«Қызметтік көлік-қызметтік мақсатта» акциясы жалғасуда

«Қызметтік көлік-қызметтік мақсатта» акциясы жалғасуда

Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік көлік құралдарын жеке мақсаттарға пайдалануға тыйым салу мақсатында облысымыздың Жалағаш, Жаңақорған, Сырдария аудандарының әкімдіктері мен Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметтік автокөліктерге арнайы белгілері бар жапсырмалар орналастыру жұмыстарын жалғастыруда. Өз кезегінде, қызметтік көліктерді жұмыстан тыс уақытта қолдану өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, енді кез-келген облыс тұрғыны жұмыс уақытынан тыс уақытта қолданылған қызметтік көлікті байқаса, 8-705-787-26-26 Whatsapp нөміріне немесе 70-56-06 call-орталығына хабарласып, қызметтік көлікті айғақтайтын фото немесе бейнежазбаны жолдауларына болады.

Толығырақ

Түймебаев: Облысымызда жер қойнауын заңсыз пайдалануға жол берілмеуі керек

Түймебаев: Облысымызда жер қойнауын заңсыз пайдалануға жол берілмеуі керек

 Оңтүстік Қазақстан облысында жер қойнауын заңсыз пайдалануға жол берілмеуі керек. Бұл туралы селекторлық мәжілісте облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.   Жиында «Жер қойнауын заңсыз пайдалануды тоқтату және келісім шарт бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы» облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Иляс Құрамысов баяндама жасады. Басқарма басшысының айтуынша, соңғы жылдары Сайрам ауданы арқылы өтетін  «Ақ су», «Сайрам су» өзендерінің жағалауларында заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілері жиі тіркеліп отыр. «Бірінші кезекте Сайрам ауданы Ақсу өзені бойындағы 12 кәсіпорынға тексеру тағайындалып, жер учаскелерінің нысаналы мақсатқа сай пайдаланбағаны анықталды. Одан…

Толығырақ

Парижде Қазақстанның әдебиет орталығы ашылады

Парижде Қазақстанның әдебиет орталығы ашылады

Париж (Франция) қаласындағы BULAC Шығыс тілдері мен мәдениеті институты кітапханасында Қазақстанның әдебиет орталығының салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған шара «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын халықаралық деңгейде ЮНЕСКО штаб-пәтерінде таныстыру аясында өтеді. Қазақстан әдебиеттері орталығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Франциядағы Қазақстанның Елшілігінің қолдауымен ашылады. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы халықаралық ЮНЕСКО ұйымының аясында өтетін өтетін «Қоғамдық сананы жаңғырту: қазақстандық жол және Н.Назарбаевтың үлгісі» конференциясына қатысады. Осы іс-шара аясында Ұлттық акакдемиялық кітапхана бірқатар мәдени іс-шараларды өткізуді…

Толығырақ

Елбасы Жеңіс Қасымбекке бірқатар нақты тапсырма берді

Елбасы Жеңіс Қасымбекке бірқатар нақты тапсырма берді

Қазақстан Президенті Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Инвестициялар және даму министрлігіне бекітілген мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудың маңыздылығына назар аударып, олардың орындалуының аралық қорытындылары жөнінде айтты. «Индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асырылған жылдарда 5,2 триллион теңгені құрайтын 1060 жоба іске қосылды. Соның арқасында 100 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Осы бағдарлама іске асырылғаннан бері жүзеге асқан жобалар 8 триллион теңгенің өнімін берді. Бұл — еліміз үшін аса маңызды жетістік. Біз бұған дейін өндірілмеген өнімнің 500 түрін шығарамыз», — деді Елбасы. Мемлекет…

Толығырақ

«ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ КАРТАСЫ» ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ КАРТАСЫ» ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік сақтандыру көрсеткіштері туралы ақпарат беретін Картаны іске қосты. Аталған жаңа құрал жұмысымен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ сайтында танысуға мүмкіндік бар. –Әлеуметтіксақтандыру көрсеткіштерінің картасын» жасаудағы басты мақсат – халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізгі көрсеткіштерінен ақпараттандыру, жұмыс істейтін халықты қосымша әлеуметтік қолдау бойынша  өз құқықтары мен мүмкіндіктері туралы кеңінен түсіндіру  болып табылады, –деді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының президенті Сауле Дүйсенова. Картада міндетті әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік аударымдардың сомасы, сондай-ақ, әлеуметтік төлем алушылар саны, аударымдардың орташа мөлшері мен жалпы сомасы туралы мәлімет жинақталған. Бұл ақпараттық қызмет…

Толығырақ

АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

Облыстық ауыл шаруашылығы басқар­ма­сының ақпараттық-маркетингілік жүйесі ар­қылы күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Нәти­­жесінде ең арзан өнімдерді аудандар мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз. Қызылорда. «Дәмді» әлеуметтік дүкен­де­рінде нан – 50, қант – 245, сары май – 450, өсімдік майы – 310, шай (250 грамм) – 560, жұмыртқа – 19, қарақұмық жармасы – 280, сиыр еті – 1280, тауық еті  630-670 теңгеден сатылуда. «Ажар» сауда үйінде қант – 190-200, шай – 1400-1800, өсімдік майы —  310,  макарон – 140, жұмыртқа – 22, қарақұмық жармасы –…

Толығырақ

Қазақстанда 21,74 млн. тонна астық бастырылды

Қазақстанда 21,74 млн. тонна астық бастырылды

Астық жинау жайындағы жедел ақпараттарға қарағанда 2017 жылғы 16 қазандағы көрсеткіш бойынша Қазақстанда 21 740,8 мың тонна астық бастырылды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен алынған мәліметтерге сәйкес, еліміздің диқандары 15 254,3 мың гектар алқаптың егінін жинап, 99,7% көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Ал орташа өнімділік гектарына 14,3 центнерді құрап отыр. 2016 жылдың осы кезеңінде Қазақстанда 14 106,9 мың гектар, яғни 92,4% алқаптың егіні орылып, 21 285,4 мың тонна астық бастырылған болатын. Ал орташа өнімділік гектарына 15,1 центнерді құраған. 2016 жылы егіс алқаптарының жалпы аумағы 15 275,1 мың гектар болса, 2017 жылы…

Толығырақ

Нығматулин әлемдік парламенттік қауымдастықты ҚР Президентінің бастамаларын қолдауға шақырды

Нығматулин әлемдік парламенттік қауымдастықты ҚР Президентінің бастамаларын қолдауға шақырды

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петербургта әлемдік парламенттік қауымдастықты Елбасымыздың контртеррористік бастамаларын қолдауға шақырды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі. Бейбіт сұхбатты ілгерілетуге бағытталған күш-жігерді біріктіру үшін әлемнің 160-тан аса елінен парламентшілер жиналды. Қазақстан мен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы ұсыныстары туралы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Таврия сарайында өткен Парламентаралық Одақтың 137-ші Ассамблеясына сөйлеген сөзінде айтты. «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында Біріккен Ұлттар Ұйымы ұранымен терроризмге қарсы ғаламдық коалицияны құруға бағытталған  халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бірқатар  бастамалар ұсынды. Біз Парламентаралық…

Толығырақ

Елбасы ТМД Мемлекет басшылары мен ЖЕЭК жиындарын қорытындылады

Елбасы ТМД Мемлекет басшылары мен ЖЕЭК жиындарын қорытындылады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД Мемлекет басшылары кеңесі мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес жиындары табысты өткенін мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Ресей Президентінің шақыруымен Сочиге келіп, екі күннің ішінде көп жиындарға қатынастық. ТМД мемлекеттерінің жиналысы болды. Оған қоса Еуразиялық экономикалық одақтың жиналысында көптеген мәселелерді шештік. Әсіресе, цифровизацияға қатысты бірқатар сұрақтар талқыланды. Болашақта Қазақстан, Ресей, Беларусь бірігіп, осы бағытта бірге жұмыс істейтін болдық. Келесі жылдың бірінші тоқсанында біздің ортақ бағдарламамызды әзірлеу үшін үлкен форум өткіземіз. Ол өте дұрыс», — дейді Нұрсұлтан Назарбаев. Ел Президенті өз сөзінде жақында «Цифрлы Қазақстан»…

Толығырақ

ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТАУЫ

ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТАУЫ

Латын қарпіне негізделген әліпбиге көшу мәселесі көптен айтылып жүр. Жаңа әліпбидің жобасын жасау туралы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында нақты тапсырмалар жүктелді. Жақында ұсынылған жоба көпшіліктің ойынан шықты. Алдыңғы ұсынылған әліпби жобасында диграфпен берілген дыбыстар бар болатын. Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов ұсынған қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасында төл белгілерді сақтауға барынша көңіл бөлінген. Қазіргі таңда қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан бұл жобаны қолдаймын. Өйткені латын әліпбиіне көшу, ең алдымен, жаңғырудың бастауы деп білемін. Студент кезімде 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиімен шыққан…

Толығырақ