УАҚЫТПЕН САНАСПАЙТЫН ГАЗЕТ ТАРАТУШЫЛАР

УАҚЫТПЕН САНАСПАЙТЫН  ГАЗЕТ ТАРАТУШЫЛАР

«Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» пошташының еңбегі қашанда құрметтеуге тұрарлық. Алайда, осы бір қызығынан шыжығы басым мамандық иесінің жұмыс ауыртпалығын көпшілік тү¬сі¬не бермейді. Сірә, олар қаңтардың қыты¬мырында, шілденің шіліңгірінде көше кезіп, абалаған иттерден зәре-құты қашқанның қаншалықты қиын екенін білмесе керек. Әйтпесе, күніне жүздеген үйді аралап, уақытылы ақпарат тасушылар туралы оң көзқарас танытар еді. Міне, халықаралық пошташылар мерекесіне орай, пошташының бір күндік жұмысын нысанаға алдық. Газет таратудан бұрын, серіктестікке тиесілі тарату бөлімінің жұмысымен таныстық. Ол үшін алдымен жауапты мамандармен тілдесіп. «Сыр медиа» ЖШС-і 2016 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап газет…

Толығырақ

ҚАЗАЛЫ ЖАСТАРЫНЫҢ ҚАРЫМЫ  

ҚАЗАЛЫ ЖАСТАРЫНЫҢ ҚАРЫМЫ   

  Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында елдің ендігі бағыты рухани жаңғыру екенін баса айтты. Бұл – Қазақстанның ұлттық рухын жоғалтпай дамуы үшін дер кезінде қабылданған шешім. Қазақ үшін қызмет етем десең,  ұлтыңның тарихына қанық болуың, ел бастаған тұлғаларын білуің аса маңызды. Әйтпесе, ел үшін тер төгем деу материалсыз үй саламын деумен бірдей. Ал бастама халық біріккенде ғана діттеген мақсатына жетпек. Жақында Қазалы ауданының жастары «Сәлем ауыл», «Бабалар жолымен» жобаларын бастағанын естідік. Шараның мақсаты айқын, дегенмен жастарға қаншалықты әсер етуде, нендей жұмыстар атқарылды? Мұны білмек үшін ұйым жетекшілеріне жолықтық….

Толығырақ

ЭКСПО КӨРМЕСІ – ЕЛІМІЗДІҢ БЕЙНЕСІ

ЭКСПО КӨРМЕСІ – ЕЛІМІЗДІҢ БЕЙНЕСІ

                «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» дейді қазақтың ұлтжанды қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы. Рас, осы бірліктің арқасында еліміз Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге мүмкіндік алды. Мұндай жоғары деңгейдегі халықаралық көрмені өткізбек түгіл қатысудың өзі үлкен мәртебе. Алғаш рет Қазақстан делегациясы қатысқан дүниежүілік көрме – 1967 жылы Канаданың Монреаль қаласында өткен. Содан араға ширек ғасыр тастап биыл елімізде өтуде. Оған әлемнің жүзден аса елінен келген меймандар қатысып – инновациялық…

Толығырақ

«ЖАСЫЛ ЕЛ» — ЖАЛЫН МЕН ЖІГЕР ОРДАСЫ

«ЖАСЫЛ ЕЛ» — ЖАЛЫН МЕН ЖІГЕР ОРДАСЫ

Жасақтың атауы бәрімізге жақсы таныс. Биыл бұл ұйымның құрылғанына он үш жыл. Иә, «Жасыл ел» десе гүл отырғызып, ағашқа күтім жасайтын жастарды еске аламыз. Алайда, онда кімдер еңбек етеді, қалай демалып, қайда тамақтанады, көлік қарастырылған ба? Бұл жағынан бейхабармыз. Қоғамда бір стеоратип бар. «Жасыл елде» жұмыс істеймін деп айту ыңғайсыз. Көшеде гүл егіп отырғанымды таныстар көріп қалса ұят». Шындығында, адал еңбек ету ұялатын іс емес. Олардың бір күні қалай өтеді? Мұны білмек үшін жұма күні біз де топқа қосылып, еңбек еттік. Көңілді ортаның біз білмейтін қызықтары жетерлік екен. Қызылордадағы «Жасыл…

Толығырақ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚОРҒАНЫ МЕН ҚАЛҚАНЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚОРҒАНЫ МЕН ҚАЛҚАНЫ

Таңмен таласа ояндық. Әскери форма киіп, 66597 әскери бөліміне бет алдық. Ауық-ауық сағатқа қарап қоямыз. Мақсатымыз – қала шетіндегі әскери бөлімге кешікпей жету. Әскери бөлімнің кіре берісінде бақылау бекетінен өттік. Оқ өтпес кеудеше киген, иығына қару асынған кезекшілер бізді мұқият тексерді. Сұсты қабақ, әрі жіті бақылау. Себебі түсінікті де. Бөлімде құпия сақталатын мәліметтер де бар. Сондықтан әскери бөлім аумағында ұялы телефонға суретке, бейне таспаға түсіруге рұқсат жоқ. Тәртіп бәріне ортақ. Ұялы телефондарымызды қалдырып, ішке ендік. Журналистердің жұмысы тынымсыз. Әйтсе де қаламды қаруға алмастырып, сарбаздарша жер бауырлап, әскери өмірге енуге асықтық….

Толығырақ

ЖОЛАҚЫҒА ЖАЛАҚЫ ЖЕТПЕЙ ҚАЛМАЙ МА?

ЖОЛАҚЫҒА ЖАЛАҚЫ ЖЕТПЕЙ ҚАЛМАЙ МА?

«КӨЖЕСІНІҢ ҚАТЫҒЫ ЖОҚ, ҚОЖАНЫҢ КӨҢІЛІ ҚҰРТТЫ СҮЙЕДІ» ДЕГЕН. АЙТСА АЙТҚАНДАЙ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА КЕҢІРДЕКТЕН АЛЫП, ТАБАНҒА ШӨҢГЕСІН ТАҚАҒАНДА ҚАРАШАНЫҢ ҚАМЫН КҮЙТТЕЙДІ ДЕГЕН ҚАЛАІШІЛІК АВТОБУСТАРДЫҢ ЖОЛ АҚЫСЫН 100 ТЕҢГЕГЕ ӨСІРУ МӘСЕЛЕСІН МІНБЕРДЕН КӨТЕРГЕН «ҚЫЗЫЛОРДА АВТОБУС ПАРКІ» ХАЛЫҚТЫ СЕЛТ ЕТКІЗГЕНДЕЙ. БЫЛТЫР ҒАНА ЕЛ МЕН ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІКТІҢ АРАСЫНДА БҰЛАНДАЙ БҰЛТЫҢДАП БАҒАНЫ 50 ТЕҢГЕДЕН 70 ТЕҢГЕГЕ БІР-АҚ ШЫҒАРҒАН ЕДІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДА ЖОЛАҚЫСЫН 30 ТЕҢГЕ ЕТТІ. ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ «Е, ЖАҢА АВТОБУСТАР ЖАЙ КЕЛМЕПТІ, ШЫҒЫНЫ КӨП БОЛҒАН ҒОЙ, ЖОЛАҚЫНЫ КӨТЕРСЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛДЫ» ДЕСТІ ДЕ ҚОЙДЫ. ШАМДАНБАДЫ ДА. АЙТПАҚШЫ ЖОЛАҚЫ ҚҰНЫ СОДАН КЕЙІН 3 ЖЫЛ ІШІНДЕ ӨСПЕУІ ТҰРҒЫСЫНДА…

Толығырақ

25 МАМЫР: ҚОШТАСУ МЕН ӨМІР ӨТКЕЛІ

25 МАМЫР: ҚОШТАСУ МЕН ӨМІР ӨТКЕЛІ

Бұл күн — ата-анаға да, балаға да мерейлі. Алдағы үміт пен күдікке толы сынаққа «тәуекел» етіп, той тойлайтын уақыт. Бұл сәт – балалыққа қош айтып, өмірдің күрделі емтихандарына таяған мерзім. 11 жылдық білім бәсекесінде бірі оза шапты, бірі қатарға ілікті, әйтеуір бітірді. Бірақ мектептің соңғы жылы: мазасыздық, дайындық, шығын. Ойы озық, өресі биік жастарымен мақтанатын Жапония мен Корея соңғы қоңырау қағып, ұлан-асыр той жасап, қаржы шығындамайды. Десек те, «жиған-тергенің қуанышқа шашылсын» дейтін қазақтың, бұл – сынақ алдындағы серпілісі болар. Қыруар қаржының қайтарымы не? 11 сынып тест кітапшасына 370 теңге жинаудан…

Толығырақ

BBC АРНАСЫ СЫР БОЙЫНДА ТҮСІРІЛІМ ЖАСАДЫ

BBC АРНАСЫ СЫР БОЙЫНДА ТҮСІРІЛІМ ЖАСАДЫ

Наурыз айында Ұлыбританиядағы BBC арнасының эфирінен танымал Top Gear бағдарламасының кезекті шығарылымы көрсетілді деп хабарлады Қазақпарат. Көліктерге арналған бұл бағдарламаның бір бөлігі өткен жылдың соңында Қызылорда жерінде түсірілген еді. 350 миллиондық аудиториясы бар Top Gear бағдарламасының авторлары, продюссерлері мен жұлдызды актерлары Сыр елінде бірнеше күн ауқымды түсірілім жасады, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы Бауржан Шамшатқа сілтеме жасап. Голливудтық актер Мэтт Леблан бастаған автошабандоздар тобының қызыққа толы оқиғаларын баяндайтын бағдарлама арқылы әлем жұртшылығы ұлттық ойынымыз көкпарды, Байқоңыр ғарыш айлағын және қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрін етене тани түсті….

Толығырақ

«ЖАБАЙЫ САУДА» ЖАБЫРҚАТПАЙ МА?

«ЖАБАЙЫ САУДА» ЖАБЫРҚАТПАЙ МА?

Күнкөріс һәм нан табу. Қай заманнан адамның тырмысып өмір сүруі үшін осы қажеттіліктер басты орында тұрады. Қажеттілік демекші, адамға өмірде не қажет емес? Бәрі қажет. Таң атқаннан кеш батқанша тырмысып жүргендердің бәрі өз қажеттілігін табуды көздейді. Бірі – көлік мінсем дейді, екіншісі – үй салсам не алсам дейді. Бірі – баласын жақсы оқу орнында оқытсам дейді, екіншісі – балам тәуір жұмыс істесе дейді. Әйтеуір жанталасқан қамшының сабындай қысқа ғұмырдың тіршілігі баяз табуды білмейді. Әрине, күнкөріс үшін адам не істемейді. Нарыққа байланған қоғамда жұрт қарекетінше күн көреді. Біреу – сатады, біреу…

Толығырақ

КОНДУКТОРДЫҢ БІР КҮНІ НЕМЕСЕ ҚЫЗЫЛОРДА ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛЫ ҚАЛАЙ ШЕШІЛГЕН?

Жеке көліктің болмағаны да жақсы кейде. Қоғамдық көліктерге жармасып, әлеуметтің арасында боласың. Жұрттың басы қосылатын жер болған соң да автобустың іші қайнаған өмір, қайшылысқан тіршілік. Жазылған сценарий бойынша әңгіме өрбітетін токшоулар секілді емес, автобустағы әңгіменің ауаны да әр қилы әрі шынайы. Біреуі күнделікті төлеп жүрген жолақысын біле тұрса да «жолақы неге қымбат» деп бір қырсығып барып бақыр ақшасын кондуктордың алақанына төгеді. Біреуі үлкен кісілерге, балалы әйелдерге орын бермей, саз беттеніп жайғасқан жастар туралы әңгіме қозғайды. Әңгіменің кім туралы болып жатқанын қу іші сезсе де, естімегенсіп отыра беретін ана пақырдың мізбақпайтыны…

Толығырақ