Сочиде ТМД Мемлекет басшылары кеңесі мен ЖЕЭК жиындары қорытындыланды

2

Ресей президенті Владимир Путин Сочиде өткен ТМД Мемлекет басшылары кеңесі мен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңесінің мәжілістерін қорытындылады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің меншікті тілшісі хабарлады.

«ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің мәжілісінде ресейліктер әріптестерін Ресейдің достастық ұйымына төрағалық ету барысындағы жұмыстарының нәтижесімен таныстырды. Шағын және кеңейтілген құрамдағы талқылаулар барысында ТМД аясындағы көпбағытты ынтымақтастық механизмдерін қазіргі заманға сәйкестендіру туралы шешім қабылданды. Нақтырақ айтқанда, Мемлекет басшылары кеңесі мен Үкімет басшылары кеңесі арасындағы өкілеттіктер бөлінеді. Енді үкіметтер кең ауқымды мәселелермен айналысады, ал лидерлер ағымдағы жұмыстарға алаңдай бермей, бірлестікті дамытудың шешуші бағыттары мен стратегиясын қалыптастыру жұмыстарына күш жұмылдыратын болады. Бұған қоса, ТМД Экономикалық кеңесі мен Сыртқы істер министрлері кеңесінің қызметтерін одан әрі оңтайландыру бағытындағы атқарушы комитеттің ұсыныстары бекітілді. Атқарушы комитет төрағасы, ТМД-ның Атқарушы хатшысы Сергей Николаевич Лебедевтің өкілеттігін тағы екі жылға ұзарту жөнінде келісімге келдік. Ол алдағы уақытта да ТМД ұйымының алдында тұрған міндеттерді тиімді жүзеге асырады деген ойдамыз»,-деді В.Путин қорытынды баспасөз мәслихатында.

 

5  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру