Баспасөзге жазылу – 2018 өз газетіңе жазыл, оқырман!

Бұл – азат елдің жарқын мұраты жолында алдаспандай жарқырап, ұлт сөзін сөйлеген Сыр елі жастарының басылымы. Бұл – қоғамның дерті мен дауасын тамыршыдай тап басқан, жазғаны оқырман көкейіндегісімен үндескен мезгіл айнасы. Бұл – кешегі мен бүгінгінің және болашақтың алтын көпірі іспеттес «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» (Абай) іздеген жанның тілеулес досы. «Газеттің өзі – бір күндік, сөзі – мың күндік». «Ақмешіт жастары» газетіне жазылыңыз! Жекеге де, мекемеге де бірдей, 6 айға жазылу бағасы – 1500 теңге. Газет индексі – 65425. Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі №4 А. Т.Жүргенов атындағы…

Толығырақ

«Zhibek Zholy. Kazakhstan» атты фото және бейнебайқау жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Елорданың туризм қауымдастығымен бірлесіп, «Zhibek Zholy. Kazakhstan» атты фото және бейнебайқау өткізеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.  Іс-шара 2017 жылдың қараша айында Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында өтетін «Қазақстанның Ұлы Жібек жолымен саяхат» халықаралық фестиваліне орайластырылған. Фото және бейнебайқауға ниет білдіруші кез-келген адам қатыса алады. Ол үшін байқауға қатысушы Елордалық туризм қауымдастығының www.astana-tourism.kz сайтынан байқаудың ережесімен танысып, өтінім беруі керек. Байқау 2017 жылдың 28 қазанына дейін жалғасады. Фотобайқауға қатысушылардың жұмысы 3 аталымға бойынша қарастырылмақ: Жібек…

Толығырақ

Жастар кадолық резерві

Жастар кадолық резерві

ЕРЕЖЕ «Ұйымдастырушылық қабілеттер мен көшбасшылық қасиеттерге ие жастарға және сонымен қатар жастар ұйымдарының басшыларына білім беруге бағытталған «Жастар кадрлік резерві» I. Жалпы ережелер 1.1. «Жастар кадрлік резерві» — бұл мансаптық дамуға ұмтылған, кәсіби біліктіліктері мен басқару құзыреттері жоғары деңгейде дамыған мамандардың республикалық мәліметтер базасы. 1.2. Жастар кадрлік резервін қалыптастырудың мақсаттары: — кәсіби өзін-өзі жетілдіруге ұмтылған жас басқарушыларды іздестіріп, іріктеу, жастар арасында парламентшілік пен құқықтық және саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпал ету. — олардың кәсіби өрлеуіне жәрдемдесу және қоғамдық мойындауын қамтамасыз ету, оларға білім беру, біліктіліктерін арттыру; 1.3.Жобаның міндеттері: — Анықтау, іріктеу,…

Толығырақ

ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы»ММ Қызылорда облысы бойынша филиалы КЖМҚБ-нің фельдшер-диспетчері Б.Байтұрғанов Суда абай болыңыз. Жаз айларында күн ысып суға шомылу, күнге қыздырынатындар саны күрт артады. Облыс көлемінде суға кеткендер саны -25, оның ішінде бала. Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелерін сақтамауы қайғылы оқиғаларға әкеп соқтырып жатады. Сондықтан тілсіз жаудан қорғанудың ең сенімді жолы – суда жүзу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау. Суға бату – демалу жолдарына сұйықтықтың толып қалуының нәтижесінде адам демала алмай, тұншығады. Зардап шеккен адамның терісі бозарады, беті мен ерні қарайып кетеді,…

Толығырақ

Халықаралық жастар күніне орай шет аймақта орналасқан Титов-Гагарин қыстағының орталығында  М. Ералиева атындағы мәдениет үйінің алдында және орталық алаңда мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бойынша кеңес беру шарасы өткізілді. Шараға «Тұрғын үй Құрылыс Жинақ Банкі» аға консультанты М. Айдаров, «Жезқазған көлік және бизнес» колледжінің кеңесшісі, «Жас құрылысшылар еңбек жасағы» ҚБ-нің атқарушы төрағасы М.Әбдірайхан қатысты.

Толығырақ

ХАБАРЛАНДЫРУ

2017 жылғы 10 қыркүйекте сағат 15:00 шамасында Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы Жедел басқару орталығының «102» арнасына ұялы телефон арқылы қала тұрғыны хабарласып, қала орталығындағы көпқабатты үйдің 3-қабатында күмән тудырарлық қорап жатқаны туралы хабарлайды. Оқиға орнына Облыстық ішкі істер департаментінің және басқа да құрылымдардың күш-құралдары жұмылдырылып, тұрғындар қауіпсіз аймаққа шығарылды. Оқиға орнында толық тексеру жұмыстары жүргізіліп, табылған қораптың ішінде от-шашулар бар екені және айналаға қауіп төндірмейтіні анықталды. Жедел-іздестіру жұмыстары барысында аталған қорапты 1973 жылы туылған пәтер иесі қоқыс ретінде подъезге шығарып тастағаны белгілі болып, аталған азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік…

Толығырақ

КҮННЕН ДҰРЫС ҚОРҒАНАЙЫҚ

Жаз мезгілі шығысымен оңтүстік аймақтарда аптап ыстықтың артатыны баршаға аян. Әсіресе шілде айы өзінің ми қайнатар ыстық күндерімен ерекшеленеді. Халқымыздың бұған қатысты «Шілденің шіліңгір ыстығы» деген сөзі бар. Бұл да жайдан-жай айтылмаса керек. Биыл шілде мен тамыз айларында ауа температурасы жоғары болады деп күтілуде. Тұрғындар аптап ыстықтан біршама қиналып, тіпті күн өткізіп алатыны жасырын емес. Жалпы денеге күн өту біз ойлағаннан да тез іске асады, сондай-ақ денсаулыққа біршама зиян тигізеді. Күн сәулесін шамадан тыс өткізіп алғанда дене қызуының жоғарлауы, терінің қызаруы, тамыр соғуының жиілеуі, бас ауруы, әлсіздік, жүрек айну, мұрыннан…

Толығырақ

ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі  халыққа арналған жаднама Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар. Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар. Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық — жабықтығын тексеріңіздер. Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар. Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан…

Толығырақ

ЖАРТЫ ЖЫЛДА 84 КОНКУРС ӨТКІЗІЛДІ

ЖАРТЫ ЖЫЛДА 84 КОНКУРС ӨТКІЗІЛДІ

Мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен биылғы алты айда жалпы құны 22 млрд. 786 млн. теңгені құрайтын 84 конкурс өткізілді. Сатып алу қорытындысында үнемделген қаржы 1 млрд. 2 млн. 039 мың. 897 теңге болды. Бұл туралы мемлекеттік сатып алу басқармасының мамандары хабарлады. Жарты жылда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен 4-семинар, 1- дөңгелек үстел өткізілді. Бұдан бөлек, басқармасы қызметкерлері Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының» тыңдаушыларына «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тақырыбында 26 сағат…

Толығырақ

ҚАЛАНЫ ЛАСТАҒАНДАР ҚОМАҚТЫ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

Қоғамдық тазалықты сақтап, өзегінің еңбегіне сыйластықпен қарау әрбір азаматтың парызы. Кез келген заң бұзушылықтың барлығы ұсақ тәртіпсіздіктерден басталатынын ескерсек, көшені ластағандар жазасыз қалмауы тиіс. Құқық қорғау саласының қызметкерлері осы бағыттағы тәртіпсіздіктермен күрес жұмыстарын қарқынды түрде жалғастыруда, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Осы жылғы 4 шілдеде полиция қызметкерлері үйінен шығарылған қоқысты қала орталығындағы арықтардың біріне тастай салған қала тұрғынын байқайды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды. Дәл осы күні бейнебақылау камераларының назарына әңгіме-дүкен құрып отырған 4 азаматтың…

Толығырақ