САРАМАН – ҚОСА МҰНАРАСЫ

САРАМАН – ҚОСА МҰНАРАСЫ

Бұл ескерткіш – ХVIIІ ғасырдың қайталанбас туындысы. Тарихи жәдігер. Үш жүз жыл бойы махаббаттың ғана емес, батырлық пен адалдықтың қасиетін ұқтыру үшін қасқайып тұр.  Дала аңызы былай дейді:  Жент қаласын билеген ханның баласы Сараман мен жарлы жігіт Қосай дос болыпты. Екі дос жер көріп, ел тану үшін ханнан рұқсат алып, Қуаң мен Сырдариядан өтіп, Арқаға қарай жылжиды. Бір күні Тасбұлақ деген шағын таудан ағатын Талдысай өзенінің жағасындағы ауылда үлкен қыз ұзату тойына тап болады. Бесікте айттырған байдың баласына ұзатылғалы жатқан қыз тойға қатысып отырған Сараманға көз қиығын тас­тап, бір-бірімен үнсіз…

Толығырақ

ҚАЛҚАЙ ИШАН

ҚАЛҚАЙ ИШАН

Көптің көңілінен орын алсаң, мәңгілік мекенің де ұмытылмайды, тозбас тұғырға қонасың. Бұл – алғыс пен ықыластың күші. Қалқай ишан аталып кеткен діни қайраткер Қалмұхамед Маралұлы сол жақсылардың қатарында. Қармақшы өңірінде өмір сүрген атақты Марал ишанның баласы Қалтай ишан мешіт, медресе салған. Марал ишанның: «Қалқай балам қасымда қалқайып жүрсе, қалғандары соның маңында болатынын сеземін» деген сөзі де ел аузында жүр. Қалқай артынан ерген інілері мен ағайын-туысқа ғана емес, Қараөзек бойына (Қосқорған маңына) қоныстанған жүзге жуық шаңыраққа, яғни керей ағайындарына да басшылық жасады. Елдің басын біріктіріп, 80 жерден бөгет салып, егін егуге…

Толығырақ

МОТИВАЦИЯ СЫЙЛАЙМЫЗ

МОТИВАЦИЯ СЫЙЛАЙМЫЗ

Сіз мүмкіндіктер толы ғасырда өмір сүрудесіз. Сондықтан әрбір күніңіз қызықты әрі мағыналы өтісін десеңіз, өзіңізді жеңіп, мақсатыңызды орындаңыз. Ол үшін мына шағын қағидаларды орындаңыз. Қандай да бір қайғыға душар болсаңыз, онда «Он жыл тесті» деген әдісті қолданыңыз. Өзіңізге. Айталық, бір мәселеге душар болдым деңіз. Енді сол мәселе он күннен кейін өзекті бола ма, ойлаңыз. Он айдан кейін ше? Он жылдан соң ше? Әй, қайдам, қандай мәселе болса да, он жылдан соң мәні қалмайды. Демек, өткінші. Демек, ол сіздің жаныңызды жаралайтындай мәселе емес. Төсектен тұра сала, оны жинап тастаңыз. Осы да…

Толығырақ

ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ

(4 қазан -10 қазан) Тоқты Бұл апта тосын сыйларға, кездейсоқ көңілді оқиғаларға толы болмақ. Иә, ойға алған армандарыңыз ретімен орындалуда. Жұмысыңыздағы қызу тірлік табысқа жетелеп, қандай жағдай болмасын шешімін табады. Торпақ Жұлдыздар бұл белгідегі адамдарға апта сәтті өтетінін көрсетті. Денсаулығыңыз сыр беріп, күздің салқыны, қоңырқай тірлік жаныңызды жабырқатқаны рас. Бірақ күтпеген жағдай сіздің мерейіңізді өсіреді. Егіз Саяхатқа басқа қалаға, тіпті шетелге шығуыңыз мүмкін. Жаз бітіп қалды деп уайымдамаңыз, күрең күздің шуағы әрбір күніңізді көңілді етеді. Алайда, ойланбастан шешім қабылдап, орынсыз сөз сөйлеп жақындарыңызды ренжітуден абай болыңыз. Шаян Сіздің жүрегіңізде адал,…

Толығырақ

КІР МАШИНАСЫН ЖӨНДІ КҮТІП ЖҮРСІЗ БЕ?

КІР МАШИНАСЫН ЖӨНДІ КҮТІП ЖҮРСІЗ БЕ?

Кір жууға арналған машинаның ішін арнайы құралмен тазартпаса, оны қақ басып кетуі мүмкін. Машина ыстық су пайдаланады. Ол үшін арнайы құбырда су ысиды. Сол құбыр тыңғылықты тазаланбағанан кір машинаны қақ басады. Нәтижесінде ол тоқты шектен тыс мөлшерде жұмсайды және су ысытатын құбыр істен шығады. Дегенмен арнайы шеберді шақырмай-ақ, үйде бар дүниемен машинаны қақтан тазалауға болады. Ол үшін сыйымдылығы 3-4 киллограмдық кір жуғыш машинаға 60 грамм лимон қышқылын қолданыңыз. Қышқылды машинаның ұнтақ салатын бөлігіне құйыңыз. Мақтадан өндірілген киімді жуатын режимді таңдап, машинаны қосыңыз. Егер кір жуғыш машинаңызды ұзақ уақыт тазаламаған болсаңыз,…

Толығырақ

ЖЕНТ

ЖЕНТ

Қазақтың ұлттық тағамдарының бірі – жент. Ол қыста қатпайды, жазда бұзылмайды, оның дәмі мен нәрі сол күйінде сақталады. Женттің май¬жент, қазыжент, сүт¬жент деген түрі бар. Женттің жасау әдісі өте қарапайым. Оны дайындау үшін 5 кесе сөк жармасы немесе талқан, 4 кесе ірімшік ұнтағы, 2 кесе қант, 2 кесе сары май және 3 ас қасық мейіз қажет. Жент негізгі құрамы − сөк. Ал талқан оның диірменнің көмегімен ұнтақталған түрі. Талқанға қант, ірімшік ұнтағын, мейіз салып, араластырыңыз. Сосын ерітілген сары майды құйып, барлығын бірге былғаңыз. Жентті төртбұрышты ыдысқа салып, дастарханға кішкене бөліктен…

Толығырақ

Жұлдыз – жорамал

(27 қыркүйек – 3 қазан) ТОҚТЫ Армандаған дүниеңізге қол жеткізесіз. Барлық тілегіңіз орындалады. Сізден асқан ақылды адам жоқ, бәріне кеңес беруден жалықпайсыз. Алайда жұлдыздар бір сәт өзіңізге көңіл бөлуге кеңес береді. ТОРПАҚ Бейтаныс адамдардан аулақ жүргеніңіз абзал. Апта жақсы өтуі тек өзіңізге байланысты. Достарыңызбен хабарласыңыз, қонаққа шақырыңыз, сырыңызбен бөлісіңіз. ЕГІЗ Көптен күткен кездесулер, қошеметтер, сырласу, махаббат бәрі осы аптаның еншісінде. Сұлулығыңыз, қайраттылығыңыз көптің назарына ілігуі мүмкін. Шешім қабылдаудан қорықпаңыз. Өзгенің пікіріне құлақ асқаныңыз жөн. ШАЯН Жүрген ортаңызда мерейіңіз үстем болып, дәрежеңіз арта түседі. Ең бастысы – басқаны тыңдаудан бас тартпаңыз….

Толығырақ

Жұлдыз – жорамал

( 21 – 27 қыркүйек) ТОҚТЫ Апта жағымды жаңалықтарға толы болмақ. Сізге жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады. Алғашқы махаббатыңызды жолықтырып, өмірге деген көзқарасыңыз өзгереді. ТОРПАҚ Сіз үшін қарым-қатынас құруға ең қолайлы уақыт. Егер ұнатып жүрген адамыңыз болса, онда еш қорықпастан ілгері жүріп, танысыңыз. ЕГІЗ Ойыңыздағы ұсыныстарды айтуға қысылмаңыз. Тек достарыңызға күйе жағып алудан аулақ болыңыз. Сүйіктіңіздің алдында өзіңізді жақсы жағынан көрсетіңіз,əр сөзіңізді байыппен, ойланып айтыңыз. ШАЯН Қаржы мәселесінде қиындықтар орын алуы мүмкін. Сауда жасап, саяхатқа шығуды азайта тұрыңыз. Өзіңіздің маңдай теріңізбен тапқан қаржыңызды үнемдеп жаратуға тырысыңыз. АРЫСТАН Қым-қуыт тірлікте жан жарыңыздың…

Толығырақ

ПИЦЦА

ПИЦЦА

Бүгінде балалардың да, ересектердің де сүйікті тағамы – пицца. Бұл сөз италиян тіліндегі «pizzicare», яғни «ащы» деген сөзінен шыққан. Ал оның тарихы ХVI ғасырдан бастау алады. Әлемге танымал италияндық тағамды қалай дайындау керегін назарыңызға ұсынамыз. Қамырды әзірлеу үшін 350 г ұн, 1 стақан су, 20 г қамыр ашытқысы, 2 ас қасық зәйтүн немесе өсімдік майы керек. Салманы дайындау үшін 50 г зәйтүн майы, 2 дана пияз, 3 дана қызанақ және 300 г ірімшік қажет. Сондай-ақ салмаға қалауыңызша құс етін я болмаса шұжықты қосуға болады. Ең алдымен ұнға ашытқы, су, зәйтүн…

Толығырақ

КӨЗ КҮТІМІНЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕС

КӨЗ КҮТІМІНЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕС

Көзіңіз көп шаршамауы үшін, көз бен экран арасындағы арақашықтық 50-60 сантиметрден кем болмауы тиіс. Жұмыс бөлмесіндегі шам тым жарық та, күңгірт те болмауы керек. Жұмыс техникасын таза ұстап, тым болмағанда, аптасына 1 рет шаңын сүртіп отырыңыз. Тек мониторды емес, пернетақтаны да сүртуді естен шығармаңыз. Компьютермен жұмыс істеген кезде, ең болмаса, бірнеше минут басқа жаққа назар аударыңыз. Мысалы, терезенің арғы жағындағы көріністі тамашалауыңызға болады. Сонымен қатар, көзге арналған 5 минуттық жаттығуды тұрақты түрде жасап жүргейсіз. Әрине, мүмкіндігінше таза ауада жиі демалғаныңыз дұрыс. Физикалық белсенділік бүкіл ағзаңыздағы, тіпті көз тамырындағы қан айналымының…

Толығырақ