МҰҚАҒАЛИДЫ ҒАНА СУРЕТКЕ ТҮСІРЕ АЛМАДЫМ…

МҰҚАҒАЛИДЫ ҒАНА СУРЕТКЕ ТҮСІРЕ АЛМАДЫМ…

Болат Омарәлиев, фототілші:  Белгілі фототілші Болат Омарәлиев 1948 жылы 15 қарашада Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылы, Ызакөл деген жерде дүниеге келген. Еңбек жолын аудандық «Сырдария» газетінде бастаған. 1969 жылдан 2014 жылдың желтоқсанына дейін облыстық «Сыр бойы» газетінде фототілшілік қызмет атқарды. «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Қазақ әдебиеті» ұйымдастырған фотобайқаулардың лауреаты. Ресейде, Польшада, Украинада фото көрмелері өткен. Ресейдің «Известия» газетінде, «Советское фото» журналында суреттері берілген. 1989 жылы фототілшілердің Мәскеуде өткен съезіне Қазақстан атынан қатысқан. Жиырмаға жуық кітаптарда еңбектері жарияланды. Қазақстан фотожурналистикасына сіңірген еңбегі үшін «Фотоөнер қайраткері» атағын иеленген. − Болат аға,…

Толығырақ

АРДАГЕРДІҢ ИЫҒЫНА ШАПАН ЖАПТЫ

АРДАГЕРДІҢ ИЫҒЫНА ШАПАН ЖАПТЫ

Халықаралық құрылысшылар күніне орай, «Жас құрылысшылар» еңбек жасағының сарбаздары  құрылыс саласының ардагері Досжанов Баянбек Әбдірахменұлымен кездесті. Кездесу барысында сала ардагері қаламыздағы Мерей, Ақмешіт мөлтек аудандарымен қаламыздағы тарихи маңызы бар нысандардың құрылысын салудағы қызықтар мен қиындықтар жайлы әңгімелеп, еңбек жолындағы жетістіктерімен сарбаздарды жігерлендірді. Жасақ сарбаздары Баянбек Әбдірахменұлын халықаралық құрылысшылар күнімен құттықтап,  иығына шапан жапты. Шараны Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы «ПромСтройСервис Е» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәжіліс залында ұйымдастырды.

Толығырақ

ӨЛЕҢІМ ҰРПАҚҚА ТӘЛІМ

ӨЛЕҢІМ ҰРПАҚҚА ТӘЛІМ

Әскербек Рахымбекұлы, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Мамандығын жанындай сүйіп, уақытпен санаспай тер төгіп, соның арқасында елге танылып, көптің құрметіне бөленген парасатты жанның бірі – Әскербек Рахымбекұлы. Еңбек жолын Сырдария аудандық «Сырдария» газетінде бөлім меңгерушісі болып бастаған белгілі қаламгер облыстық телерадиохабарларын тарату басқармасында редактор, «Сыр бойы» газетінде әдеби қызметкер, облыстық «Сыр бойы» газетінде редактордың орынбасары, редактор болып еңбек етті. «Тұсаукесер», «Тұлпарлар туралы дастан», «Жыраулар», «Ғұмырдария», «Жүрек жылуы» сынды бірнеше кітаптары оқырман жүрегінен орын тапты. Ақын ағамен аз-кем сұхбаттасудың сәті түскен еді. Есікті Әскербек Рахымбекұлы өзі ашты. Сыртта келіп тұрған қонақпен…

Толығырақ

ТЕЛЕАРНА – МИЛЛИОНДАРДЫҢ АУДИТОРИЯСЫ

ТЕЛЕАРНА – МИЛЛИОНДАРДЫҢ АУДИТОРИЯСЫ

Біздің анықтама: Несібелі Рахмет 1955 жылы Қызылорда облысы Тереңөзек ауданында туған. 1981 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Қазақстан Журналистер және Жазушылар одақтарының мүшесі. Қазақстанның Құрметті Журналисі. Жазушының «Бір нәзік сезім», «Мен табынған құдірет», «Исламбек», «Құмырсқа тірлік», «Сырдария кітапханасы» сериясымен «Жиденің гүлі» және «Тұнжыр» кітабы жарық көрді. Несібелі Төлтайқызы Рахмет, журналист: «Бір күні мойныма үлкен міндет жүктелді. Ол – «Жаңалықтар қызметі» ақпарат бағдарламасының аға редакторлығы… Күніне екі мезгіл ақпарат бағдарламасын шығаруға міндеттімін. Жеңді түріп жіберіп кірісіп кеттім. Құдай сақтасын. Тарс та тұрс. Сарт та сұрт. Жүгіріс. Жанталас….

Толығырақ

БІЛІКТІ ДӘРІГЕР ДАЛАДА ҚАЛМАЙДЫ

Тамыры тереңнен бастау алатын емдеу ісі қанша ғасырды артқа тастағанымен, өз өзектілігін жойған жоқ. Себебі, емдеу ісі адамзатпен бірге жетіле түседі. Осы салада қажырлы еңбек етіп, өзіндік қолтаңбасы бар абзал жандар да жетерлік. Сондай жанды кезіктіріп, жақынырақ сөйлесе келе, мамандығына деген сүйіспеншілігін, дәрігерлік антына адалдығы мен науқасқа деген жанашырлық ниетін көріп, ол кісі туралы қалам тербеуді жөн санадым. Әңгімемізге арқау болған медицина саласының үздігі, еңбек ардагері – Тұңғышбай Жағалов. Өмірін халық денсаулығына арнаған ардагер дәрігерден алған сұқбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз. Тұңғышбай Жағалов, еңбек ардагері: – Еңбек жолыңызды қалай бастадыңыз? –…

Толығырақ

КЕЛІНІ ЖАҚСЫ ҮЙДІҢ КЕРЕГЕСІ АЛТЫН

БІЗДІҢ АНЫҚТАМА ТҰМАНБАЕВА Орынбике Мырзалықызы 1946 жылы Жаңа Қазалы стансасында (қазіргі Әйтеке би кенті) теміржолшының отбасында дүниеге келіп, сол жердегі №420 орта мектепті (қазіргі №70 Жанқожа батыр атындағы орта мектеп) 1964 жылы бітірген. Сол жылы Алматыдағы Қыздар педагогикалық институтына түсіп, оны 1968 жылы «Музыка және ән» мамандығы бойынша бітірген соң, жолдамамен Шымкент қаласындағы Мәдениет және өнер институтына оқытушы етіп жіберілген болатын. Көп жылғы еңбегі еленіп, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен, бірнеше облыстық, университетішілік мақтау қағаздарымен, университетіміздің «Қорқыт Ата» алтын медалімен марапатталды. Жұбайы филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Сәдуақасұлы екеумі…

Толығырақ

СЕНІМ БОЛМАЙ СЕРПІН БОЛМАС

СЕНІМ БОЛМАЙ СЕРПІН БОЛМАС

БІЗДІҢ АНЫҚТАМА Жұмабай Байжанұлы Қасымов 1945 жылы 4 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ю.А.Гагарин атындағы мектеп интернатының түлегі. Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтта шет тілі мамандығын меңгерген. Іңкәрдария ауылдық №191 орта мектепте 37 жыл табан аудармай еңбек етіп, оның 16 жылында директор қызметін абыройлы атқарған. Білікті ұстаз, іскер басшы әр жылдары Халық ағарту ісінің үздік қызметкері, Қызылорда облысының 80 жылдығы төсбелгісімен, облыс, аудан басшыларының алғыс хаттарымен марапатталған. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай облыс әкімі Қ.Көшербаевтың алғыс хатын иеленді. Жары − Зейнеш Молдахметқызымен бірге үш қыз, үш ұл тәрбиелеп…

Толығырақ

ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНА ҚҰРЫЛЫСШЫ БОЛУДЫ АРМАНДАЙТЫН КЕЗ КЕЛДІ

Сыр елінде қашанда құрылыс қарқынды. Зәулім ғимараттар бой көтеріп, түрлі құрылыс нысандары пайдалануға берілуде. Әрбір нысанның жұмысында құрылысшылардың өлшеусіз еңбегі жатыр. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз аймағымызда құрылыс саласының дамуына белсене араласқан, осы салада табан аудармай жемісті еңбек еткен ардагер-құрылысшы – Серік Мырзағалиұлы. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап қиындықтарға мойымай еңбегін еселеді. Қызылорда шаһарында үлкен нысандардың бой көтеруіне атсалысып, елмен бірге еңсе тіктеді. Бүгінде еңбегінің зейнетін көріп отырған абзал азаматпен дидарласқан едік. Серік ЖАНӘДІЛОВ, «Бақ-береке-2030» ЖШС-нің бас инженері: – Қызығынан гөрі қиындығы басым құрылысшы мамандығына қалай келдіңіз? – «Армансыз адам қанатсыз құспен…

Толығырақ

ҚАЗАЛЫДА «ТӘУЕЛСІЗДІК» АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА «ТӘУЕЛСІЗДІК» АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазалы ауданында «Тәуелсіздік» аллеясы пайдалануға берілді. Аллеяның ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі қазалылықтарды мерейлі мерекемен құттықтады. Қ.Пірімов көшесіндегі аллеяда Бегім ана, Асандар көтерілісінің құрбандарына арналған ескерткіштер мен Жалаңтөс баһадүр мавзолейі және Тәуелсіздік монументі орналасқан. Жалпы, бұл  жобаларды іске асыру мақсатында бюджеттен 470 млн. теңге қаржы бөлінген. Аллеяның ашылу салтанатынан соң Қ.Пірімов көшесі бойында тігілген 100 киіз үйде бабалар рухына арнап құран бағышталды.

Толығырақ

«Тәртіпке бас иген құл болмайды»

«Тәртіпке бас иген құл болмайды»

Бүгінде зейнет демалысындағы Алпамыс Ибраймов ішкі істер саласында ширек ғасырдан астам тынымсыз қызмет жасаған. Аталған саланың қарт ардагерлерінің басын қосып, әлі күнге дейін ерінбей еңбек етуде. Биыл облыс әкімінің  «Ата кәсіп – алтын мұра» атты марапатын иеленді.   Алпамыс Ибраймов, Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы ардагерлер кеңесінің мүшесі: «Тәртіпке бас иген құл болмайды»  — Кез келген адам бала күннен «мен кім болам» деп армандап өседі. Сіз жол полициясы қызметіне қалай келдіңіз? — Біздің жас кезімізде теледидар енді ғана шығып жатқан. Сол кездері берілетін кинолардың көпшілігі мағыналы, әрбір адамды арманға жетелейтін. Көптеген детективті…

Толығырақ