Әлемдік мұнай бағасы көтерілді

4

Лондон және Нью-Йорк биржаларында өтіп жатқан сәрсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы біршама қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Лондонның ICE Futures биржасында желтоқсан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері бір баррельге 0,33 долларға дейін көтеріліп, 56,94 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы қараша айында жеткізілетін мұнай фьючерстерінің бір баррелі 0,38 долларға қымбаттап, 51,3 долларға жетті.

5  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру