Елді шулатқан «ауқатты шымкенттіктер» (видео)

Елді шулатқан «ауқатты шымкенттіктер» (видео)

Әлеуметтік желіде той кортежіне қымбат көліктер мен салт аттыларды қатыстырып, елді шулатқан үйлену тойының видеосы пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.  Видеода кілең қымбат көліктерден және салт аттылардан құралған той кортежі елдің назарын өзіне аударып жатқанын байқауға болады. «Бұл үйлену тойы қай қалада болып жатыр? Тауып көріңіздер, екі жасқа тек бақыт тілейміз», — деп жазған видео авторлары. Желі қолданушыларының дені той Шымкент қаласында болды деп топшылады.  «13 деп тұр ғой көлікте. Әрине Шымкент», «Шымкент», «Көлігі күшті екен бәрінен де», «Бұндай тойлар Шымкенттен басқа ешқайда болмайды», — деп жазған пікір қалдырушылар. https://www.instagram.com/p/BYDDC4SgsUL/

Толығырақ

ЕРКЕ ЕСМАХАН ЕЛДІ ЕЛЕҢ ЕТКІЗДІ (ВИДЕО)

ЕРКЕ ЕСМАХАН ЕЛДІ ЕЛЕҢ ЕТКІЗДІ  (ВИДЕО)

Кеше ғана Ерке Есмаханның Ақтөбедегі концерті желіні біраз шулатып еді, бүгінде Еркенің тағы да бір видеосы желіде жүр. Осы жолы масқарасы шыққан Еркенің фанаттары емес, Еркенің өзі. Төреғали Төреәлімен әйгілі хит ән «Аллоны» орындап тұрған сәтінде Ерке Есмахан фонограммамен айтқанын жұртқа білдіртіп қойды. Әнші бір шумақтан кейін тағы әннің жалғасатынын  ұмытып кетсе керек. Әншінің масқарасы шыққан видеоны Instagram желісіндегі insta_juldyzdr_kaz  парақшасы жариялады. 😂 Ерке Есмахан фонаграммамен ұсталып қалды😊 не деп ойлайсыздар? #insta_juldyzdar_kaz ┏━━━━━━━━♛━━━━━━━━┓ 😊тіркелейік достар: @insta_prikoly ✅ ┗━━━━━━━━♛━━━━━━━━┛ A post shared by 🌟Жұлдыздар Инстаграмы🌟 (@insta_juldyzdar_kaz) on Aug 15, 2017 at 3:11am PDT

Толығырақ

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР КӘСІБИ МЕРЕКЕДЕ КҮЛКІГЕ ҚАЛДЫ (ВИДЕО)

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР КӘСІБИ МЕРЕКЕДЕ КҮЛКІГЕ ҚАЛДЫ (ВИДЕО)

Құрылысшылар мерекесіне орай инстаграм әлеуметтік желісінде қызықты видео пайда болды. Кәсіби мереке қарсаңында әріптесін алдаған бір топ құрылысшылар желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды. A post shared by Авто Прокат с 👮 (@shymkent_astana_avtopro) on Aug 15, 2017 at 8:05pm PDT  

Толығырақ

ГОЛОВКИН ӘЛЕМДІ ТАҢҚАЛДЫРДЫ (ВИДЕО)

ГОЛОВКИН ӘЛЕМДІ ТАҢҚАЛДЫРДЫ (ВИДЕО)

Boxing Memes твиттері қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) жаттығуынан видео жариялады деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.  Видеода Головкиннің соққысынан кейін Санчестің қолынан жаттығуға арналған «лапаның» ұшып кеткен сәті бар. Мұны көріп тұрған адамдар сүйсінгеннен шулап кетеді. «Геннадий Головкин Абель Санчестің «лапаларын» нокаутқа жіберуде. Жойқын күш!» деп жазылған видеоның сипаттамасында.  

Толығырақ

Той кортежі демалушылардың жағасын ұстатты (Видео)

Той кортежі  демалушылардың жағасын ұстатты (Видео)

Жағалауда жүрген той кортежі Алакөл демалушыларын ашуландырды, — деп жазады аltaynews.kz. Басылымның мәліметінше, жастар сол аумақта жүрген адамдардың қауіпсіздігі жайлы ойламай, қарапайым әдеп нормаларын сақтамаған. Сондай-ақ, олар жазадан құтылу мақсатында көліктерінің нөмірлерін жасырып қойған. Барлық видеожазба құқық қорғау органдарына жолданды. «Қазіргі уақытта автокөлік иелері іздестіріліп жатыр, — деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев. Барлық материал жергілікті полицияға жолданды. Құқық бұзушылар әкімшілік жазаға тартылады».

Толығырақ

ДИМАШТЫҢ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢДЕ ҚАНДАЙ ӘН ОРЫНДАЙТЫНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ(бейне)

ДИМАШТЫҢ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢДЕ ҚАНДАЙ ӘН ОРЫНДАЙТЫНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ(бейне)

Қытайдың Hunan TV арнасында тікелей эфирде көрсетілетін «I am a Singer» байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайбергенов екінші кезеңде Витастың «Опера-2» әнін орындайды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram-парақшасында жариялады.

Толығырақ