FIFA рейтингі: Қазақстан жеті саты төмендеді

FIFA (Халықаралық футбол федерациясы) елдері құрамаларының жаңартылған рейтингі шықты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап. Қазақстан құрамасы өткен айдан бері жеті саты төмендеп, 133-орынға тұрақтады. Посткеңестік кеңістік елдерінен тек Литва ғана біздің командадан кейінгі орында. Жаңартылған рейтингте Германия, Бразилия және Португалия көш бастап тұр. 16 қазандағы FIFA рейтингі: 1. Германия — 1631 ұпай 2. Бразилия — 1619 3. Португалия — 1446 4. Аргентина — 1445 5. Бельгия — 1333 6. Польша — 1323 7. Франция — 1226 8. Испания — 1218 9 . Чили — 1173 10. Перу…

Толығырақ

Фируза Шарипова келесі кездесуін Алматы қаласында өткізеді

Фируза Шарипова келесі кездесуін Алматы қаласында өткізеді

Жеңіл салмақта WIBA және WBU белбеулерінің иегері, қазақстандық бұрымды кәсіпқой боксшы Фируша Шарипова өзінің келесі кездесуін 17 желтоқсан күні Алматы қаласында өткізеді. Бұл туралы AllFight.Ru басылымы хабарлайды. Жекпе-жек 12 мың жанкүйерге арналған «Алматы — Арена» спорт кешенінде өтеді. Бокс кешін Шарипованың FSK Promotion компаниясы ұйымдастырып жатыр. Кештің басты жекпе-жегінде Шарипова екінші жеңіл салмақта әлем чемпионы белбеуіне таласады. Егер бұл кездесуде отандасымыз жеңіске жететін болса, екі салмақ бойынша чемпиондық белбеуді алады.  Еске салайық, Фируза Шарипова өзінің қазіргі белбеулерінің 26 тамыз күні елордамыз Астана қаласында халықаралық EXPO-2017 көрмесі барысында өткен бокс кешінде жеңіп алған еді. 

Толығырақ

Еурокубоктарда ел намысын қорғайтын үш клуб белгілі болды

Еурокубоктарда ел намысын қорғайтын үш клуб белгілі болды

Қазақстан біріншілігінің аяқталуына үш тур қалғанда келер маусымда Еурокубоктық додаларда ел намысын қорғайтын үш клуб белгілі болды. Келер маусымда Еуропа алаңдарында шымкенттік «Ордабасы», алматылық «Қайрат» және елордалық «Астана» клубтары ойнайлы. Ал төртінші жолдама «Ертіс» (41), «Тобыл» (40), «Шахтер»(36), «Қайсар» (35) немесе «Атырау» (32) клубтарының біріне бұйыруы мүмкін. Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 30 турынша «Ордабасы» өз тарихында бірінші ретқола жүлдегер атанып, енді келер жылы шымкенттік команда Еуропа лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Ал Чемпиондар лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік беретін ел біріншілігінің алтын жүлдесі кімге бұйыратыны әлі белгісіз болып тұр. Қазіргі уақытта турнир…

Толығырақ

«Алтын доп» иегері кім болады?

«Алтын доп» иегері кім болады?

Франциялық France Football басылымы 2017 жылы «Алтын допқа» үміткер 30 футболшының тізімін жариялады. Бұл тізімге келесідей фут­болшылар енген. Неймар («ПСЖ»), Лука Мод­рич («Реал»), Марселу («Реал»), Пауло Дибала («Ювентус»), Н`Голо Канте («Челси»), Ян Облак («Ат­летико»), Серхио Рамос­ («Реал»), Филиппе Коутинью («Ливерпуль»), Дрис Мертенс («Наполи»), Луис Суарес («Барселона»), Роберт Левандовски («Бавария»), Давид Де Хеа («Манчестер Юнайтед»), Ке­вин­ Де Брейне («Манчестер Сити»), Харри Кейн («Тоттенхэм»), Эдин Джеко («Рома»), Антуан Гризманн («Атлетико»), Джанлуиджи Буффон («Ювентус»), Тони Кроос («Реал»), Садио Мане («Ливерпуль»), Радамель Фалькао («Монако»), Лионель Месси («Барселона»), Пьер-Эмерик Обамеянг («Боруссия» Д), Матс Хуммельс («Бавария»),…

Толығырақ

АСЫҒЫМЫЗ АЛШАСЫНАН ТҮСТІ

Шағын футболдан Тунис елінде өтіп жатқан әуесқойлар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы Кот-д’Ивуардан басым түсті. Топтық кезеңнің екінші туры аясында Қазақстан құрамасы Кот-д’Ивуар құрамасымен кездесіп, 4:2 есебімен жеңді. Осылайша, біздің құрама үш ұпай еншілеп, «Е» тобында екінші орын­ға жайғасты. Әлем біріншілігінің топ­тық кезеңі аясында бірінші турда Қа­зақстан құрамасы Румыниямен кезде­сіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді. Енді топтық кезеңнің соңғы турында біздің құрама 11 қазан күні Гватемала құра­масымен кездеседі. Әуесқойлар арасындағы әлем бірінші­лігінің плей-офф кезеңіне бірінші немесе екінші орын алған құрамалар шығады. Сонымен қатар әр топтан үшінші орын алып, үздік көрсеткішке…

Толығырақ

Құрамаға құлық жетпеді ме?

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңін аяқтады. Топтағы соңғы ойында қазақстандық футболшылар Армения құрамасымен тең ойнады. Астанада өткен ойында қос құрама 1:1 есебімен тең тарқасты. Бірінші таймда қонақтар сапынан команда капитаны Генрих Мхитарян гол соқты. Ал оған осыған дейін «Ақтөбе» сапында ойнап кеткен Маркос Пизелли нәтижелі пас берді. Ал оған дейін Қазақстан құрамасы сапынан Азат Нұрғалиев пен Роман Мұртазаев өз мүмкіндіктерін пайдалана алмаған еді. Екінші та­йм­ды ширақ бастаған Қазақстан құра­ма­сы таразы басын теңестіруге ұм­тыл­ды. 62-минутта­ қап­талдан Роман Мұр­та­заевтың әуелете асыр­ған до­бы­на  Бауыр­жан Тұ­рысбек бірінші…

Толығырақ

МЫҚТЫЛАР ІРІКТЕЛДІ

МЫҚТЫЛАР ІРІКТЕЛДІ

Футболдан Исландия құрамасы  өз алаңында Косово құрамасын жеңіп, 2018 жылы Ресей жерінде өтетін әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне шықты. Рейкьявик қаласында өткен ойын 2:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. Исландия құрамасы сапында Гилфи Сигурдссон (40-минут) мен Йоханн Гудмундссон (68-минут) гол соқты.Осы топта өткен тағы бір ойында Хорватия құрамасы Киевте Украина құрамасын 2:0 есебімен жеңсе, Түркия құрамасы сырт алаңда Финляндия құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнады. Осылайша, Исландия құрамасы 22 ұпай жинап, өз тобында бірінші орын алып, әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне тікелей жолдама алып отыр. Ал Хорватия құрамасы 20 ұпаймен екінші орынға жайғасты….

Толығырақ

ЕРЛІКТІҢ ШАРТЫ – ӨЗІҢЕ СЕНГЕНДІК

ЕРЛІКТІҢ ШАРТЫ – ӨЗІҢЕ СЕНГЕНДІК

Жақсылық Әмірәліұлы Үш­кемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалық маман­дықты таңдап, Семейдің мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. 1974 жылы ин­ститутты тәмамдап, Алматы қаласына келеді. Мұн­дағы мақсаты елімізге ең­бе­гі сіңген жаттықтырушы В.А.Писаревтің басшы­лығы­мен спорттың күрес түрімен те­реңірек айналысу. Ол – қазақша күреспен бала ке­зін­де, ал классикалық жә­не еркін күреспен инс­титут қабырғасында оқып жүргенде айналыса­ бастаған. 1970 жы­лы жаттықтырушы Рома Ха­санович Ильматовтың ке­ңесі бойынша өзіне таныс емес күрестің жаңа клас­си­калық түрімен айналыса бастады. Арқадан асырып­ лақтыру әдісін жақсы мең­ге­реді. Күрес кезінде қарсы­ласын дәл бағалай…

Толығырақ

Зарина Дияс әлемнің 4-ші ракеткасымен күш сынасады

Зарина Дияс әлемнің 4-ші ракеткасымен күш сынасады

Қазақстандық спортшы Зарина Дияс Қытайдың Гонконг қаласында өтетін теннистен ашық турнирде өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Зарина WTA аясында өтетін турнирді бірінші айналымнан бастайтын болады, оның қарсыласы әлемнің 4-ракеткасы украиналық Элина Свитолина. Айта кетейік, «Hong Kong Tennis Open» турнирінің жалпы жүлде қоры 500 мың АҚШ долларын құрайды. Бәсеке 7-15 күні аралығында Гонконг қаласында өтеді. Еске сала кетсек, Зарина Дияс жаңарған WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) рейтингінде 37 орын жоғарылап, 63-орынға табан тіреді.  

Толығырақ