Сауапты іс жасау үшін мешіт салу міндетті емес — Ермекбаев

Елордада «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының таныстырылымы болып өтті. Шара барысында «Уақып» қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы, министр Нұрлан Ермекбаев сөз сөйлеп, Қазақстанда игілікті, сауапты істер жасауға ниетті адамдардың қатары көбейіп келе жатқанын баса айтты. «Дін жолында «сауапты іс» жасау үшін тек қана мешіт салу міндетті емес. Қоғам үшін пайдалы болып есептелетін кез-келген игілікті істі жасауға  болады. Оның ішінде мектептер, ауруханалар, жол салу, көпір салу секілді қоғамға пайдалы кез келген іс сауапқа жатады. Қордың жұмысы аталған мәселені шешуге бағытталған. Ол қайырымдылық жасау жолындағы істерді тиімді жүйеге салуға үлес қосады. Ең бастысы…

Толығырақ

МАСАНЫҢ БІЗ БІЛМЕЙТІН СИПАТЫ

МАСАНЫҢ БІЗ БІЛМЕЙТІН СИПАТЫ

Алла Тағаланың жаратқан нығметтеріне адамзат әлі де таңдай қағуда. 14 ғасыр бұрын Құранда айтылған деректер бүгінде ғылыми жаңалық ретінде ашылуда. Жаратушы Иеміз әрбір жартылысты жаратуының өзіндік себептері бар. Сондай жаратылыстардың бірі – маса. Ол адамдардың қанын сорумен тіршілік етеді. Ал сол масаның 2500-ге жуық түрі бар болса, оның 5-еуі “Қызыл кітапқа” енген. Маса көпқанатты, қосқанатты болып екіге бөлінеді. Ғылым дәлелдегендей масаның бас жағында 100 көз, аузында 48 тіс, ішкі бөлігінде 3 жүрегі болады. Тұмсығында әрқайсысы әртүрлі қызмет атқаратын 6 кескіші, сонымен қатар екі жағында 3 қанаттан орналасады. Қараңғыда адамның терісін…

Толығырақ

Жастар Һәм ислам

Жастар Һәм ислам

Жаңа ғасырдың табалдырығын аттаған тұста елімізде тұралап қалған әр сала өзінше дамуға бет бұрды. Рухани құндылығымызды жаңғыртамыз дегенде ниетімізге қарсы тұрғысы келетін сыртқы күштердің әсері артты. Тіпті Ислам дініне деген сенімімізге селкеу түсіргендей. Дегенмен бүгінде қазақ қоғамында қуанарлық жайт, өскелең ұрпақтың Ислам дініне деген қызығушылығы. Осы тұста дәстүрлі дініміздің қадыр-қасиетін арттырып, жастарды тура жолға бағыттауда қателікке бой алдырмауымыз қажет. Өйткені жастар – еліміздің тұтқасын ұстар болашақ қайраткері, ертеңгі ел тізгінін ұстайтын үмітіміз. Келешектің кемелді болуы да жастардың қолында. Сондықтан елімізде білімді, рухани бай, заманына сай, өзін-өзі басқара алатын тұлға тәрбиелеу…

Толығырақ

ҚҰРАН САЯБАҒЫ АШЫЛМАҚ

Дубайда ерекше саябақ ашылмақ. Аталмыш саябақ мұсылмандардың қасиетті Кітабы – Құран-Кәрімге арналады. Саябаққа қасиетті Кітапта баяндалған оқиғалар мағынасын түсіндіретін жәдігер қойылады. Саябаққа келушілер Құранда келтірілген жемістердің медициналық тұрғыдан пайдасы мен ғылыми артықшылығы жөнінде ақпарат береді. Мәселен, інжір, банан, жүгері, зәйтүн, сарымсақ, қауын, қияр, зімбір, зире, жасымық сынды табиғи өнім туралы мәліметке қанығады. Бұдан бөлек, саябақта Ислам бау-бақшасы, жылыжай, шөлді жазиралы көгал және Испанияның оңтүстігіндегі белгілі андалуз бау-бақшасының негізінде жасалған алаң да бой көтермек.

Толығырақ

500 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ АЗАН ҮНІ

500 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ АЗАН ҮНІ

500 жыл бойы Испанияның Гранада қаласында орналасқан белгілі Альгамбра сарай қабырғасында бес уақыт мұсылмандарды намазға шақыратын – азан үні естілмеген. Жақында сириялық азамат Муаз Әл-Насс бұл жағдайды түзетіп, Альгамбра сарайында тұңғыш рет азан шақырды. Тарихи ғимарат қабырғасында мұсылмандарды намазға үндеп шақырған азан үні бейнеленген бейнеролик «Facebook» әлеуметтік желісіне салынып, оны миллионнан астам адам тамашалаған. Альгамбра сарайы Гранада қаласының мұсылман билеушілерімен 1330 жылы I Юсуфтың әмірлік еткен кезеңінде салынған. 1492 жылы Гранада христиан билеушілерінің қол астына өтеді де сәулет-парктік кешеніндегі мешіт орнына католик шіркеуі пайда болған.

Толығырақ

ӘЛЕМДЕГІ ҚҰПИЯ МЕШІТ

ӘЛЕМДЕГІ ҚҰПИЯ МЕШІТ

Лондонда «The Burdett Estate» деп аталатын жасырын мешіт қызмет көрсетеді. Ол Ист-Лондон орталығында орналасқан. Ғимараттың пішіні мешіт тәріздес болмағанынан көпшілігі оны жай ғимарат деп ойлаған. Мешіттің ең таңғажайып бөлігі – Меккеге қарап тұрған шыны мұнарасы. Шыны мұнарасы бар мешіт қаланың танымал көркіне айналған. Аталмыш мешіттің тағы бір ерекшелігі – ғимарат қабырғаларының бірінде куфикалық стильде жазылған көркем жазу бар. «Алладан басқа құдай жоқ» деген сөйлемше барлық сыртқы есіктер мен терезелерге жазылған. Күн сәулесі түскенде мешіттің ішіне өрме жазу жазылады. Имамның намазда тұратын орны мен мінбер мұнараның ішкі жағында орналасқан. Мешітте оқылған…

Толығырақ

МЕШІТТЕРДЕГІ ТӘРТІПТІҢ БІРЫҢҒАЙ ЕРЕЖЕСІ БЕКІТІЛЕДІ

МЕШІТТЕРДЕГІ ТӘРТІПТІҢ БІРЫҢҒАЙ ЕРЕЖЕСІ БЕКІТІЛЕДІ

Қазақстанда мешіттердегі тәртіптің бірыңға ережесі әзірленді. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына біздің ұсыныс бойынша мешіттердегі тәртіптің бірыңғай ережесі даярланып енгізілді», — Нұрлан Ермекбаев. Оның атап өтуінше, соңғы кездері Қазақстанда дәл бір жоралғы өңірлерлегі имамдармен әртүрлі жасалатындығына шағымдар жиілеп кеткен. «Сондықтан да ҚМДБ-ға жоралғылардың бөлігін бір ізге салу жайында ұсыныс жасадық, қазіргі кезде бұл үдеріс жүріп жатыр», — деп нақтылады ведомство басшысы. Ермекбаевтың айтуынша, имамдар жұмысының форматын өзгерту бойынша тиісті шаралар қабылданды. «Кеңейтілген түсіндіру…

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЖЫЛАР ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЖЫЛАР ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Малғажыұлы қажылармен кездесуде мәлімдеді. «Аллаға шүкір, биыл елімізден қажылыққа аттанған қандастарымыз толық отанымызға оралды. Барлығы дін аман. Науқастанып келген кейбір азаматтар жергілікті емханаларда емделіп жатыр. Биыл Қажылық миссиясымен барған дәрігерлер қажыларға медициналық көмек көрсетті. Отандық дәрілерлердің санын 3 есеге көбейттік. Елімізден 1 млн теңгенің дәрі-дәрмектері Мекке мен Мәдина қалаларына жеткізіліп, науқастанып қалған отандастарымыз дер кезінде қажетті дәрілермен қамтамасыз етілді. Миссия өз жұмысын жоғары деңгейде атқарып келді», – деп атап өтті Ержан қажы Малғажыұлы. Кездесуге ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілі Бауыржан Есмахан, Дін істері комитетінінің бас сарапшысы Нұрғали…

Толығырақ

2500 жерлесіміз қажылық парызын өтейді

2500 жерлесіміз қажылық парызын өтейді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Елордада 400 қажыны ұлық сапарға шығарып салды. Қажылармен кездесуде ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы: «Чартерлік рейс бізге көптеген мүмкіндіктер мен жеңілдіктерге жағдай жасап отыр. Құрметті қажылар, ұлық сапардың əрбір сəтін ізгі, сауапты амалдармен өткізуге тырысыңыздар. Алла Тағала қажылықтарыңызды қабыл етсін. Əмин», — деп батасын берді.  Айта кетейік, отандастарымыз тікелей рейстермен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан Мәдина мен Жидда шаһарына ұшуда. Биыл 2500 жерлесіміз қажылық парызын өтейді. «Қажылық миссиясының негізгі құрамы екі топқа бөлініп, өздеріне берілген тиісті тапсырмаларды орындауда. Топ мүшелерінің дер кезінде бір-біріне…

Толығырақ

МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ – ҚҰРБАН АЙТ

МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ – ҚҰРБАН АЙТ

Мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айт мерекесіне орай, оқырмандардың көкейіндегі сауалдар турасында Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде азаншы, ұстаз найб-иман Мұхтар Қапланұлы айтып берді.            Сауабы мол игі амал Биыл Құрбан айт қыркүйек айының 1, 2, 3 күндеріне сәйкес келеді. Құрбан айттың  бірінші күні таңертең сағат 8-де айт  намазы оқылады. Намаздан кейін құрбандық шалынады. «құрбан» арабтың «қаруба» сөзінен шыққан. Оның мағынасы «жақындау» деген ұғымды білдіреді. Яғни құрбандық шалу арқылы адам Аллаһ Тағалаға жақындайды. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы: «Шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау». Олай болса, құрбандық шалуды тек мал сойып,…

Толығырақ