Бұқалар неге қызыл түсті жек көреді?

Бұқалар неге қызыл түсті жек көреді?

Негізінде бұқалар киімнің әлде матаның түсіне емес, сіздің тәртібіңізге қарай әрекет жасайды. Біреу қашса, оны қуу керек. Бұл – олардың психологиясына сіңіп қалған қағида. Бұқа түсті ажырата алмайды, ол үшін әлемде тек ақ пен қара түс қана бар. Сондықтан қызыл киіммен жүрсіз бе, сары киім кидіңіз бе – бұқаға бәрібір. Олар жай ғана өзін ызаландырғанды ұнатпайды. Бірақ ақ түс ашық болғандықтан әлдеқайда назарын аудартады. Ал қызыл түс бұқаға емес, адамның өзіне «әсер етеді». Ал Корридода матадор денесі жарақаттанып, қанаса, ол байқалмауы үшін қызыл түс қолданады екен. Бұқа туралы басқа да…

Толығырақ

Димаштың концерті Қытай елінде жалғасын табады

Димаштың концерті Қытай елінде жалғасын табады

Желтоқсан айында Қытайдың Гуанчжоу қаласында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді. Оған әншінің Қазақстандағы, оның ішінде Ақтөбедегі фанаттары да баруы мүмкін. Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлады.  Димаштың анасы Светлана Айтбаеваның айтуынша, желтоқсан айының ортасында Гуаньчжоу қаласында Димаштың «Бастау» атты үлкен жеке концерті өтеді. «Гуаньчжоудағы концерттен кейін Димаш Лос-Анджелесте стажировкадан өтуі керек. Баланың оқуды сәтті аяқтап, диплом алғанын күтіп жүрміз. Сондықтан әзірге өзге концерттермен Димаштың көңілін алаңдатқымыз келмейді», — деді Светлана Айтбаева. Әншінің Мира есімді ақтөбелік жанкүйерінің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстандағы барлық фан-қозғалыстар Қытайға барып-қайтуды ойластырып жатыр.

Толығырақ

Жанат Жақияновтың жекпе-жегін қайдан көруге болады?

21 қазаннан 22 қазанға ауысқан түні жеңіл салмақта WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов осы салмақта IBF белбеуінің иегері британдық боксшы Райан Барнеттпен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.  Жекпе-жек Солтүстік Ирландияның Белфест қаласындағы The SSE Arena спорт кешенінде өтеді. Кездесуді НВО арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал Қазақстанда бұл кездесуді QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.  Бокс кешінің негізгі кездесулері Астана уақытымен 00:30-да басталады. Кештің басты жекпе-жегінде өнер көрсететін Жақиянов пен Барнетт шаршы алаңға 03:45-те шығады.

Толығырақ

Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионатына дайындалуда

Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионатына дайындалуда

Әйелдер арасында бокстан 2017 жылғы Азия чемпионаты Вьетнам елінің Хошимин қаласында өтеді. Жарыс 2-8 қараша аралығына жоспарланған. Бұл күндері қазақстандық боксшы қыздар Астанада Азия чемпионатына дайындықтарын шыңдауда. Айдың соңына қарай Вьетнамға жол тартатын болады. Қазақстан құрамасы толық құрамда қатысатын болады. — Польшадағы турнир функционалды дайындығымызды жетілдіру керек екенін көрсетті. Алматы облысындағы оқу-жаттығу кезінде осы жағынан көп дайындалдық. Бәріміз бірлесе жаңа техника-тактикалық жұдырықтасу мәнерін жетілдірдік. Бұл біздің боксшы қыздарды тағы бір жаңа деңгейге көтерді деп ойлаймын, — деді бас жаттықтырушы Вадим Пресяжнюк. Хошиминдегі Азия чемпионатына 22 елден 118 спортшы қатысады деп күтілуде….

Толығырақ

Облыста жанар-жағармай қоры жеткілікті

Облыста жанар-жағармай қоры жеткілікті

Өңірімізде жанармай бағасының тұрақталмай тұрғанына және жетіспеушілігіне халық алаңдаулы. Осы мақсатта облыстық кәсіпкерлік  және туризм басқармасының басшысының орынбасары Дінмұхамед Сағатбекұлы ішкі нарықта бензин қорының жеткілікті екенін айтты.          Бүгінде қаламызда 61 жанар-жағармай құю бекеті жұмыс істейді. Жүргізілген моноторинг нәтижесінде облыста АИ-92 маркалы бензиннің орташа бағасы – 154 теңге, ал дизель отынының орташа бағасы – 148 теңгені құрайды. Сонымен қатар мұнай өнімінің облыстағы қоры биыл АИ-92 маркалы бензиннің – 1379 тонна болса, ал дизель отынының қоры – 1881 тоннаға жуықтайды. Бағаны тұрықты ұстау мақсатында Елбасы Энергетика министрін қабылдап жанар-жағармай тапшылығын жоюды…

Толығырақ

9 айда Қазақстан экономикасы 4,3%-ға өсті – Тимур Сүлейменов

9 айда Қазақстан экономикасы 4,3%-ға өсті – Тимур Сүлейменов

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларын баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан экономикасы 4,3%-ға өсе отырып, ағымдағы жылғы қаңтар-тамыздағы өсу қарқынын сақтап қалды. Экономикалық өсуге макроэкономикалық тұрақтылық пен инвестициялық белсенділік, сондай-ақ сыртқы нарықтардағы қолайлы жағдайлар ықпалын тигізді. Ең алдымен бұл сұраныстың жалғасуы және біздің экспорттың негізгі түрлеріне баға конъюнктурасының жақсаруы», — деді Тимур Сүлейменов. Осы орайда министр экономика саласындағы секторлар 9 айда жақсы өсім көрсеткенін алға тартты. «Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың шеңберінде қабылданған шаралардың арқасында экономиканың барлық бес саласы…

Толығырақ

Биыл мемлекет шығыстарының көлемі 11 трлн. 191 млрд. теңге болады – Сүлейменов

Биыл мемлекет шығыстарының көлемі 11 трлн. 191 млрд. теңге болады – Сүлейменов

2017 жылы республикалық бюджет шығыстарын 11 трлн 191 млрд теңге көлемінде белгілеу ұсынылып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты. Жиында ведомство басшысы 2017 жылға арналған негізгі бюджет параметрлерінің болжамына тоқталды. «Түзетілген макроэкономикалық болжамның негізінде 2017 жылға арналған республикалық бюджет параметрлерінің болжамы нақтыланды. Республикалық бюджет кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2017 жылы 4 952,8 млрд теңге көлемінде бағалануда, бұл бекітілген жоспарға қарағанда, 60,8 млрд теңгеге жоғары. Негізгі көрсеткіш корпоративтік табыс салығы (61,3 млрд теңгеге), жер қойнауын пайдаланушылардан түсетін түсімдер (70,1 млрд теңгеге), сондай-ақ айыппұлдар, дивидендтер және…

Толығырақ

Ғалымдар алғаш рет нейтрон жұлдыздардың соқтығысынан туған толқынды тапты

Ғалымдар алғаш рет нейтрон жұлдыздардың соқтығысынан туған толқынды тапты

Алғаш рет екі нейтрон жұлдызының бірігуінен пайда болған гравитациялық толқындар тіркелді. Ғалымдардың айтуынша, бұл астрономия тарихында жаңа дәуір басталғанын білдіреді деп хабарлайды  BBC News басылымына сілтеме жасап. Жаңалық сонымен қатар ғаламда алтын мен платинаның осындай соқтығыстар кезінде пайда болатынын растап отыр. Толқын америкалық LIGO және италиялық VIRGO обсерваториялары жұмысы кезінде табылды. Енді әлемдегі барлық телескоптар нейтрон жұлдыздар соқтығысқан кездегі детальдарды біле алатын болды. Калифорнияның Пасадена қаласындағы LIGO зертханасы атқарушы директоры Дэвид Рейтце «Бәріміз күткен жаңалық осы болатын» деді. Толқынды туғызған жарылыс, яғни екі нейтрон жұлдыздың соқтығысы миллиардтаған километр қашықтықта орналасқан NGC 4993…

Толығырақ

Үкімет басшысы министрлерге: «Босаңсуға болмайды»

Үкімет басшысы министрлерге: «Босаңсуға болмайды»

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев министрлерге экономикалық өсім қарқынын төмендетпеуді тапсырды. «Үкімет отырысында жасалған баяндамалар мен статистикалық мәліметтерден көріп отырғанымыздай, биылғы тоғыз айдың қорытындысы жаман емес. Дегенмен де босаңсуға болмайды. Орталық және жергілікті атқарушы органдар экономикалқ өсімді ары қарай қамтамасыз ету бойынша Елбасының қойған тапсырмаларын іске асыруды жүйелі түрде жалғастыруымыз қажет. Сондықтан қалған екі жарым айдың ішінде ағымдағы қарқынмен жұмыс істеуіміз керек», — деді Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында. Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан экономикасының биылғы өсу қарқыны сақталып келе жетқанын атап өтті.  «Есепті кезеңде Қазақстан экономикасы 4,3 пайызға…

Толығырақ

Жас мұғалімдердің саны 2,5 есеге артты — Ерлан Сағадиев

Жас мұғалімдердің саны 2,5 есеге артты — Ерлан Сағадиев

Қала және ауыл мектептері арасында білім сапасы бойынша айырмашылық әлі де бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Орта білімге тоқталсақ, жаңартылған білім мамұнына кезең-кезеңмен көшуді жалғастырып жатырмыз. Осы жылы 1, 2, 5 және 7-ші сыныптар өтті. Бұл ретте сабақтар жаңа оқу бағдарламасымен, жаңа оқулықтармен жүргізіледі. Сонымен қатар сыныптардың 85 пайызы 5 күндік оқуға толығымен көшті. Қазіргі уақытта гимназия мен лицейлер типтік оқу жоспарын қарастыру бойынша мұғалім қауымдастығы жан-жақты талқылауға түсті. 70 мыңнан астам мұғалім оқудың жаңа мазмұны тұрғысында біліктілігін көтерді….

Толығырақ