Облыс бойынша 712 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, онда 47796 бала тәрбиеленуде. Былтырмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымның желісі 64-ке өсіп, 4445 балаға көбейді. 463 балабақшаның 157-і мемлекеттік, 306-ы жекеменшік балабақшалар.

Толығырақ

23 106,45

теңге. Бүгінде сұйытылған газдың тоннасы нарықта осыған бағаланып отыр. Бұған дейін газдың шекті бағасы 11 033,91 теңге болатын. Бағаның екі есе шарықтауының себебін Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары М.Усаин газ өндіруде жер қойнауын пайдаланушылар бұған дейін шығынға жұмыс істеп келгенін және өндіріс өз құнын өзі ақтай алмауымен түсіндірді.  

Толығырақ

957000

—нан астам этникалық қазақ 25 жыл ішінде тарихи Отанына оралған. Бұл ел тұрғындарының 5,5 пайызын құрайды. Оралмандардың көпшілігі Өзбекстаннан, Қытайдан, Моңғолиядан, Түрікменстаннан, Ресейден келген. Олардың 21,2% Оңтүстік Қазақстан облысына, 16,3% Алматы облысына, 13% Маңғыстау облысына, 9,4% Жамбыл облысына, 40,1% еліміздің өзге өңірлеріне қоныстанған. Еңбекке жарамды оралмандардың 8,8%-ы жоғары білімді.

Толығырақ

9144

теңгеден аз табатындар кедей қатарына жатқызылады. ҚР статистика департаментінің тәсілі бойынша, кедей адамға орташа күнкөріс минимумынан төмен отбасылар кіреді. Кедейшілік шегі тіркелген деңгейден 40 пайыз төмендегенде басталады. Ал халықаралық деңгейдегі кедейлікті нақтылау барысында Дүниежүзілік банк ұстанымы көш бастайды. 1981 жылдан 2004 жылға дейін күніне 1 доллар табатын адам кедей саналса, бүгінде кедейшілік шегі өтпелі экономикасы бар елдерде тәулігіне 4 доллар, қайыршылық деңгейі күніне 2 доллар табыспен өлшенеді.

Толығырақ