ТҮБІ БІРДІ КӨКІРЕКТЕН  ИТЕРУ КІМГЕ ОПА?

ТҮБІ БІРДІ КӨКІРЕКТЕН  ИТЕРУ КІМГЕ ОПА?

Екі қазақ иен далада келе жатып, демалу үшін аттан түсіпті. Жерге отырғалы еңкейе бергенде, бір-бірін ысырып, «әрі отыршы» деген екен. Кең жерде сыйыспаған қазақтың баласы, бодандықтан босап, өз тізгіні өзіне тигенде де «әрі отыршыдан» аса алмай жүр. Әйтпесе, шетелден «атажұртым» деп еміреніп, туған жердің топырағын ұстап тебіренген бауырға «оралман» деп тіл қатар ма едік? Қытайдан келген қандасымызға «сендер өзі не жейсіңдер» деген ойсыз сауал қояр ма едік? Жаңаөзендегі мұнайшылардың жанайқайын ұйымдастырып, «майға от құйған» деп түбі бір туысымызды­ кі­нәлар ма едік? БАҚ өкілдері қылмыс жасаған кәдуілгі қазақтың аты-жөнін жасырып, қысқартып…

Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІККЕ МІНДІҢ БЕ, МІНСІЗДІГІН КӨРДІҢ БЕ?

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІККЕ МІНДІҢ БЕ, МІНСІЗДІГІН КӨРДІҢ БЕ?

Халықты лық тиеген автобус қала орталығымен жүйткіп барады. Бұл жай автобус емес, қоғамдық көлік, қала ішінде жолаушы тасымалдауға бағытталған көлік. Меншік иесі: «Қызылорда автобус паркі» емес. Бірақ, сол мекемеге қарайтын, сол ұжымның ережесіне бағынуы тиіс көлік. Алайда ережеге пысқырып та қарамайды. Көлік іші толы шаң, оған шопыр шеккен шылымның түтінін қосыңыз. Шулаған халықты тыңдайтын шопыр жоқ. Жүйткіп келеді. Бір-біріне иық тірескен халықтың құлап жатқанына қарап жатқан ол жоқ. Өйткені оның ойы 90 теңгені күндегіден артық алу керек. Бұл халық көріп жүрген шындық. Құй сеніңіз, құй сенбеңіз… Қалалық жолаушылар тасымалдау көлігінің…

Толығырақ

НАҒЫЗ ҚАЗАҚ ОСЫ, МІНЕ, ТАНЫП ҚОЙ…

НАҒЫЗ ҚАЗАҚ ОСЫ, МІНЕ, ТАНЫП ҚОЙ…

Ғаламторды ақтарып отырсаңыз, неше түрліні көресіз. Танымдық материалдардан бастап, ұлттардың физиологиялық ерекшелігіне қатысты жазбалар толып тұр. Мысалы, ең әдемі қырғыздар, түріктер, ұйғырлар деген материалдарды көзім шалып қалды. Ерінбей уақыт бөліп қарап шыққан адам, әр ұлттың өзіне тән колоритін көреді. Осындай рейтингте қазақта жүр. Бірақ, одан біздің ұлттың ассимиляцияға қатты ұшырағаны кәдімгідей байқалады. Ұйғырлар көп ішінен ерекшеленіп тұра¬ды, түрік те осы. Тіпті орыстардың өзі басқа еуропалықтармен салыстырғанда өзгеше. Тіпті, былай қарағанда бір-бірінен айнымайтындай көрінетін қытай мен кәрісті де ажы-ратуға болады. Ал ат төбеліндей ғана қа¬зақ¬тың келбетінен түрлі ұлттың колоритін кө¬ресің. Неге?…

Толығырақ

КИНОМЕН РУХТЫ ТІРІЛТЕЙІК…

КИНОМЕН РУХТЫ ТІРІЛТЕЙІК…

Кино – өзгеше сиқырлы әлем. Себебі ол жақта уақыт, кеңістік, оқиға бір сәтте өзгереді. Сол сиқырлы әлемнің билеушісі – режиссер, ол көрерменін өзі қалаған оқиға желісіне түсіріп, таңдап алған актері шеберлігімен бірде жылатып, бірде күлдіріп, бірде шабыттандырып, кинотеатрдан ерекше көңіл-күймен шығуыңа ықпал етеді. Бірақ көрерменнің жүрегіне кез келген кино жол таба бермесі анық. Ол үшін қызықты сценарий, сапалы техника, көрерменнің қалауын дәл табатын режиссер, білікті актерлер қажет. Осы айтылғандардың барлығы бар болса да, ғасырлар бойы көрермен қайталап көруге жалықпайтын кино түсіру қиын. Ал елімізде осындай кинолар бар ма, түсіріліп жатыр…

Толығырақ

Қан тазалығы

Қан тазалығы

Қаны таза халыққа дауыл әкелді ме, жауын әкелді ме даун жабысты. Жел әкелді ме, жер әкелді ме Жубердің синдромы пайда болды. Оған Кэнэвен ауруын, Тёонердің синдромын қосыңыз. Қазаққа атын атап көрмеген бәлелердің бәрі жабысты. «Ауру – астан» деп, тамақтан ұшынбаса, күндіз-түні жорт¬қаннан жел-құз жабыспаса, басқа дерттен аман едік. Көз тиді мен тымау тидіні ең қауіпті ауру деп білген қазақ сол қауіпіне зар болып қалғандай. Бұрынғы қазақ киіз үйдің ішінде қыстың күні киіз жамылып, ешқандай дерттен қырылмап еді. Әуелі қымыз ішті, қан тазалығына мән берді. Әйтеуір кең байтақ далада сайранды өмір…

Толығырақ

ШӨП ҚАДІРІН БІЛДІК ПЕ, ҚАСИЕТІН САРАЛАП…

ШӨП ҚАДІРІН БІЛДІК ПЕ, ҚАСИЕТІН САРАЛАП…

Дана халқымыз өсімдік шипалық қасиетіне де көп көңіл бөлген. Көшпелі өмір салтын ұстанған қазақ халқы әр өсімдіктің пайдасы мен зияны туралы тамаша білген. Бала кезімізде сыздауық көп шықса алоэ гүлін таңып қоятын. Емдік қасиеті бар өсімдік іріңді сіңіріп алып қана қоймай, жараның орны жазылуына да әсер ететін. Тұмау тиіп ауырғанда, адыраспанға тұз қосып үйдің ішін, отбасы мүшелерінің бәрін аластап шығатын. Жел-сыздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тартып жүретін әжелеріміз. Адыраспанның сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішкізетін. «Есте сақтау қабілеттерің жақсы болады» деп отыратын…

Толығырақ

ИНДИГО ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

ИНДИГО ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Қоғамда көп айтылып жүрген тақырыптардың бірі – индиго балалары. Олар туралы қауесеттер 90 жылдардың төңірегінде айтыла бастады. Ғалымдар бүлдіршіндерге ДНҚ-лық сараптама жүргізген кезінде, қан құрамының 95% кейінгі адамдармен салыстыра қарағанда қуатты келген. Бұл қорытындылар ресми түрде дәлелденген. Зерттеулер нәтижесінде адам генетикасының өзгергені анық байқалады. Әлеуметтік қоғам индиго тақырыбына тоқталғанда, басым көпшілігі күмәнмен қарап оларды жаңа дәуірдің ұрпақтары деп есептейді. Олай болса «индиго» дегеніміз не және оған қандай түсіндірмелер бар? «Индиго» терминін ғылымға естен тыс құбылыстармен айналысатын маман иелері алып келген. Ғалымдар ең алдымен ерекше балалардың аурасын зерттеп, аураның қара-көк түстес…

Толығырақ

ТЕҢГЕ СҰРАҒАН ЕМШІ МЕ, ДҮМШЕ МЕ?

ТЕҢГЕ СҰРАҒАН ЕМШІ МЕ, ДҮМШЕ МЕ?

«Кімге не?» жарнама газетінен тұрмысқа қажетті ақпарат іздеу мақсатында бір шолып шықтық. «Келгеніңізге өкінбейсіз» деген үлкен әріппен жазылған жарнама көзге еріксіз түсті. Байқағанымыз «бедеулік, маскүнемдіктен арылу, жолы болмай жүргендерге жол ашамын, екі жасты қосамын» деп жазыпты. Бедеулік пен маскүнемдікке дәрі беріп, сеніміне ие болар. Ал екі жасты қалай қосады. Сәтсіздікке жиі ұшырайтындардың жолын қалай ашады? Ойланып қалдық. Мұнан бөлек, түрлі тәуіптер мен емшілердің жарнамасынан аяқ алу мүмкін емес. Жоғарыда аталғандардың қайсысы дертке дәру, жанға шипа бола алады? Әлде бұл сенімге ие болып, ақша табудың амалы ма? Осы мәселені зерттеу мақсатында…

Толығырақ

ЖАСТАР КІТАП ОҚИДЫ МА?

ЖАСТАР КІТАП ОҚИДЫ МА?

Кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті», «кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деген екен Ғабит Мүсірепов. Жалпы қазіргі адамның кітап оқуға құлшынысы қалай немесе оған уақыты бар ма? Бүгінде жастар қандай кітап оқиды деген сауалға жауап іздеп көрген едік. Сұрақтарға жауап бермес бұрын, бір оқиғаны баяндасам. Жақында жастар көп шоғырланған ортада мерекелік шара өтті. Аталмыш шараға ақын-жазушылар, ғалымдар, кітапхана қызметкерлері жиналды. Барлығы белсенді атсалысып, ойын ашық жеткізуде. Көзіме түскені жас жігіттің…

Толығырақ

БАЛАҢЫЗ КІМ БОЛАДЫ?

БАЛАҢЫЗ КІМ БОЛАДЫ?

Балаңыз кім болады? Бұл сұраққа келгенде ата-ананың пікірі екіұдай болары сөзсіз. Кейбір ата-ана баласының өзі таңдаған мамандығына келісім беріп, еркіндік танытып жатса, кейбірі бұған үзілді-кесілді қарсы шығып, «ол мамандықтан ақша таба алмайсың» деген уәжбен баласын райынан қайтарады. Қайсысы дұрыс? «Мен түспеген мамандыққа сен түстің, менің орындалмаған арманымды сен жүзеге асырасың», «Сен осы салаға бейімсің, осы салада сен ашыласың», «Саған керек мамандық осы, мен білемін ғой саған не керек екенін», «Сен бізді мына мамандықпен жерге қаратасың», «Әкеңнің мамандығын таңдамай-ақ қой, білеміз ол саланы басқаға бет бұр!» деген секілді мамандық таңдардағы бала…

Толығырақ