Қара шаңырақтың қасиеті

Қара шаңырақтың қасиеті

Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөз бар. Мұндағы шаңырақ киіз үйдің қақ төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл — құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз. Киіз үй мен көк әлемнің арасын қосып тұратын осынау қасиетті ұғым туралы қазақтың салт-дәстүрін терең зерттеген жазушы-қаламгер Сейіт Кенжеахметұлы біршама терең тоқталған. Шаңырақ тоғын, күлдіреуіш және кепілдік деген бөліктерден тұрады. Тоғын дегеніміз — кәдімгі шаңыраққа дөңгелек түр беретін…

Толығырақ

Тұсау кесу

Тұсау кесу – бала тәй-тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр. Ел арасында «тұсауы кесілмеген бала көп сүрінеді, жығылады» деген наным бар. Тұсау кесу дәстүрі қыз балаға да, ұл балаға да жасалады. Жақсы ниетті ырымдарға сай шөппен, ала жіппен, малдың тоқішегімен тұсау кеседі. Тұсау кесер тойында өлеңдер айтылып, қонақтар тілектестік танытады

Толығырақ

ЖАРТЫ ҒАСЫР ЖҰБЫ ЖАЗЫЛМАҒАН  

ЖАРТЫ ҒАСЫР ЖҰБЫ ЖАЗЫЛМАҒАН   

  Нұрлыбек Мұстафин 1940 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Қазалыдағы училищеде теміржолшы мамандығына білім алып, осы салада қырық жыл еңбек еткен, қазір зейнетте. Жары Балшекер Әлжанова 1949 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Медициналық училищеде оқып, жиырма бес жыл дәріханада жұмыс істеген. Бүгінде олар төрт баланың ата-анасы, үш немеренің ата-әжесі. Шаңырақ құрғандарына биыл 52 жыл толмақ.  Олар бір-бірін алғаш рет 1964 жылы таныстарының үйінде отырыста көрген.  «Мен ол кезде 25-те, апаң 18-де болатын. Отырыс біткен соң, мен апаңды үйіне дейін шығарып салдым. Ол кезде ұялы телефон деген жоқ. Бір-бірімізбен хат арқылы…

Толығырақ

ЖАПОНИЯДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ СЫРЛАРЫ

ЖАПОНИЯДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ СЫРЛАРЫ

     Жапондар бала тәрбиесіне аса назар аударады. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөздің шындық екенін өздерінің ерекше тәлім-тәрбие беру тәсілдерімен дәлелдеуде. Жапонияда бала туылғаннан кейін,  анасы кішкентайынан бастап көкірегіне не арқасына арнайы орамалмен байлап, үнемі қасына алып жүреді. Оған қоса, өзінің не істеп жатқанын, ойларын, сезімдерін, эмоцияларын бала еститіндей дауыстап айтып жүреді. Бұл тәсіл баланың ойлау жүйесінің тез дамып, қоршаған ортаға тез бой үйретуіне баулиды. Сол себепті Жапонияда баланың бірінші сөйлеп, сосын барып жүруі жиі кездеседі.      Жапондар бала тәрбиесінде мынадай ұстанымды негізге алады: «Балаңа 5 жасқа дейін…

Толығырақ

АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ, АНАШЫМ!

АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ, АНАШЫМ!

Көңіл пернесі       «Жүрек» деп аталатын кішкене қалада Махаббат, Байлық, Мұң, Менмендік қатар өмір сүріпті. Байлықтың үйінің іші де, сырты да бағалы тастармен көмкерілген үлкен сарай екен. Менмендік болса сырты алып қабырғамен қоршалған қамалда тұрады екен. Мұң болса лашықта тұрыпты. Ал Махаббат кішкене ғана ағаштан жасалған үйде өмір сүріпті. Бір күні қатты дауыл тұрып, қаладағы бірнеше тұрғын үйді бұзып кетеді. Оның ішінде Махабаттың да үйі қирапты. Сонда Махаббат жылап жүріп, көршілерінен көмек сұрайды. Байлыққа барып, баспанасыз қалғанын айтыпты. Сонда Байлық үйінің іші алтын мен асыл тастарға толы екенін, оған тұратын…

Толығырақ

УЫҚ

Уық – кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш. Ол сәмбі талдан (сыр талынан) жасалады. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау, имектеу болып келеді, мұны – уықтың иіні дейді. Уықтың жоғарғы түзу жағын – қары, шаңырақ көзіне сұғынатын төрт қырлы ұшын – қаламы дейді. Уықтың кереге басына байланатын жағын – тесіл, бау өткізеді, оны – уық бау (балақ бау) деп атайды.

Толығырақ

БАЛА ТАҒДЫРЫН КІМ ОЙЛАЙДЫ?

БАЛА ТАҒДЫРЫН КІМ ОЙЛАЙДЫ?

Әр шаңырақта әкенiң орны ерекше. Әке- отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, қамқоршысы. Әкенiң мiнез- құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнерi мен бiлiмi- баланың көз алдындағы үлгi, өнеге алатын, оған қарап өсетiн нысанасы. Отбасының пейiл- береке, ынтымағы үшiн отағасының әдiл, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелiк рөлi де зор. «Әке- асқар тау», «Әке- балаға сыншы» дейдi халқымыз. Бала күнімде достарым әкесіне қарай жүгіргенін көріп көңілсіз күй кешетінмін. Себебі мен де жұмыстан шаршап келген әкемнің алдынан жүгіріп шығып, мойнына асылып, еркелегім келетін. «Қыз бала әкесіне жақын болады» деуші еді, сол рас…

Толығырақ

ҚАРИЯЛАР – ҚОҒАМ ҚАЗЫНАСЫ

ҚАРИЯЛАР – ҚОҒАМ ҚАЗЫНАСЫ

Әр адамның ғұмырында бағасы өлшенбейтін қазына бар. Ол мейірі мен қолдан келер көмегін қайтарымсыз жасайтын – ата-ана. Бәйтерекке балайтын жақсыларымызды қарттар үйіне қалай қиямыз? Мақаланы жазуға бір кісінің әңгімесі себепкер болды. Ол қоғамдық көліктің жүргізушісі. Жас жігіттің есімі – Нұрлан. «Қоғамдық көлікте терезеге телміріп, жабырқаулы күйде отырған қарт ананы күнде көру әдетке айналды. Олардың көзінде мұң бар, көңілінде ақтарылмаған сыр бар. Нөмірі 28-ші қоғамдық көліктің бағыты барлығымызға белгілі. Ол жабырқаулы қарт кісіні қарттар үйіне жеткізеді. Амал нешік бұл жүргізуші үшін үйреншікті жағдай. Ол жақта жағдайы жақсы болғанымен, бала-шағасының, отбасының жанында…

Толығырақ

ҚАРА ҚАЗАН ҚАСИЕТІ

ҚАРА ҚАЗАН ҚАСИЕТІ

Қазақта “шаңырақтан қара қазан кетсе, үйден ырыс кетедi” деген тәмсіл бар. Рас, қазақтың қазанға қатысты ырымы көп. Қазақ қызға ешқашан қазан бермеген. Қайтыс болған адамның моласы бұзылса, түске кіріп мазаласа, басына қазан апарып қойған. Сол секілді, қайтқан кісінің соңынан тұқымдары ауру-сырқаусыз, белгісіз себептермен өле берсе, Құран бағыштап, басына қазан төңкерткен. Қазанға қатысты тағы бір ырымды еске салған жөн. Суға кеткен адамды қазан арқылы табады. Адам суға кетсе, үйіндегі қазанын төңкеріп жібереді. Әлгі қазан адам батқан жерді айнала жүзіп тұрады. Бұл ырымды құтқарушылар әлі де қолданады. Ал, қазақтың таным-түсінігінде қазанның алатын…

Толығырақ

БАЛА БЕРУ КЕМДІКТЕН БЕ, КЕҢДІКТЕН БА?

БАЛА БЕРУ КЕМДІКТЕН БЕ, КЕҢДІКТЕН БА?

Бала − өмірдің мәні. Әйелдің бойына бала біткен күннен бастап әрбір отбасы тұңғышын асыға күтеді. Дүниеге келген баланың тәрбиесi үлкен жауапкершiлiктi талап етедi. Бала тәрбиесi әрбiр ата-анаға аманат. Ал аманатқа қиянат жасалмауы керек. Ертеректе тұңғыш немерені ата-әжесінің бауырына беретін. Әрине ілгеріде аналарымыз көп құрсақ көтергенін де естен шығармайық. Сондай-ақ, ағайынға бала беру салты да болды. Бұл ежелгі салт жиі кездеседі. Мұндағы мақсат – ағайын-туыстың, тұтас бір әулеттің бірлігін, татулығын нығайту. Одан бөлек, әулетте ұзақ жылдар бойы сәбиді аңсап жүрген отбасыға інісі, не ағасы сәбиін берген. Ағайынның ұрпақсыз кетпеуіне септігін тигізу…

Толығырақ