30 градус аяз болады

30 градус аяз болады

Қыстың ызғары қарашаның соңында сезіледі. Бұл туралы баспасөз мәслихатында «Қазгидромет» РМК ауа райының ұзақмерзімді болжамдар басқармасының басшысы Гүлмира Ақышева мәлім етті. «Қараша жауын-шашынды әрі желді, сондай-ақ таңғы және түнгі сағаттарда тұман басып, көктайғақ болады деп күтілуде. Айдың орта кезінде елдің солтүстігі, шығысы және орталығында қар жауып, боран соғады. Қараша  айында суытудың үш толқыны байқалады», — деп тоқталды Г. Ақышева Орталық коммуникациялар қызметінде. Ұзақ мерзімді болжамдарға сәйкес, Қазақстанда қыс ерте әрі қарлы болады деген болжам бар. Еліміздің солтүстік, орталық, шығыс аймақтарында тұрақты қар қарашаның  ортасында түссе, оңтүстік және батыс аймақтарда желтоқсанның…

Толығырақ

Төреғалидің үйлену тойы тікелей эфир арқылы көрсетілмек

Төреғалидің үйлену тойы тікелей эфир арқылы көрсетілмек

“Жұлдызды көрсеткен соң, елдің бәрі әйелдерін көрсете бастады!” Бұл “Арман” фильмінің тұсаукесерінде Қайрат Нұртастың әріптесі Төреғалиге меңзеп айтқан сөзі. Алайда Ұлы дала баласы бұл жайтты жоққа шығарды. Тағы да сөзге қалмау үшін отау құрғанына үш жыл болған Төреш өзгелерден ерекшеленбек ниетте, деп жазады Stan.kz. Төреғалидің тойы отандық арналардың бірінен тікелей эфир арқылы көрсетіледі! Бұл ақпараттан құлағдар болған жұрт әншіні бірден сынай жөнелген еді. “Онсыз да көгілдір экранды жаулаған әртістің тойын тікелей эфир арқылы көрсету не сән?” деп дауласты жұрт. Алайда елдің пікіріне қарамастан, Төреғали бұл ойынан бас тартпаған. Тіпті, 17 қазан…

Толығырақ

Лионель Месси үшінші рет әке атанады

Лионель Месси үшінші рет әке атанады

Каталониялық «Барселона» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси үшінші рет әке атанады. Бұл туралы футболшының жұбайы Антонелла Рокуццо айтты, деп хабарлайды «Р-Спорт» порталы.  Месси мен Ракуццоның тойы 30 маусым күні Аргентинаның Росарио қаласында өткен еді. Ал бұған дейін Рокуццоның жүкті екенін испаниялық БАҚ хабарлады. «Бес адамнан тұратын отбасы»- деп пікір жазды Instagram парақшасында.  Айта кетейік, 30 жастағы Месси мен 29 жастағы Рокуццода қазір Тьяго деген ұлы мен Матео деген қызы бар. Месси — бес рет әлемнің үздік футболшысы атанған жалғыз футболшы. 

Толығырақ

«Әлемдегі ең пайдасыз әуежай» алғашқы тұрақты рейсін қабылдады

«Әлемдегі ең пайдасыз әуежай» алғашқы тұрақты рейсін қабылдады

Ұшақ Йоханнесбургтен ұшып келді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап. Ұлыбританияға қарайтын Әулие Елена аралында орналасқан әуежай 14 қазанда алғашқы тұрақты жолаушылар рейсін қабылдады. Оңтүстікафрикалық SA Airlines лайнері Йоханнесбургтен алты сағат ұшып келді. Ұшақ бортында 78 адам болған. Енді мұндай рейстерді апта сайын орындау жоспарланып отыр. Әулие Елена аралында 4,5 мыңдай адам тұрады. Әуежай құрылысына Ұлыбритания қазынасынан 285 млн фунт стерлинг бөлінген. Бірақ нысанды жобалау кезінде қателіктер кетіп, әуежай ұзақ уақыт ірі ұшақтарды қабылдай алмады. Осыған байланысты британиялық БАҚ әуе айлағына «әлемдегі ең пайдасыз әуежай» деген баға…

Толығырақ

Ғалымдар: Үш сағаттан артық жұмыс істеу – бос әуре

Ғалымдар: Үш сағаттан артық жұмыс істеу – бос әуре

Британ ғалымдары үш сағаттан артық жұмыс істеу бос әурешілік екенін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы life.ru жазады. Британ ғалымдары екі мың кеңсе қызметкерінің арасында сауалнама жүргізген. Нәтижесінде олардың бір күнгі жұмыс уақытында үш сағаттан артық қана өнімді жұмыс істейтіндері анықталды. Сауалнамаға қатысушылардың 79 пайызы «Сіз күні бойы жұмыста өнімді еңбек етесіз бе?» деген сұраққа «жоқ» деп жауап берген. Одан кейін зерттеушілер олардан жұмыс күнінде қанша уақыт өнімді еңбектенетіндерін сұрастырған. Сол кезде кеңсе қызметкерлерінің орташа есеппен алғанда 2 сағат 53 минут өнімді еңбек ететіндері белгілі болған. Зерттеу нәтижесінде…

Толығырақ

Шашты жиі бояу қатерлі ісікке шалдықтырады – дәрігерлер

Шашты жиі бояу қатерлі ісікке шалдықтырады – дәрігерлер

Сүт безі ісігіне шалдыққан науқастардың ауру тарихын зерттеген дәрігерлер осындай қорытындыға келді,  РИА Новости-ге сілтеме жасап. Шашты жылына алты реттен көп бояу сүт безі ісігіне шалдығу қаупін жоғарылатады. Бұл туралы Лондоннның Princess Grace Hospital ауруханасының дәрігері, профессор Кефан Мокбел айтты. Дәрігер кеуде ісігімен ауыратын науқастардың ауру тарихын зерттеп шыққан. Нәтижесінде шашы боялған әйелдерге бұл диагноз 14 пайызға жиі қойылатыны анықталды. «Зерттеу барысында шаш бояғыштың әсері мен сүт безі ісігінің арасында статистикалық байланыс бары анықталды. Сол себепті мен шашты жылына алты реттен аз бояп, үнемі мамандарға қаралып отыруға кеңес беремін», —…

Толығырақ

Жапонияда зейнеткер сарымсақтан кофенің жаңа түрін жасап шығарды

Жапонияда зейнеткер сарымсақтан кофенің жаңа түрін жасап шығарды

Жапонияда дәмхана қожайыны сарымсақтан кофе дайындау әдісін ойлап тапты. 74 жастағы аспазға бұндай ой 30 жыл бұрын келген екен. Ол өзінің алаңғасарлығынан және дәмханада адамның көптігінен стейкті сарымсақ тұздығында көп ұстап, күйдіріп алады. Сосын ол күйген сарымсақты ыстық суға салып қояды. Жаңағы сарымсақ қосылған судың дәмі кофеге ұқсайтынын байқайды, тек ащы. Бірақ ол кезде бұл сусынға аса мән бермейді, тек зейнеткерлікке шыққан соң ғана сарымсақ қосылған сусыны еске түседі. Қазір ол кәдімгі кофе секілді дайындалатын ұнтақталған сарымсақ өндірісін қолға алған. Бірінші сарымсақты қуырып алып, содан кейін ғана ұнтақтау керек. Сусыннан…

Толығырақ

ЖЕРЛЕСІМІЗГЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРЕЙІК

ЖЕРЛЕСІМІЗГЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРЕЙІК

Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қорының бірегей жобасы ұлттық «Бала дауысы» ән байқауына іріктеу сайысы Қазақстанның бүкіл облысын қамтыды. Бүгінде өз өнерімен байқау төрешілерін таңқалдырған жас та, дарынды әнші − Назерке Шамбилова ұлттық додада облысымыздың намысын қорғауда. Ерекше сүйкімділігімен көрерменді баурап алатын 12 жастағы Назерке Байқоңыр қаласының №275 мектебінде 7-сынып оқиды. «Бала дауысы» ұлттық ән байқауына талаптанып, қатысуға да өзі шешім қабылдаған. Іріктеу сайысында Қы¬зылорда об¬лысының 160 жас дарынының ішінен топ жарып, бай¬қауға жолдама жеңіп алды. − Қызым ән айту десе, ішкен асын жерге қояды. Кішкентайынан халықтың алдына шығып, өнер көрсеткенді…

Толығырақ

КҮМІС КӨМЕЙ

КҮМІС КӨМЕЙ

Облысымызда дәстүрлі де, эстрадалық та, тіпті опера бағытында ән салатын жастар көп. Соның бірі халықаралық опера байқауларында жүлделі орындарды иеленіп, өзінің ерекше дауысымен елді таңқалдырған дарынды әнші – Диас Омар. Ол 2001 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Мектепті үздік бітіріп, бүгінде Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінде білім алуда. Диастың ән айтуға деген қызығушылығы алты жасында оянған. Бірақ өзінің ерекше талантын тек 6 сыныпта мектеп мұғалімі байқағаннан кейін, шыңдай бастаған. − Алтыншы сыныпта өзін-өзі тану пәнінде мерекелік шара өтті. Сонда халық әні «Бипылайды» орындадым. Сыныптастарым тым-тырыс отырып, сүйсіне тыңдады. Осыны байқаған…

Толығырақ