Күзгі балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Күзгі балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Күзде балық аулауды жақсы көретіндер облыстың өзендері мен көлдеріне, сондай-ақ кіші Арал теңізіне балық аулауға барады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» (Қызылорда қаласы) ММ-нің құтқарушылары тұрғындарды су айдындарында балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Сіз балыққа шықпас бұрын, қайықтың және құлаққаптардың жағдайын тексеріңіз. Егер үрлемелі қайық болса, клапандардың ауасы шығып кетпейтінін тексеру қажет. — Мұны тексеру үшін суды клапанмен ылғалдандырыңыз. Балықшылар отыратын орнына қайықтың төменгі жағын бөгде заттармен араластыруға болмайды, балық аулаудың барлық түрлерін жақтаулар жағына қою керек….

Толығырақ

«Жас отау» облыстық отбасылар байқауы

«Жас отау» облыстық отбасылар байқауы

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Өркениетті Қазақстан» ҚБ-мен бірлесіп, «Жас отау» облыстық отбасылар байқауын жариялайды. Байқау «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылады және өскелең ұрпақтың адамгершілік-рухани дамуында отбасылық құндылықтардың ролін нығайтуды, ұрпақтар сабақтастығын, отбасылық қарым-қатынастар мәдениеті мен салттарын сақтауға ықпал етуді көздейді. Байқау Ережесіне сәйкес құжаттар топтамасын orkeniet_kz@mail.ru электрондық поштасына 2017 жылдың 20 қазанына дейін жіберу қажет. Хат тақырыбы «Байқауға өтінім» деп көрсетілуі тиіс. Толық ақпаратты Қызылорда қаласы, Әбілқайыр хан көшесі 33 Б үйде орналасқан «Жас отбасыларға қолдау көрсету» ресурстық орталығынан немесе 8 (7242) 92-52-87, 8 775 125 10 20 телефондары арқылы біле аласыздар. Отбасылар арасындағы…

Толығырақ

Елімізде соңғы уақытта 3,5 мың қылмыстық іс жоғалып кеткен

Елімізде соңғы уақытта 3,5 мың қылмыстық іс жоғалып кеткен

Құқық қорғау органдары жүйесін жаңғырту үшін 11 миллиард теңге қажет. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов хабарлады. Оның айтуынша, қазір өңірдегі мамандар заман талабына сай техникамен қамтылмаған. Егер қаражат бөлінсе, барлық істі электронды жүйе арқылы жүргізуге мүмкіндік туар еді. Соңғы жылдары құқық қорғау саласында 3 жарым мың қылмыстық іс жоғалып кетті. Сол себепті қазір оларды электронды жүйеге көшіру уақыт талабына айналып отыр. Бүгінгі таңда Астана мен Тараз қалаларында цифрландыру бойынша пилоттық жобалар жүзеге асып жатыр. 400 іс электронды форматқа көшірілді. Рашид Жақыпов, ҚР Ішкі істер министрінің…

Толығырақ

Ғалымдар қартаюды баяулату жолын тапты

Ғалымдар қартаюды баяулату жолын тапты

KLF ақуызы адамның өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы РИА Новости «Nature Communications» журналында жарияланған баяндамаға сілтеме жасап жазады. Құрттар мен сүтқоректілердің өмір сүру ұзақтығына жауапты молекулярлы механизм белгілі бір ақуыздар тобымен анықталады. Бұл туралы Кейс Вестерн Резерв университетінің ғалымдары мәлімдеді. Зерттеу барысында гендердің белсенділігін реттейтін KLF ақуызы концентрациясының жоғарылауы немесе төмендеуі жұмыр құрттардың (нематодтар) өмірін ұзартуға немесе қысқартуға мүмкіндік беретіні анықталды. KLF ақуызы тек құрттарда ғана емес, адамды қоса алғанда, сүтқоректілерде де болады. Бұл ақуыздар бүлінген клеткалардың жойылуына септесіп, аутофагияны бақылайды. KLF…

Толығырақ

Қазақстан мен Ресей шекарасына екі метеорит құлауы мүмкін – NASA

Қазақстан мен Ресей шекарасына екі метеорит құлауы мүмкін – NASA

Америкалық ғалымдар метеориттің 16-нан 17 қазанға қараған түні құлауы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы tvzvezda.ru басылымы NASA агенттігіне сілтеме жасай отырып жазды. NASA ғарыш агенттігі ғалымдарының болжамынша, 16-нан 17 қазанға қараған түні Қазақстан мен Ресей шекарасына екі метеорит құлауы мүмкін. Екеуінің де көлемі шағын және елді мекеннен қашық жерге құлайды. MS26-45 метеориті 16 қазанда Жердің гравитациялық өрісіне жетеді. Егер ол атмосфераның жоғарғы қабаттарында жанып кетпесе, онда Ресей аумағына құлайды. Оның қалдығы Қазақстанға да түсуі мүмкін, деп ескертті NASA астрономдары. Ресейлік мамандар әзірге бұл ақпаратты растаған жоқ. Дереккөз: caravan.kz

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ ӨНЕРСҮЙЕР ҚАУЫМ!

ҚҰРМЕТТІ ӨНЕРСҮЙЕР ҚАУЫМ!

«Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы» — деп Елбасы атап өткендей біздің генетикалық кодымыз – өнеріміз, дәстүріміз. Ерекше балалардың өнерін қолдау мақсатында облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы қазан айының 17 күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Жүрек жылуы» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың VІІ облыстық  өнер фестивалін  өткізеді. Фестивальға барлық аудандардан және қалалық мектеп-интер­наттардан ән, би, халықтық орындау, көркемсөз оқу, көркемсурет және қолөнер жанрлары бойынша мүмкіндігі шектеулі өнерпаз балалар  қатысып бақ сынасады. Фестивальдің негізгі мақсаты – облыстағы мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өнердің түрлі жанрындағы шығармашылық қабілеттерін анықтау, оларды халық арасында…

Толығырақ

Қазақ-қырғыз шекарасында кептеліс жоқ – БАҚ

Қазақ-қырғыз шекарасында кептеліс жоқ – БАҚ

Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Ақ-Жол» өткізу пунктінде кептеліс жоқ, адамдар мен автокөліктер әдеттегі режим бойынша өткізілуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы 24.kg жазады. Қырғызстан шекара қызметінің өкілдері мәлім еткендей, бұл жерде жағдай қалыпты, бір сағатта орташа алғанда екі жүк көлігі өткізілуде. Сонымен қатар, жақын жерде ана мен балаға арналған жылумен жабдықталған медициналық көмек көрсететін шатырлар орналасқан. Медқызметкерлер мен ТЖМ қызметкерлері де кезекшілікте тұр. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бірқатар БАҚ-та қазақ-қырғыз шекарасында үлкен кептеліс пайда болғаны туралы ақпарат тараған.

Толығырақ

Денис Тен Димаштың хитімен өнер көрсетеді

Денис Тен Димаштың хитімен өнер көрсетеді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен тамызда алған жарақатынан айығып, мұз айдынына қайта оралатынын мәлімдеді. Спортшы өнер көрсететін бағдарламалардың бірі Димаш Құдайберген орындаған французша SOS d’un terrien en détresse композициясымен  сүйемелденеді. Танымал әнші Инстаграмдағы парақшасында Қазақстанның мақтанышы деп атап, спортшыға сәттілік тіледі. «Жылы сөздерің үшін рахмет. Сенің әніңе билеу — маған үлкен мәртебе. Осы композицияға олимпиада жылында үлкен үміт артып отырмыз. Екі ай бұрын спорттық мансабымда ең ауыр жарақат алған едім… Бірақ дәрігерлердің болжамына қарамастан, осы аптада Францияда біріккен шығармамызды жұртшылыққа ұсыну бақыты бұйырды», — деп жауап…

Толығырақ

Әлеуметтік желідегі сөздері үшін 16 адам абақтыға жабылды

Әлеуметтік желідегі сөздері үшін 16 адам абақтыға жабылды

Жыл басынан бері 20 қазақстандық әлеуметтік желідегі сөздері үшін сотқа тартылды. Олардың 16-сы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ҚазАқпаратқа жіберген деректеріне сәйкес, 1 құқық бұзушы Қазақстанның унитарлығы мен тұтастығын бұзуға шақырғаны үшін 5 жылға түрмеге жабылған. Тағы 15 азамат Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотталған. Олар терроризмді насихаттап, теракт жасауға шақырғандары үшін айыпты деп танылып, 2 жылдан 9 жылға дейін  абақтыға қамалған. Тағы екі заң бұзушының ҚР ҚК 174-бабы — әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты…

Толығырақ

Ауа райы: Үш облыста ескерту жарияланды

Ауа райы: Үш облыста ескерту жарияланды

Қазақстанның үш облысында ауа райының құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 17 қазанда күндіз Қызылорда облысында жаңбыр күтіледі, кей жерлерде нөсер жауын жаууы мүмкін; 18 қазан да жауын-шашынды болады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін (жаңбырдың соңы қарға ұласады). Жел батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. 18 қазанда күндізгі ауа температурасы 5-10 градус нөлден жоғары, кей жерлерде 15 градусқа дейін жетеді. 18 қазан күні тәулік бойы, 19 қазан күні түнде Оңтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі (жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады). 18 қазанда күндіз,…

Толығырақ