«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары тағайындалды

Бауыржан Бишенов «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бұйрығымен басқарма төрағасының орынбасары Талғат Әдуовтің орнына Бауыржан Бишенов тағайындалды», — делінеді хабарламада. 2016-2017 жылдары АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарып келген Талғат Әдуов ҚР Премьер-Министрі Канцеляриясы басшысының орынбасары лауазымына ауысты. Бауыржан Бишенов 1983 жылы туған, құқықтану мамандығы бойынша «Әділет» құқық жоғары мектебін, юриспруденция мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы Ақмола көлік прокуратурасынан бастаған. 2006 жылы Астана Денсаулық сақтау департаменті материалдық-техникалық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып…

Толығырақ

Сағыныш

Сағыныш

Тәңірбергенов Ұлықбек Бекұзақұлы – ақын. Ол 1990 жылы 27 тамызда Арал қаласында дүниеге келген. Өлең жазуды мектеп қабырғасында жүріп бастаған. Облыстық «Зейнолла оқулар­ында» I — орын, Арал қаласында өткен Қарақұм құрылтайына 300 жыл жыр бәйгесінде I орын, Қалжан ахунның 150 жылдығында өткен ақындар мүшайрасында Бас жүлде, 2015 жылы Талдықорған қаласында М.Мақатаевты еске алуға арналған дәстүрлі «Поэзия менімен егіз бе едің?» атты республикалық мүшәйрада II орынды жеңіп алды.  Көптеген аудандық, облыстық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері. Өлеңдері облыстық, республикалық басылымдарда жарияланып жүр. Ақындық тегінде бар талантты жас бүгінде республикалық тәуелсіз қоғамдық-саяси «Ақмешіт ақшамы»…

Толығырақ

БІР ҚЫЗ БАР-ТЫН АУЫЛДА…

Көзінде тартылыс бар, құштар ғалам, Ақ моншағын теңеуге түс қалмаған. Ақ саусағы орынсыз ұсталмаған. Бұл жайлы ешкімге де тіс жармаған, Бір қыз бар-тын ауылда, мен білетін. Есіміне елеңдеп ел жүретін, Есігіне көп жігіт телміретін. Ессіздері тәкаппар паң көретін, Ес білгені ерекше мән беретін. Ал бір күні, Жаңа отау жарық шашты, Селтең жігіт, шорт мінез, шарық басты. Ертеңгілік еркеме ес білдірмей, Көркем қылып көлікпен алып қашты. Қайран ару, қан тулап кетті бетін, Махаббатты сүйісу деп білетін. Пәк сезім жайлауынан шет жүретін, Жат көзге жар тізгінін ұсынбақ па, Артың-жар, жолға бастар тұсың-қақпа….

Толығырақ

АЙЛЫ СОНАТА

Сені мендей сезеді, ол қалайда, Талғамай да, өткенді болжамай да. Алдамай да, тұнығын лайламай да, Қарашы, толған Айға. Ренжітіп көрмеген ол ешкімді, Қуанышты және де емес мұңлы Саясында сан ғашық кеңес құрды, Бәрі де елес сынды! Жап-жарық, әлем добы жаралғалы, Замандары, қираған қамалдары. Жұқара бастағанмен адам жаны, Мөп-мөлдір оған бәрі! Оһ, менің жүрегімнің бойтұмары, Айтылады, талай жыр қайтып әлі. Айды іздесем күлімдеп тұрасың сен, Сені іздесем жымиып Ай тұрады. * * * Асылын қымбатқа айтып, арзан беріп, Темірді қазып алып, маржан көміп. Ғұмырда әтеш қуған әр жанға еріп, Сен де…

Толығырақ

ІЗГІЛІКТІ ІЗДЕУ

Түгім жоқ шын жақтаған, қылжақтаған, Сымбатты адам маңдайын күн қақтаған. Елпілдеген ағамның алғысынан, Етікшінің қарғысы қымбат маған. Бастық көрсем, тұра тұр бәлем дермін, Солай мен әдепсіздеу әлемге ердім. Етке тойған көкемді басып өтіп, Еден жуған әйелге сәлем бердім. Тәкаппардан тартқанда ғасыр күйік, Не етемін қоңыздардың тасын жиып. Өтемін өмір жайлы ән салмай-ақ, Қайыршыға құрметпен басымды иіп. Жүрек сөзі жеткенде құлаққа әрең, Жанарлардан жауапсыз сұрақ көрем. Шын бақытты болмаспын, бәлкім, күнім, Шын бақытсыз болмаймын бірақ та мен!

Толығырақ

ҚЫЗҒЫЛТЫМ КИПАРИСТЕЙ ТЕРЕҢ ӨСКЕН

Қызғылтым кипаристей терең өскен, Егіліп ертең барын елеместен, Сынған бұтақ көңілге, сәуле құйған, Сен емес пе ең?! Жалаң аяқ қиялдың теңіздерін, Кешкен түні, жанымыз егіз дедің. Жеріп кеудем жыласа неліктен мен, Сені іздедім?! Сарылып сүйегі еріп бақ қалатын, Жамылып жүз аққудың ақ қанатын. Мен бе екен мыңнан қашқан, бір бақытты, Тапқан ақын?! Жарқ етіп жанарыңнан жасын жігер, Досың жылап, өртеніп қасың күлер. Алқа қып ақ сезімнің бұршақтарын, Шашып жібер!

Толығырақ

АДАМ ҒҰМЫРЫНЫҢ КЕСТЕСІ

Кім кемеңгер, кім ұлы? Түсініксіз түк те осы. Адамдардың ғұмыры, А және В нүктесі. Теңіздей тасынуда, Тасынуда малып ап басын уға. Барлығы бір нүктеден бастау алып, Бір нүктеге жеткенше асығуда. Мән іздеп заңғар ойдан, Самғар ойдан сәулелі таңғы арайдан. Өлім бізге жақсы атты сыйлағанмен, Өлу бізге мақсат па алға қойған? Төрт қара қойыменен, Қой санадан аспады ойы неден. Түк қызық кетіп жатыр қаншама адам, Түп-түзу бір сызықтың бойыменен. Аяймын «аһ» ұрғанды, Ақымаққа айтылған ақылдарды. Кектенемін өлердей кейде тіпті, Жек көремін қызтеке ақындарды. Барады сырғып кеме, Баян таппай төрт күндік тірлікте…

Толығырақ

БҰЛҚЫНУ

Қолымда болса балам, Адамзат зор санаған, Жер шарын әперер ем ойнау үшін, Жасар ең моншақ одан. Жайсаң қарт осыны әр күн, Қайталап, масыл болған. Көп арман қосып алдым, Қайтпаған ғасырлардан. Кеудемнен итермеді, Көрмеді қыспақ қылып. Әлемді сүйсем дедім, Сол қолмен ұстап тұрып. Аударып азғын белді, Күрексіз қазғым келді. Милионның тағдырларын, Түзетіп жазғым келді! Жаратқан жүрегімде, Күн-айы алмасты кеп. Кешірер бұл өмірге, Келген соң алғашқы рет. Жайып сап бәрін сыйдың, Жайқалған әлем, міне. Ай құшып, ару сүйдім, Гүл қойып бал ерніне. Жарысып дала желмен, Ақтарып алуан маржан. Осынау бала кеудем, Жаралған…

Толығырақ

АНАМНЫҢ ҮНСІЗ ЖЫЛАП ТҰРҒАНЫ..

Дауылды дауыл басып көрген бе? Жолбарыстанып жасықтар жерде. Шашынан сырғып ақ орамалы, Көрші әйел үйге қашып келгенде. Күрсініп, анам жылады, Жынды су деді, кінәлі. Себеп те таппай кісіңді ақтауға, Сәбидей қолы үсіп жатқанда, Алпамса жігіт ақырып төніп, Әкесін сабап тісін қаққанда, Жабығып анам жылады, Жынды су деді, кінәлі. Жамаусыз көңіл қазақта бар ма, Панасыз қайтсін көзі ақпағанда, Бейкүнә жанды тағдырдың өзі, Жетімек қыз деп мазақтағанда, Қосылып анам жылады, Сол деді тағы кінәлі. Өмірдің мәні, мұраттың мәні, Кеудеме толып сұрақтың бәрі. Ішімдік көрсем түседі еске, Анамның үнсіз жылап тұрғаны.

Толығырақ

КӨКТАС ШЕБЕРХАНАСЫ

Мәрмәрді қашап, сәбиге, Жылайды зергер, қай жерден қалай от басты. Мұңын да шағып айта алмай кетті-ау фәниге, Жасамашы аға, көк тасты. Ажалын күткен сақалын әрлеп бояумен, Адамдар қандай жетесіз! Туыла сала құлпытас жасап қояр ме ең, Өлмейтіндер ше, өлмейтіндерді не етесіз? Тілегін жолдап тамұқтағы елден, Жүрегін жұлып халыққа берген. Сыймайтын рухы табытқа мүлдем, Қырандай көкте қалықтап өлген, Қабыландарды қайтесіз?! Күшіген ойлар, ісіген кеуде, Ілесіп ардың түсіне ергенге. Шешесін тілдер шоқ басса, Айналсын солар көк тасқа! Сұқтана қарап ала көздері, Мына шал еске салады өзгені. Ақынға мұның керегі қанша, Қаламмен қашап…

Толығырақ