Әлемдік мұнай бағасы едәуір көтерілді

4

Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы сейсенбі күнгі электрондық сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнайдың бағасы қымбаттады.  Лондонның ICE Futures биржасында желтоқсан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері бір баррельге 0,82  долларға дейін қымбаттап, 56,61 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы қараша айында жеткізілетін мұнай фьючерстерінің бір баррелі 1,34 долларға қымбаттап, 50,92 долларды құрады.

 

4  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру