысшы мамандықтар игерілуде

Биылғы жылдың басты ерекшелігінің бірі – ниет білдірген әрбір азамат қажетті мамандығын тегін иегере алуы. Ал бұл мүмкіндік жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің жаңа бағдарламасы бойынша іске асырылуда. Аталмыш бағдарламаны Үкімет былтыр бекітіп, оны қаржыландыруға 118,8 млрд. теңге бөліп, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске қосты. Негізінде бағдарлама әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Оған бірінші кезекте 9-11 сыныпты бітіруші түлектер мен отбасы жағдайына байланысты оқуын жалғастыра алмаған жұмыссыздар, бейімдеу орталығында тұратын жасөспірімдер тартылмақ.  Әрбір елді мекенде ауылдық немесе қалалық әкімшілікте осындай талапкерді іздеу жұмыстары оң нәтижесін…

Толығырақ

Жастарға осалдық тән емес

Жастарға осалдық тән емес

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жастар» ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Осал жастар топтарымен жұмыс жасау» атты республикалық семинар-тренинг бастау алды. Семинар-тренингті «Жастар» ғылыми зерттеу орталығы құрған ұлттық тренерлер пулының мамандандырылған тренерлері жүргізді. Тренерлер жастардың осал топтарын іріктеудің тиімді тетігін құру бойынша пилоттық аймақта жастардың осал топтары өкілімен фокус-топтар және тереңдетілген сұхбат жүргізіп, жастардың осал топтары мен жұмыс істеу стратегиясы бағытында дәріс өткізді.

Толығырақ

Кәсіптік білім көкжиегі

Кәсіптік білім көкжиегі

Елбасы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жастарды кәсіптік мамандықты игеруге шақырды. Осы мақсатта ғылыми-техниканың өрлеп тұрған уақытында өндірістік күштің дамуы, жаңа технологияның өмірге енуі және нарық қатынасына бейімделген қазіргі экономикаға зәру маманды даярлау күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Сол себепті жастардың кәсіби мамандық таңдауға бағыттау күн тәртібінен түспек емес. Осы орайда Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас құрылысшылар» еңбек жасағының облыстық штабының ұйымдастыруымен «Автомобиль жолдары басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты бетон, асфальт зауытының жұмысымен жастарды таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияның негізгі мақсаты…

Толығырақ

Жүрегіммен көремін күллі әлемді

Жүрегіммен көремін күллі әлемді

Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі, республикалық «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі және Әйтеке би кенті әкімі аппаратының «Кенттік клубы» МКҚК ұйымдастыруымен «Көкірегімнің көзімен  көремін күллі әлемді» атты мерекелік шара өтті.          Шарада қоғамдық бірлестіктің Қазалы аудандық бастауыш ұйымының төрағасы Қияс Әлімжан мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсартуға әлеуметтік қолдау көрсетіп қамқорлық жасап отырған «Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің басшысы Талайлы Әмитжанұлына алғыс айтып, алдағы уақытта да бірігіп жұмыс істеп, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетілетінін жеткізді. Шарада көру мүмкіндігі шектеулі жандар өнерін ортаға…

Толығырақ

«Жақаев ізбасарлары»  Ақмаяда

«Жақаев ізбасарлары»  Ақмаяда

Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Шиелі ауданы әкімдігі және Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың «Бизнес START» орталығы  «Жақаев ізбасарлары» атты еңбек тынығу лагерін ұйымдастырды. Шараға қала мен ауданнан келген белсенді жастар қатысып, Ы.Жақаев ауылындағы Ыбырай Жақаев атындағы тарихи-өлкетану музейінде болып, күріш атасының  ұрпағы Сейітбек Жақаевпен сұқбаттасып, батасын алды. Еңбек лагерін ұйымдастырудағы басты мақсат –  белсенді жастарды еңбекке, кәсіпкерлікке, елжандылыққа баулу, жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға, көшбасшылық қасиетті шыңдауға, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға бағыттау. Еңбек лагерінде бойжеткендер шаруашылықта сиыр сауса, жігіттер қора тазалаумен айналысты. Ал түстен…

Толығырақ

МҰҚАҒАЛИДЫ ҒАНА СУРЕТКЕ ТҮСІРЕ АЛМАДЫМ…

МҰҚАҒАЛИДЫ ҒАНА СУРЕТКЕ ТҮСІРЕ АЛМАДЫМ…

Болат Омарәлиев, фототілші:  Белгілі фототілші Болат Омарәлиев 1948 жылы 15 қарашада Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылы, Ызакөл деген жерде дүниеге келген. Еңбек жолын аудандық «Сырдария» газетінде бастаған. 1969 жылдан 2014 жылдың желтоқсанына дейін облыстық «Сыр бойы» газетінде фототілшілік қызмет атқарды. «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Қазақ әдебиеті» ұйымдастырған фотобайқаулардың лауреаты. Ресейде, Польшада, Украинада фото көрмелері өткен. Ресейдің «Известия» газетінде, «Советское фото» журналында суреттері берілген. 1989 жылы фототілшілердің Мәскеуде өткен съезіне Қазақстан атынан қатысқан. Жиырмаға жуық кітаптарда еңбектері жарияланды. Қазақстан фотожурналистикасына сіңірген еңбегі үшін «Фотоөнер қайраткері» атағын иеленген. − Болат аға,…

Толығырақ