Бейбіт Құсанбектің «Өмір -Өзен» кітабының тұсаукесері өтті

Астанада танымал тележүргізуші, тіл жанашыры, қазақ журналистикасында орны бөлек дара дарын иелерінің бірі болған Бейбіт Құсанбектің «Өмір өзен» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Өзінің қысқа ғұмырында артында өшпес із қалдырып, сөз өнерінің, тіл өнерінің жетесіне жете білген журналист осыдан 10 жыл бұрын 45 жасында дүниеден озған болатын. Артында қалған мол мұрасын жинақтап, көрерушілеріне, оқушыларына, тыңдаушыларына жеткізу жары – Ғазиза Исахан мен ұлы Бейбарыстың мойнына артылған жүк болды. Бұған дейін «Өлең – Өзім» (2007), «Ғұмыр – дария» (2008), «Ел ағалары» (2009) және «Бір сәт және бүкіл ғұмыр»…

Толығырақ

Рақмет саған, дәрігер!

Көптен бері коксартроз дертіне шалдығып, екі аяқты тең басу қиынға соқты. Таяққа сүйкеніп жүруден қалдым. Ақыры портал бойынша кезекке тұрып, облыстық медицина орталығының «Жарақат» бөлімінде емделдім. Маған бөлім меңгерушісі Айдос Сапаров, бас травмотолог Амантай Алдамжаров, дәрігер Нұрман Рахманұлы ота жасады. Алпыстан асқан ота жасату өте қиын екен. Қатты қорқып, кәлимамды қайтарумен болдым. Алайда қолы жеңіл, білікті мамандар демде ота жасап тастағанын да аңғармай қалдым. Бір жеті ем алып сауығып, отбасыма оралып отырмын. Басылым арқылы ақ халатты абзал жандарға Сыр медицинасының абыройлы дәрігерлеріне аналық алғысымды білдіремін. Несібелі ЕСҚАРАЕВА, Бұқарбай батыр ауылы,…

Толығырақ

Анафилактикалық шок

Анафилактикалық шок — организмге аллерген енген жағдайда бірден дамитын аллергиялық реакция нәтижесінде пайда болатын өмірге қауіпті патологиялық процесс.  Ағымы — жедел басталады, артериалдық қысым тез үдемелі төмендейді, естен тану, тыныс жетіспеушілігі үдейді. Бұл ағымның ерекшелігі жүргізілген белсенді шокқа қарсы емге төзімді және үдемелі терең коматозды жағдайға дейін дамиды. Алғашқы минуттарда немесе сағаттарда өмірлік маңызды ағзалардың зақымдануына байланысты өлімге әкеледі. Бұл ағым екі түрде өтуі мүмкін. Жедел тыныс жетіспеушілігімен немесе жедел тамыр жетіспеушілігімен.   Аллергеннің организмге одан әрі түсуін тоқтату: иньекция орнын немесе жәндік шаққан жерді пайыздың 0,5 мл эпинефрин ерітіндісін 5,0 мл…

Толығырақ

ӨҢІРДЕ СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ

Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы қандай қызмет атқарады? Жалпы көпшілік басқарманың атауын жиі естігенмен, қызметін бағамдай бермейтіні жасырын емес. Басқарма басшысы Серік Сермағанбетовтың қатысуымен өткен брифингте өткен алты айда атқарылған жұмыстарға баса назар аудардық. Биыл таулы аймақтардағы жауын-шашынның мол түсуінен, Шардара қоймасы мен Көксарай су реттегішіне мол су жинақталды. Сырдарияда сел қаупі төнді. Алдын-ала ескертілгенмен, Жаңақорғандағы қамсыз отырған шаруалардың уақ малы шығын болды. Басқарма басшысының айтуынша, тіркеуде тұрған малдың шығынын мемлекет толықтай өтеген. Ағымдағы жылы республиканың 7 облысында су тасқыны жүргендіктен билік қауіпсіздік шарасына ерекше көңіл бөлді. Нәтижесінде 2017-2020 жылдарға…

Толығырақ

КІТАПХАНАДА КӨРМЕ АШЫЛДЫ

Рухани орталықта Астана күніне орай кітап көрмесі ашылды. Шараның жүгі ауыр, маңызы зор. Тәуелсіздіктің аты тәтті болғанмен, затының дәмі сондай болды деп айта алмаймыз. Азаттықтың алғашқы жылдарында елді жаппай жұмыссыздық жайлап, кітапханаға қара құлып салынды. Жасыратыны жоқ, сол заманда талай кітап отқа тамызық болып кетті не жоғалып тынды. Ал рухани құндылықсыз, тек экономикамен елдің бір жағадан бас шығаруы қиын. Жаңа ғасырға бір жыл қалғанда Әбділдә Тәжібаев аты берілген облыстық кітапхана елдің рухани кемелденуіне атсалысуда. «Айбыны асқақ, тұғыры биік Астана» атауымен өткен шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс, Қорқыт ата…

Толығырақ

ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ

     Менің арманым —  журналист болу. Бала күнгі арманыма қол жеткізсем деймін. Алда түрлі сынақ күтіп тұр. Әрине, бүкіл отбасымызбен толқып жүрміз, қорқыныш та жоқ емес. Қалай болады деген сұрақ әр бітіруші түлектің ойынан кетер емес. Бұл мамандық мені несімен қызықтыра алды және не себепті таңдағым келеді? Журналистикаға көк сандықтан жарқ ете қалу үшін немесе үлкен газет беттерінде мақалам соңында аты-жөнім тұруы үшін барғым келмейді. «Қарамықтың дәні болғанша, бидайдың сабаны бол», – дейді дана Абай. Журналистиканы өз мүддем үшін сүймеймін яки, сүйгенім үшін ғана өмір теңізіндегі қайығымның ақ желкенін онда…

Толығырақ

БІЛІКТІ МАМАН – НҰРЛЫ БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар әрбір педагог қауымының жаңа идеялар мен жүйелер бойынша жұмыс жасауына негіз болары анық. «Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығының 1-тармағында «Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары» көрсетілген. Осы нормативтік құжат негізінде Білім және ғылым министрлігі Түркия республикасының үкіметі жанындағы ынтымақтастық меморандумы шеңберіндегі жоспарға сәйкес, Стамбул қаласының техникалық және кәсіптік білім саласы оқу орындарымен іс тәжірибемен алмасу және тағылымдамадан өту бойынша биылғы…

Толығырақ

ЖАСТАРДЫҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ

Аймақ басшысының қолдауымен, Қызылорда облысы мәдениет мұрағат және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен кеше А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Ел дамуына тың қарқын» атты мәдени-үгіт бригадаларының облыстық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – дәстүрлі жолдауды халыққа насихаттау. Әлемдегі төртінші өнеркәсіптік револютция басталғанда қажеттіліктен туған үшінші жаңғыру. «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік». Инновация, стандарт, IT технология, цифрлы Қазақстан бағдарламасы жолдаудың басым бағыты. Алғаш сөз алған «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы орынбасары Әділбек Ерсұлтанов Елбасы Жолдауына қатысты өз пікірін білдірді. Байқауға Қызылорда қаласы мен аудандардан барлығы 9 мәдени-үгіт бригадасы сайысты. Олар өз аудандарын таныстырумен қатар,…

Толығырақ

Нұқсаулық бекітілді

Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің бұйрығымен республика мектептерінде үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарды бекітілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Бұл ұсыныстардың негізін «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ өткен жылғы сәуірден желтоқсанға дейін іске асырылған жобасының нәтижелері құраған. БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Ж.Жонтаева, басқарма басшысы Т.Жакенова, бас сарапшылар А.Кемалова және Б.Қабатованың жетекшілігімен жарты жыл бойы ұсыныстар ведомстволық бағынысты ұйымдармен, өңірлердің мектептерімен жан-жақты талқылаудан және ресми веб-сайттар арқылы дауыс беруден өткен. Сөйтіп, еліміздегі мектептердің тарихында алғаш рет оқушылардың үй тапсырмасын мөлшерлеу әдістемесін қамтитын құжат қабылданды. Бұл құжат…

Толығырақ

РУХЫ БИІК ЖАСТАР КӨБЕЙСІН

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялады. Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басқан тұста Елбасының Жолдаулары секілді бас мақаланың да салмағы зор. Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу – мемлекетіміздің басты мақсаты. Жаһанданудың бұл жаңа қадамы рухани жаңғырудан басталып отыр. «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», — деді Н.Назарбаев. Жаңғыру, жаңа кейіпке енумен бір. Жаңашылдыққа қадам басу елдің ұлттық-рухани тамырынан басталмаса,…

Толығырақ