«Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» атты мүшәйра өтеді

Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өтетін 17 қарашада «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» атты жас ақындар мүшәйрасын өткізеді. Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің, рухани құндылықтарды жаңғыртудың маңыздылығын көпшіліктің, жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы оларды отансүйгіштікке, елжандылыққа бағыттау, тәуелсіз Қазақстанның елордасы – Астананың жарқын жетістіктерін паш ету және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында өтетін жыр сайысы іріктеу, дауыс беру және қорытынды кезеңнен тұрады. Мүшәйраға 14 пен 29 жас аралығындағы жас ақындар қатыса алады. Қатысушылар өзі туралы мәлімет (аты-жөні, оқу/қызмет орны, байланыс нөмірлері) жолдайды. Үміткерлер тәуелсіздікке, Астана қаласына арнаған туындыларын (әр…

Толығырақ

Республикалық «Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығына конкурс

Республикалық «Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығына конкурс

Ережесі Жалпы ережелер  Республикалық«Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығы(бұдан әрі — Сыйлық) Қазақстандық патриотизмді арттыруға елеулі үлес қосқан жас дарынды белсенділерді қолдау мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар, Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі. Сыйлықты беру тәртібі  Сыйлықты беру мақсаттары: Қазақстан халқының бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді қамтамасыз ету; жастарды жан-жақты дамыту және қазақ тілін, мәдениетті, өнерді, дәстүрлерді, тарихи мұраны жастар ортасында насихаттау; Қазақстанның жас патриоты бейнесін көпшілікке тарату. Сыйақыларды тағайындау және дипломдар мен бағалы сыйлықтарды тапсыру рәсімі шығыс жастарының жалынды жетекшісі «Ғани Мұратбаевтың туған күніне байланыстырылады. Сыйлық…

Толығырақ

ҒАНИ МҰРАТБАЕВ АТЫНДАҒЫ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

ҒАНИ МҰРАТБАЕВ АТЫНДАҒЫ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Сіздің қасыңызда шығыс жұлдызы, жалынды көшбасы  Ғ.Мұратбаевтай жетекшілер бар ма? Көшбасшыңыздың ерекше қабілеті қандай? Ізіне ерткен ізбасарлары қандай нәтижеге қол жеткізді? Жаныңызда жүрген жақсы адам жайлы эссе жазып бізге жолдап. Ғ.Мұратбаев атындағы шығармашылық байқауға қатысыңыз. ЕРЕЖЕ І. Жалпы ереже Ғани Мұратбаев туғанына 115 жыл толуына орай шығармашыл жастар арасындағы бұл байқауды (бұдан әрі – Байқау) «Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы» мен «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» қоғамдық қоры және «Ақмешіт жастары» облыстық жастар газеті бірлесіп өткізеді. ІІ. Байқаудың мақсаты: Қазақстан мен Орта Азия жастарының жалынды жетекшісі. Қазақ халқының көгінде жұлдыздай жарқырап, шұғылалы із…

Толығырақ

БІЗДІҢ ОТБАСЫ-ЕСІРТКІДЕН АЛЫС

БІЗДІҢ ОТБАСЫ-ЕСІРТКІДЕН АЛЫС

«Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысына» Бүкіл әлем тәрізді біздің елімізді де есірткіге деген құмарлық, өзін-өзі тежеуге шамалары келмей ес жиғызбас, есірткінің басыбайлы құлына айналған заман. Өмірде жолы болмаған адамдар немесе желігіп жүргендер, ең бірінші, есірткінің құрығына тұскендер. Есірткінің дәмін тату дегеніміз-шыңырауға қарай қадам басу деген сөз. Олар отбасылары үшін де, қоғам үшін де үлкен қасірет. Сондықтан, баланың бойындағы сәл өзгерісті, мінез-құлқын күнделікті қадағалап отырудың маңызы зор. Мен өзім зейнеткермін. Менің 61 жыл бойғы жинақталған тәжірибеме сүйенсек, отбасымда араққа, темекіге, есірткіге әуестік бейәдеп қылықтар жоқ. Отбасымда 1 ұл, 2 қыз,…

Толығырақ

БІЗДІҢ ОТБАСЫ- ЕСІРТКІДЕН АЛЫС

Жақында Ресейдің бір телеарнасынан 15 жасында есірткіге құмартып, өмірі қор болған мектеп оқушысының жанайқайын естіп қатты қапаландым. Ол қателескенін біліп, өз еркімен емделуге келісіпті. «Балалар есірткіден аулақ болыңдар!» дегенді экранға қарап телміріп, жалынып айтты. Өтінді. Жылады. Оның шарасыз кейпі өте аянышты еді. Жарқырап, жайнап, күлімдеп жүретін уақытында ауруға айналған оның бұл кейпі көпке дейін көз алдымнан кетпей қойды. Осы бейнесюжетті адасып жүрген көптеген балалар көрсе ғой, бәлкім ойланар ма еді деп ойладым. Нашақорлық дертінің балалар мен жастар арасында дендеп бара жатқаны өкінішті. Қазір Ресейдегі нашақорлардың 20 пайызы мектеп оқушылары, 60…

Толығырақ

ҒАЖАП СЫЙ

ҒАЖАП СЫЙ

О, Жер Ана өзің ғана куәгер, Елдің қамын ойлау үшін туады ер, Тарихымның төл тамыры төсіңде Құлақ түрсем «қазақ» — дейді қыра, бел. Небір жылдар, небір ғасыр, замандар, Өтті өмірден небір текті адамдар, Қойнауыңа бәрі сіңіп жатады Сенде менің бір ақ туар бабам бар. Тарихымның шертілгенде дастаны, Сыр айтқандай сыбырлайды тастары, Елдігімнің, өрлігімнің белгісі Мынау ашық бейбіт күннің аспаны. Қазағымның пейіліне сыйлаған, Ұлы далам оған, саған сый маған, Кемеріне сыймай тұрған бақытты Жаратқаным кез – келгенге қыймаған. Билерімнің әрбір сөзі бір төбе, Куәгері оған анау Мәртөбе, Тәуелсіздік таңыменен тыныстап Маған…

Толығырақ

БАБАЛАР АМАНАТЫ

БАБАЛАР АМАНАТЫ

Кезінде дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан көтерілісі әлем жұртшылығы тарапынан әміршіл-әкімшіл, тоталитарлық жүйеге қарсы бағытталған тұңғыш демократиялық қозғалыс деген жоғары баға алғанын баршамыз білеміз. Қазақ жастарының көтерілісі қазақ жұртын әлемге әйгіледі, бодандықтан құтылуға ұмтылған елдер көбейіп, көп ұзамай қуатты империя тас-талқан болып, егемен мемлекеттер пайда болды. Біле-білсек Қазақстанның биыл жиырма бес жыл толып отырған тәуелсіздігі де осы Желтоқсан көтерілісінің жемісі. Кезінде найзаның ұшымен, білектің күшімен жерін жаудан қорғаған Бұқарбай батыр мен Қазақстанның дербес мемлекет болуы жолында күрескен қоғам және мемлекет қайраткері Т.Жүргеновтің мерейтойлары аталып өтіп, ескерткіш орнатылды. Аудан орталығындағы №123 мектеп-лицейі…

Толығырақ

АЗАТТЫҚТАН АСҚАН БАЙЛЫҚ ЖОҚ

АЗАТТЫҚТАН АСҚАН БАЙЛЫҚ ЖОҚ

  Тәуелсіздік — қазақ елінің, қазақстандықтардың ғасырлар бойғы аңсаған асыл арманы мен мұраты. Ата-бабамыз қанын да, жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында қол жеткізді. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды, өркениетті мемлекет құруға ұмтылған қадамымызды құптап, қолдау көрсетті. Азат, еркін еліміздің бүгінгі биігінен өткенге көз жіберсек, осы күнді аңсаған батыр бабаларымыздың асқақ арманы алдында, алмағайып заманда азаттық үшін алысқан атпал азаматтарымыздың өсиет-аманаты алдында, бостандық жолында жан қиып құрбан болған есіл ерлеріміздің өшпес рухы алдында бас иіп, тағзым етпеске әсте болмайды….

Толығырақ

АЗАТ ЕЛДІҢ ӨРЕНІМІЗ

АЗАТ ЕЛДІҢ ӨРЕНІМІЗ

Қазақ елінің өз алдына мемлекет болып бөлініп, өз Тәуелсіздігіне қол жеткізгеніне тұп-тура 25 жыл. Бәз біреулер үшін 25 жылды бастан өткеру түкке тұрғысыз, оп-оңай дүние болып көрінетін шығар. Ал біздің қазақ халқы үшін мұндай дәрежеге қол жеткізу оңайға соқпады. Өткенге көз жіберіп, тарих соқпағын ой елегінен өткізер болсақ, халқымыздың басынан кешкені, қайғысы мен қасіреті, азаттық жолындағы азабы, күресі, көз жасы, тас қапасты бұзу жолында төккен қаны ұрпақтан-ұрпаққа аңыз қылып айтар ұзақ әңгімелер болар еді. Кешегі кеңес заманы тұсындағы қазақтың басынан өткерген нәубетті жылдарды еске алудың өзі сай сүйегіңді сырқыратады. Отызыншы…

Толығырақ

«САМҒАУ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қазақстандық («Халық маркасы» тұтыну белгісіне ие болған) брендтер тақырыбына арналған журналистердің «Самғау» ұлттық байқауының Ережесі Жалпы ережелері: 1. Қазақстандық («Халық маркасы» тұтыну белгісіне ие болған) брендтер тақырыбына арналған журналистердің «Самғау» ұлттық байқауы (бұдан әрі – Байқау) «Халық таңдаған сапа» – тақырыбын әділ, сапалы және жанжақты етіп көрсетуге республикалық, өңірлік және шетелдік БАҚ-тар мен блогерлерді тарту үшін өткізіледі. 2. Байқау қазақстандық өндірушілердің үздік және қол жетімді өнімі туралы мәлімет беретін және бағдарлайтын, отандық брендтер жайлы тақырыпты халыққа түсіндіріп таратуға және дамытуға үлес қосатын үздік жұмыстарды анықтау мақсатында өткізіледі. 3. Байқаудың құрылтайшысы…

Толығырақ