АИ-92 маркалы бензиннің бағасы төмендеуі мүмкін

АИ-92 маркалы бензиннің бағасы төмендеуі мүмкін

Елордада БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз турын өткізген «ҚазМұнайГаз өнімдері» ЖШС-ның даму жөніндегі басқарушы директоры Бақытжан Тасанбаев АИ-92 маркалы бензин бағасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 157 теңгені құрайды. Бұл орташа теңгерімделген өзіндік құн бойынша баға саналады. «Біз күнделікті сараптама жасап отырмыз және қазақстандық, сонымен қатар импорттық мұнай өнімдерінің түсуіне байланысты бағаны түзетіп отырамыз. Ресейлік мұнай өнімдерінің үлкен көлемін жеткізу қажеттігіне байланысты қазақстандық және ресейлік өнімдерінің арақатынасына байланысты түзету орын алуы мүмкін. Ең жоғары шегін шектей алмаймыз. Өйткені, бағаны ешкім де…

Толығырақ

«Қазақстанның 100 жаңа есімін» таңдау үшін қалай онлайн түрде дауыс беруге болады

«Қазақстанның 100 жаңа есімін» таңдау үшін қалай онлайн түрде дауыс беруге болады

«Қазконтент» АҚ басқармасының төрағасы Евгений Кочетов «Қазақстанның 100 жаңа есімін» таңдап алу бойынша 100esim.el.kz сайтында үміткерлерге қалай дауыс беруге болатынын түсіндірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Қазақстан үшін өте маңызды жоба бойынша дауыс беру сәрсенбінің сәтінде басталады. Тұңғыш рет бүкіл Қазақстан аумағы бойынша табысты адамның қандай болатынын дәлелдегендерді іріктеп алып жатырмыз. 302 үміткер бар. Олардың 100-ін біз сіздермен бірге ашық түрде интернет арқылы іріктейміз. Ыңғайлы болу үшін кандидаттарды 6-ға бөлдік. Мәдениет бойынша 32 адам, қоғам бойынша 83, бизнес бойынша 51 адам, медицина 46 адам, ғылым 47 адам, спорт бойынша 43…

Толығырақ

Газ экспорттала бастады

Газ экспорттала бастады

Бүгін қазақстандық газды «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырынан «Орталық Азия — Қытай»  трансұлттық газ құбырына жіберу салтанатты рәсімі Астанадағы газ операторының бірыңғай диспетчерлік орталығында өтті. Рәсімге ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ вице-президенті Қайрат Шәріпбаев, «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Рустам Сулейманов қатысты.  Шымкент қаласы маңында орналасқан «Ақбұлақ» газ өлшеу стансасымен онлайн байланыс арқылы өткен рәсім кезінде қазақстандық газды экспортқа жіберу жүзеге асырылды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі вице-президенті Қайрат Шәріпбаевтің атап өтуінше, бұл тек газ саласының дамуына ғана емес,…

Толығырақ

Жаңа заң бойынша полиция кімдерді 48 сағаттан артық ұстай алады?

Жаңа заң бойынша полиция кімдерді 48 сағаттан артық ұстай алады?

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов жаңа заң бойынша кімді 72 сағат қамауда ұстауға болатынын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Құқық қорғау қызметі туралы жаңа заң жобасы бойынша, күдіктіні қамауда ұстау уақыты ересектер үшін 72 сағаттан 48 сағатқа, ал кәмелетке толмағандар үшін 24 сағатқа дейін қысқарады. «Заңға қайшы әрекеттерді болдырмау үшін ауыр істерге қатысты ғана 72 сағат қалдырылды. Бұл лаңкестік және экстремистік, жаппай тәртіпсіздік, топпен жасалған қылмыс, есірткі айналымы, педофилия, адам өлімі және шалғай жолға байланысты күдіктіні судьяға жеткізе алмай жақтан жағдайлар бойынша қалдырылды», — дейді Ахметжанов заң жобасын Мәжілісте таныстырып….

Толығырақ

Қазақстанда кәсіби стандарттар жаңадан жасалады

Қазақстанда кәсіби стандарттар жаңадан жасалады

Астанада және Алматыда кәсіби стандарттарды дайындаудың жаңа әдісін оқытуға арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде 70-тен аса стандарт дайындаушы маман тренингтерден және сертификациядан өтті. Әдістемені ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Дүниежүзілік банк қолдауымен жүзеге асырып жатқан «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасының аясында Ernst & Young компаниясы жасап шығарды. Министрлік 2020 жылдың маусымына дейін 550 кәсіби стандартты дайындап, бекітуді жоспарланып отырғнын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. «Кәсіби стандарттар Ұлттық біліктіліктер жүйесінің ажырамас бөлігі. Бұл стандарттар мемлекетке жұмысшыларды оқыту, сондай-ақ, білім беру мекемелерінде, әртүрлі курстарда, сондай-ақ, тікелей еңбек…

Толығырақ

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков Қызылордада

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков Қызылордада

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Болсамбеков Өмірзақ Қоспанұлы Қызылордаға іс сапармен келді. 1958 жылы КСРО ІІМ-нің Омбы арнайы орта мектебін бітірген соң алғашқы жұмысын милиция бөлімшесінде тергеуші қызметінен бастап ҚР ІІМ-нің штаб бастығына дейінгі еңбек жолынан өткен. Кейіннен Ақмола облысы атқару комитеті Ішкі істер Басқармасының бастығы қызметіне дейін көтеріледі. Бар өмірін қоғам тыныштығын сақтауға арнаған Өмірзақ Қоспанұлы сапар барысында Ішкі істер саласының ардагерлерімен кездесіп, ішкі істер саласының бірқатар ардагерлерін Ішкі істер министрлігінің «Құрметті ардагер» төсбелгісімен, арнайы «Алғыс хаттармен» марапаттап сый-сияпат көрсетті. Үлкенге…

Толығырақ

Байқоңырдан «Союз-2.1а» зымыран тасығышы ұшырылады

Байқоңырдан «Союз-2.1а» зымыран тасығышы ұшырылады

 «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2.1а» зымыран тасығышы ұшырылады. 12 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 15:32-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Прогресс МС-07» транспорттық жүк кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран тасығышын ұшыру жоспарланып отыр. «Союз-2.1а» зымыран тасығышы «Байқоңыр» ғарыш айлағының №31 ұшыру алаңынан ұшырылады. «Прогресс МС-07» ғарыштық жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансасына отын, азық-түлік, су және стансасындағы экипажға қажетті басқа да жүктерін жеткізеді.

Толығырақ

Әлемдік мұнай бағасы көтерілді

Әлемдік мұнай бағасы көтерілді

Лондон және Нью-Йорк биржаларында өтіп жатқан сәрсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы біршама қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Лондонның ICE Futures биржасында желтоқсан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері бір баррельге 0,33 долларға дейін көтеріліп, 56,94 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы қараша айында жеткізілетін мұнай фьючерстерінің бір баррелі 0,38 долларға қымбаттап, 51,3 долларға жетті.

Толығырақ

Әлемдік мұнай бағасы едәуір көтерілді

Әлемдік мұнай бағасы едәуір көтерілді

Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы сейсенбі күнгі электрондық сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнайдың бағасы қымбаттады.  Лондонның ICE Futures биржасында желтоқсан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері бір баррельге 0,82  долларға дейін қымбаттап, 56,61 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы қараша айында жеткізілетін мұнай фьючерстерінің бір баррелі 1,34 долларға қымбаттап, 50,92 долларды құрады.  

Толығырақ

 «ҚазМұнайГаз» вице-президенті қызметінен босатылды

 «ҚазМұнайГаз» вице-президенті қызметінен босатылды

Бүгін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев елдегі бензин тапшылығы үшін «ҚазМұнайГаз» АҚ басшыларының жұмысын сынға алды. «ҚазМұнайГаз» АҚ-ға тоқталайын. Премьер-министр және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы ретінде Өмірзақ Естайұлы мен сізге тапсырма беремін. «ҚазМұнайГаз» АҚ төрағасына өз міндетін атқармағаны үшін тәртіптік жаза ретінде сөгіс жариялауды тапсырамын. Сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаевты қызметінен босату туралы тиісті шараны жүргізуге тапсырма беремін. Өмірзақ Естайұлы, маған қолданылған тиісті шара туралы хабар беруіңізді сұраймын», — деді Үкімет басшысы.

Толығырақ