Сұлулық туралы

50

«Сұлулық деген тілер­секке түсетін қолаң шаш, түзу аяқ, маржандай әппәқ тіс емес. Сұлулық — кеше жылап, бүгін күлуді ұмытпаған жанның жігері. Сұлулық – бала күніңде оңбай құлап, тізеңді сырып алған жараның тыр­тығы. Махаббатыңды ойлап, түн баласы кірпік қақпай, таңертең көзің ісіп жұмысқа бару. Сұлулық – оятқышың шырылдағанда атып тұру. Сұлулық – нөсердің астында қалып, бетіңді бояу айғыздауы. Сұлулық – үрейлі сәтте көптің ішінен оның көзін көріп күлімдеуің. Сұлулық – уақыт салған әжімдерің. Сұлулық – жүрекпен сезген нәрсенің әлпетіңе шығуы. Сұлулық – өмірдің жаныңа салар терең ізі, бар уайымың мен қуанышың. Сұлулық – өзіңе шынайы өмір сүруге рұқсат беру».

Эмма Уотсон.

Аударған: Шынар Әбілдә

7  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру