МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ШАПАҒАТЫ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ШАПАҒАТЫ

Халқымыз қашанда ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Бала-болашағымыз деп зор үмітпен қараймыз. Олардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына ерекше ден қоямыз. Мен де бала күнімнен ұстаз болуды армандап келемін. Сондықтан мектепке дейін білім беру мамандығын таңдадым. Жуырда мемлекеттік «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 6 ай тәжірибе жинау мақсатында жұмысқа қабылдандым. Жұмыссыз үйде отырған маған бұл бағдарлама үлкен көмек болды. Алты айда мамандығыма сәйкес тағлымдамадан өтіп, білікті мамандардан тәжірибе жинаудамын. Көреген басшы жол көрсетеді демекші, «Құлагер» балабақшасының меңгерушісі Гүлсара Қуанышбаева мен аға әдіскер Гүлжан Өтегенова жас мамандарды жылы қабылдап, баламен жұмыс істеу,…

Толығырақ

Шекара – мемлекет тұтастығының негізі

Шекара – мемлекет тұтастығының негізі

Еліміз тәуелсіздік алған соң мемлекеттің басты міндеті – елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік шекараны белгілеп, күзет қызметін күшейту. «Мемлекеттік шекара туралы» заң қабылданып, ол заң мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігі, елдегі бейбітшілік, сыртқы саясат, шекараның бұзылмауы, кең халықаралық қарым-қатынас орнатуды мақсат еткен. Аталған заңда көршілес елдермен қалыптасқан қарым-қатынасқа және достыққа сызат түсірмей сенімді қызмет ету де айқын мақсат. Қазақстан Өзбекстан, Ресей, Түркіменстан, Қытай, Қырғызстан елдерімен шекаралас орналасқан. Көрші елдермен татулық, ынтымақтастық әркез оң нәтиже беріп келеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Елбасы «Шекара қауіпсіздігі – мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі» деген болатын. Еліміздің ұлттық…

Толығырақ

Жастар жат әдетке бой алдырмайды

Жастар жат әдетке бой алдырмайды

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендетіп, әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейді. Еліміз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру бағытында тиімді жұмыс жүргізуде. Қазір әлем елдерінің алдында тұрған өзекті мәселенің бірі – жастардың арасындағы сыбайлас жемқорлық. Орасан зор салдары бар бұл әлеуметтік дерттен қазақстандық жастар қоғамы да белгілі бір деңгейде зардап шегіп отыр. Сондықтан сыбайлас жемқорлық мәселесі мемлекет пен қоғамның бүкіл саласына қатысты өткір сипат алып, бұрынғыдан бетер өзекті бола түсуімен назар аудартады. Елімізде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас…

Толығырақ

КІТАПТАН ТҮЙГЕН КӨП ТАҒЫЛЫМ

Кезінде «Шуақты күндермен» оқырман жүрегіне жол тапқан Зейнеп Ахметованың осыдан бес жыл бұрын «Бабалар аманаты» кітабы жарық көрген болатын. Халқымыздың біртуар батыр ұлы Бауыржан Момышұлы атамыздың айтқан әңгімесін санасында сіңіріп жүрген келіні Зейнеп Ахметова бұл кітапты ұзақ жылдар жүргізген күнделігінің негізінде жазған. Мұны автор үзік әңгіме арасында көрсетіп отырады. Шығарма «Шуақты күндердің» жалғасы іспетті. Мұнда батыр атамыздың мазмұны терең әңгімелері айтылады. Кітапта осыдан отыз-қырық жыл бұрынғы оқиғаларды күні кеше ғана өткендей, дәл қазір болып жатқандай көз алдыңызға келтіріп, сол кездегі Момышұлы шаңырағында айтылған әңгіме, шертілген небір сырды тартымды етіп көркем…

Толығырақ

ІШЕК ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Жіті ішек инфекциясы – жұқпалы ауру. Аурудың белгісі іштің жиі-жиі судай өтуі, дене қызуының көтерілуі, сәбилердің емшектен бас тартуы, асқа тәбеті болмау, шөлдеу, құсу, бас ауру, жалпы әлсіздік, селқостық, мазасыздық, ауырсыну, дәретіне қан қоспасының немесе кілегейдің пайда болуы. Науқастың жиі құсып, іш өткен сайын жағдайы ауырлай түседі. Өйткені, организм өзіндегі тіршілікке қажетті су мен тұздарды көп жоғалтады. Жоғарыдағы аталған клиникалық белгілер пайда бола бастаса міндетті түрде дәрігерге көріну керек. Мұндай кезде дәрігер келгенге дейін біраз уақыт кетеді. Сондықтан мүмкіндігінше ем жасай бастаған жөн. Ол үшін сұйықтықты мол, көбірек ішкізген жөн….

Толығырақ

КІТАПХАНАШЫ ҚЫЗДЫҢ ХАТТАРЫ

КІТАПХАНАШЫ ҚЫЗДЫҢ ХАТТАРЫ

Айжарық СӘДІБЕКҰЛЫ Сәлем! Хатыңды алдым. Төпеп жазып жатырсың. Мила екеуміз оқыдық. Әзілдеріңе күліп алдық. Тезірек жаз хатты,– деп Мила жанымды алып болды. Мен ойланып, толғанып жүргенімде, мына хатың да жетіп келді тереземді қағып. Оқас досың әкеліп берген. Жынды, сол ғой мезгілсіз терезені тықылдатқан. Әрнені айтып қылжақтайды. Тас төбесінен жұдырығыммен бір қойдым. Содан қолым ауырып қалды. «Сен қызға айлы түнде жұлдыз санатып алар ма еді» дейді. Жайлаубек, Оқастың не дегені бұл?! Жайлаубек, арамыздағы жайлардан мамаң хабардар екен ғой. Әл-әзір білдірмей қоя тұрмадың ба, сенің үш жылың біткенше кім бар, кім жоқ….

Толығырақ

ҚАЛЖЫҢ ҚОРЖЫН

  Екі жігіт балық аулауға барып, өзенді күні бойы жағалап, бір балық та ұстай алмайды. Сонан соң біреуі сылқ етіп отыра кетеді де, ауыр күрсініп: – Мен енді өлсем де сенбеймін! –дейді. – Неменеге сенбейсің? – Тек балықпен күн көретін халық бар дегенге! *** – Қазіргі жастар шашты бірінен-бірі қысқа қояды. Киінген киімі анау, қайсы ұл, қайсы қыз екенін білмейсің. Қарашы ана қыздың түріне?! – Қателестіңіз, ол менің ұлым. – Кешіріңіз, сізді оның әкесі деп ойламаппын. – Жоқ, мен оның шешесімін. *** Біреу базардан сөйлейтін тоты сатып алыпты. Үйіне келген…

Толығырақ

КӨКЕМЕ

Жоғарыда жортып жүрген көкеме, Халықпенен араласқан «етене». Қарапайым қара халық атынан, Бір ауыз сөз алғыс айтсам, жете ме? Өтінемін, айтыңдаршы, көкеме! Дауыс беріп, көке қылды, адам көп. Сені сайлап, керегіне жарар деп. Рахмет, көке, доллар ұстап жүрсің ғой, Қазағыма теңге жетпей қалар деп. Ел алдында ие болдың сенімге. Рахмет, көке, еңбегің көп сенің де. Өз балаңды оқытасың шет елде, Жас қазақтар оқысын деп елінде. Алғыс айтып, қалың елің алқына. Ақ батасын жаудырады артыңа. Өзің барып зат аласың маркеттен, Базарда зат жетсе деумен халқыңа. Ісім алға жүріп, өрлеп кетсе деп. Қалың…

Толығырақ

САҒЫНДЫРҒАН САҒЫМ ЖЫЛДАР

САҒЫНДЫРҒАН САҒЫМ ЖЫЛДАР

1957 жылдың 1 қыркүйегінде Қармақшы кентіндегі N105 М.Калинин атындағы жеті жылдық мектептің бірінші сыныбына ата-аналарымыз қолымыздан жетектеп әкеліп отырғызғаны әлі есімде. Алғашқы ұстаздарымыз Дәріш Пірманова пен Күләйша Бекенова апайлар қабылдап, партаға отырғызды. Бұл сәттің қуаныштан гөрі күдігі мен таңданысы басым сезім билегені есімде қалыпты. Осылайша оқушылық өмір басталып, мектептің бірыңғай талабына төселіп, сауатымыз ашылды. Осы кездегі бастауыш сынып оқушыларындағы бір мүдделі, ортақ қатынастағы адал достық, қалтқысыз сезім адам көңілінде қайталанбас құбылыс болып, аңсаумен ғана еске алынады екен. 1960 жылы жаңадан салынған мектеп үйіне көштік. Сол заманның талабына сай салынған мектеп…

Толығырақ

БІРЛІККЕ ШАҚЫРҒАН ШЕРУ

«Мәңгілік ел» идеясын қолдау мақсатында өңірімізде, білім беру ұйымдарында түрлі деңгейдегі іс шаралар өткізілуде. Солардың бірі – 1-маусым балаларды халықаралық қорғау күнінде шеру өткізу. Шерудің басты мақсаты – білім беру ұйымдарының музыкалық ансамбльдерін бірігуге шақыру. Аталмыш жобаға 40 жылдық тарихы бар Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінен бірнеше ансамбльі қатысқалы отыр. Сыр өңіріндегі  білім мен мәдениетті ұштастыра білім беріп жатқан іргелі оқу орнында қазіргі таңда оқушылар арасынан құрылған бірнеше өнер ұжымы бар. Атап айтар болсақ үрлемелі-соқпалы аспаптар оркестрі. 2004 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан оркестр құрамы жаңа оқушылармен жыл сайын…

Толығырақ