Сұлулық туралы

Сұлулық туралы

«Сұлулық деген тілер­секке түсетін қолаң шаш, түзу аяқ, маржандай әппәқ тіс емес. Сұлулық — кеше жылап, бүгін күлуді ұмытпаған жанның жігері. Сұлулық – бала күніңде оңбай құлап, тізеңді сырып алған жараның тыр­тығы. Махаббатыңды ойлап, түн баласы кірпік қақпай, таңертең көзің ісіп жұмысқа бару. Сұлулық – оятқышың шырылдағанда атып тұру. Сұлулық – нөсердің астында қалып, бетіңді бояу айғыздауы. Сұлулық – үрейлі сәтте көптің ішінен оның көзін көріп күлімдеуің. Сұлулық – уақыт салған әжімдерің. Сұлулық – жүрекпен сезген нәрсенің әлпетіңе шығуы. Сұлулық – өмірдің жаныңа салар терең ізі, бар уайымың мен қуанышың….

Толығырақ

МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАҒДАЙ МАҢЫЗДЫ МА?

МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАҒДАЙ МАҢЫЗДЫ МА?

Демографияның көкесі шаңырақ көтеруден басталатыны баршаға белгілі. Жасыратыны жоқ, соңғы кезде сүр бойдақтар мен отырған қыз орнын табатындардың саны өсіп жатыр. «Үйленбедің, ей жігіт, отызыңда, қазағыңа жасаған қастандығың. Тұрмыс құрмай қартаю, қарындасым, ол да еліңе жасаған дұшпандығың» деп ақын Қадір Мырза Әли жырлағандай тұрмыс құрмай жүрген жандар ортамызда да жеткілікті. Сананы тұрмыс билеген заман. Адамдардың көбісі əл-ауқатын арттыруды қалайды. Тұрмысты түзеген соң отбасын құрамын деген мақсатпен жүреді. Жасыратыны жоқ, байлыққа, мансапқа қызығатындар бар. Алдымен көлігінің маркасын, үйінің суретін, жалақысының қанша екендігін сұрап барып, шаңырақ көтеретіндер бар. Алайда дүниені, қаражатты жинап…

Толығырақ

ҚЫЗЫМ САҒАН АЙТАМ…

ҚЫЗЫМ САҒАН АЙТАМ…

Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың қыздарға кеңесі Қыздар! Сұқ көзден сақтаныңдар. Сұлу сөзден сақтаныңдар. Шынайы махаббат мақтауды қажет қылмайды. Орынсыз мақтаудын сақтаныңдар, абыройдан аттаудан сақтаныңдар! Қыздар! 1) Егер сүйген жігіттеріңе сүйікті жар боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! 2) Егер ата-енеге қымбатты келін боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! 3) Егер ертең шәкірттеріңе үлгілі ұстаз боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! 4) Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған қоғамға адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! 5) Егер ертең, егде тартқанда, келісті ана, кемеңгер әже боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар! Сұлу…

Толығырақ

МАХАББАТ ПА, МАХАББАТ БОЛҒАН МЕНДЕ….

МАХАББАТ ПА, МАХАББАТ БОЛҒАН МЕНДЕ….

Махаббат – ерекше сезім, ғажайып құбылыс, жұмбақ нәрсе. Кімге қалай, қашан келетінін білмейсің. Алайда, жер бетіндегі бар адам соны күтуде, махаббатын күтуде. Махаббатты ғашық болумен байланыстырамыз. Құлай сүюмен теңестіреміз. Бұл тақырып қанша ақын-жазушылардың жырына айналды. Махаббат жайлы қалам тербемеген бұл әлемде ақын-жазушы жоқ шығар, сірә? Сіз махаббатты басқаша түсінесіз. Мен махаббаттың мәнін басқаша қабылдаймын. Әрқайсымыздың жүрегімізде көшірмесі жоқ, бір ғана махаббат өмір кешуде. Бұл сөздің мән-мағынасын әр жаста әр түрлі қабылдаймыз. Содан шығар, бала махаббат, шала махаббат, алғашқы махаббат ұғымдарының қалыптасқаны. Бұл бір сондай ерекше нәрсе. Айналаңды нұрландырып, жан-жағына жан…

Толығырақ

САҒАН АЛҒАШҚЫ ХАТЫМ БОЛСЫН

САҒАН АЛҒАШҚЫ ХАТЫМ БОЛСЫН

Бүгін ерекше шабыттанып отырмын. Бар өткенімді ой елегімнен өткіздім. Солардың арасында ең әсерлісін қайта-қайта ойлай бердім. Ол-сезім (яғни алғашқы махаббатым). Оны қанша жеккөрсем, соншалықты жақсы көремін. Оған деген сезімім күн сайын үдей түсуде. Мүмкін ол оны білетін де шығар, мүмкін дәл осы жазып отырғаным қате болар. Бірақ, тоқтамаймын. Барлығын бүгін жайып салып құтылмасам іштегі жара үлкейіп барады. Ең алдымен ең көп қинайтын сұрақтың бірі мен оны үш жарым жылдан бері сүйемін, сол уақыт аралығында “неге онымен бірге болу үшін бірде бір мүмкіндік берілмеді екен?” Біреуді сүйіп, оның сүйіктісі бола алмау…

Толығырақ

Ғашықтық сезім

Ғашықтық сезім

Түннің тыныштығы тәтті арманға тағы да жетеледі. Терезеден қарасам бір жақ бүйірі кеміс ақтаңдақ ай сәуле шашып тұр, ал айналасында шағырмақтана жарқырап жұлдыздар орналасқан. Бұлардың барлығы маған күлімсірей қарайды. Ал, мен шеті мен шегі жоқ аспанға қарап, сізге деген сезімімді сонымен өлшеймін. Сол арқылы сізге деген махаббатымның шексіз екенін ұғынамын. Бірақ, көктемдей көңілім аяқастынан бұзылып кетті. Себебі, мен сіздік сезімді сезіне алмайтын едім. Осы сәтте кірпігіме жиналып қалған моншақтар біртіндеп үзіле берді. Қиялыммен тұрғызған «Махаббат» мұнарасы қирап, «Сезім патшалығы» быт шыт болды. Мен сіздің шынарыңыз бола алмайтынымды әу бастан түсінгенмін….

Толығырақ

МАХАББАТ ПЛАНЕТАСЫ…

МАХАББАТ ПЛАНЕТАСЫ…

Біз аспан әлемінде жаралғанбыз. Бүгінгі жауатын жаңбырмен бірге жер деген планетаға түсеміз. Алыстан қатпар-қатпар таулары бар домалақ шар сияқты көрінеді. Бумен қайта оралған тамшылардың айтуынша, ол жақта аяқ қолы бар, өз бетімен жүре алатын адамдар өмір сүреді екен. Әр тамшының арманы – биіктен ұшып, жерге түсу. Бүгінде миллиондаған тамшылардың жарысы болады. Біз оған дайындалу үстіндеміз. Менің досым нәзікжанды тамшы, ал мен ер мінездімін. Екеуіміз аспан кеңістігін шарлап, мыңдаған шаршы метрден ағып, түбінде бірге қол ұстасып, қызық оқиғаларды бастан кешіреміз. Міне найзағайдың екінші жарқылынан кейін секіреміз де, қалықтаймыз. Мен қатты қорықтым,…

Толығырақ

ИЕСІНЕ ЖЕТПЕГЕН ХАТ

ИЕСІНЕ ЖЕТПЕГЕН ХАТ

Мен саған мұңды айтайын… Сен тыңда… Үндеместен… Баурап алып, сейіліп кеткен түсім, Бөтен едік, бөлектеу еткен ісім. Бейтаныс ек… Екі әлем. Екі ғұмыр… Мені өзіңе байлаған неткен күшің?! Мұңың, сырың анық-ау, таныс қайғың, Бірде егіз- Бірде енді алыстаймын. Бейтаныс ек… Бөтен ек… Жолықтың да, Неге жүрек төрінде қалып қойдың? Әлде сенің көңілің тоймай мұңға, Бата түссін деймісің мұздай сырға. Ойдан кетпей жүргенің біреу сені- Ұзақ жылдар сағынсын деп ойлайсың ба? Аманаттап үмітті күзді күнге, Ілініп ап сыр түннің түндігінде. Маза бермей жүдетіп, жабықтырып- Ұмытпасын деп жүрген тірлігің бе? Маңдайыма жазылған…

Толығырақ

МАХАББАТ МҰҢЫ

МАХАББАТ МҰҢЫ

Терезеге қарап ойланып, тұрмын. Жер Ананың сай-саласын суға толтырып, аспанды көрсетпей токтаусыз жауған жаңбыр ойға талай естелiктердi түсiрдi. Алаңсыз жаңбыр суын кеше жүгiрген бала кездер-ай. Бұл күнi тек қана алыстан қол бұлғайды. Бала күнiмде жаңбырдың суына шомылып, мәз болушы едiм. Қазiр, көп нарсе өзгерiп, менiң өткен күндерiмнiң тамған көз жасы секiлдi көрiнедi сол жаңбырлар. Жаңбырлы күн. Саябақ. Тып-тыныш. Бiр-бiрiне ынтыққан қос жүрек. Күнасiз мөлдiр көздер. Арман мен бақыт аталатын ұзак жолда қол ұстасқан, жүрек түкпiрiндегi сөздерiн айтқызбай ұққан, болашаққа деген үмiттерi мол ғашықтардан бүгiн саябақта бiр өзi отыр. Ия, олар…

Толығырақ

СЕЗІМ СЫРЫ

СЕЗІМ СЫРЫ

Не деп бастасам екен, білмеймін тіпті. Менің көңіл күйім бүгін ештеңемен салыстыруға келмейді. Көңілдің көк дөненіне мініп алып, қиял әлеміне сапар шегіп кетсем бе екен?! Білмеймін жүрегім аттай тулап, санамдағы сансыз ойды сансаққа жібереді. Санамдағы сансыз ой дейтіндей, менде дәл қазір ойдың бір түйіні де тұрған жоқ қой. Сонда маған не болып жүр?! Менің қазір кешіп жүрген сезімдерімнің біреуі де маған аян емес. Мен білмеймін. Шынайы махаббат бұл өмірде бар ма, әлде жоқ па? Алайда, керемет «махаббат» деген сөздің бар екенін анық білемін. Жүрек деген құрғыр сол махаббат алдында ғана…

Толығырақ