ЖАСТАР ҺӘМ ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЙЫ

ЖАСТАР ҺӘМ ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЙЫ

Әр ата-ана баласының жақсы жерде оқып, кейін сол алған білімінің жемісін көргенін қалайтыны сөзсіз. Дегенмен бүгінде жұмыссыздық мәселесінің күрмеуі шешілмей келеді. Мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар іске асырылғанымен, нәтиже көңіл көншітпейді. Оған себеп те жеткілікті. Рас мемлекет тарапынан іске асып жатқан «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған» бағдарламасы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасына жастар қатысуда. Жұмысқа орналасқандары да жетерлік. Ал табылып отырған жұмыстың табыс мөлшерін азсынып, тастап кетіп жатқандары да бар. Осы тұста «Табанының бүрі жоқ» деген сөз ойыңа еріксіз оралады. Бір орнында тұрақтамайтын «көрсеқызар, көңілін демде бұзатын, ұшарын…

Толығырақ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ ЖҮЙЕСІ  ЖӘНЕ ТАҒЫ ДА ҚАРБАЛАС…

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ ЖҮЙЕСІ  ЖӘНЕ ТАҒЫ ДА ҚАРБАЛАС…

            СӨЗ БАСЫ: «Үштік одақ» бұл өзгеріске дайын ба? Иә, мектеп, ата-ана, бала дейтін «үштік одақтың» мерейлі мерекесіне де, өзіндік мәселе туындайтын мерзіміне де аз қалды. 2, 5, 7-сынып оқушылары жаңартылған білім жүйесіне көшті. Заңды сұрақ: оқулық жеткілікті ме, сауда орындарына түсті ме? «Электронды күнделік» жобасы аймақтағы неше мектепке енгізілді? Қаншалықты қолайлы? «Мектепке жол» акциясы биыл 20 мың оқушыны қуантып, оқу-құрал сыйлайды. Әйткенмен, бұл көпбалалы ата-анаға қаншалықты көмектесе алады? Базардағы сауда елеңдеп барған ананың еңсесін еңкейтіп, көкөрім баланың көңілін жасытып жібермей ме? Өздерінен сұраған едік…  Дерек пен дәйек:  2017-2018…

Толығырақ

ЫСЫРАП ЫРЫСТЫ ЖЕЙДІ

ЫСЫРАП ЫРЫСТЫ ЖЕЙДІ

 немесе қасықтап жинағанды, шөміштеп төкпе. Соңғы бірнеше онжылдықта халқымыздың тұрмыс-тіршілігі едәуір өзгерістерді бастан кешті. Атап айтсақ, материалдық өркениет, экономикалық құрылымдар адамдардан белгілі бір мінез-құлықты, ғұрыптарды қабылдауын, айнала қоршаған ортаға бейімделуін талап етеді, бұл біртіндеп әдетке айналады. Еліміз бойынша 2000-жылдардан бастап әлеуметтік-экономикалық ахуал жақсара бастады, елдің тұрмысы да көтерілді. Нарықтық қатынастар өмірімізге еркін еніп, сауда-саттық ұлғайды, азық-түлік түрлері көбейді, дастархан молайды. Сонымен бірге, барды бағаламау, обал-сауапты ұмыту іспетті теріс құбылыстардың пайда болғаны да осы кез. Өйткені, кейбір кезде молшылық, қонақжайлылық пен ысыраптың қай жерден басталатынын білмей, олардың шекарасын аңғара алмай қалатынымыз…

Толығырақ

НЕСИЕСІЗ ӨМІР СҮРУ МҮМКІН БЕ?

НЕСИЕСІЗ ӨМІР СҮРУ МҮМКІН БЕ?

Мемлекеттік кредиттік бюро мәліметі бойынша, Қазақстанда 5 миллионнан астам адамның несиесі бар. Биыл оның 1 миллион 102 мыңы несие төлей алмай жүр. Бүгінде қай банкке барсаңыз да несие алу үшін құжаттарын дайындап жүгіріп жүрген адамдарды көресіз. Бірақ, көпшілігі несиеге алған ақшаны төлей алмай, үйін де, көлігін де сатып жатады. Банкке қарыз боп қалып, кепілдікке қойылған баспанасынан айырылып, далада қалып жатқандар қаншама? Өсіммен алған ақшасын төлеуге шамасы келмей, тығырықтан шығар жол таппай, соңында өзіне-өзі қол жұмсап жатқандарды да көріп жүрміз. Несиесіз өмір сүру мүмкін бе? Осы сауалды зерделеп көрсек. Бағлан Қалиев,…

Толығырақ

ҚАЗАҚ КИНОСЫНА НЕ ЖЕТІСПЕЙДІ?

ҚАЗАҚ КИНОСЫНА НЕ ЖЕТІСПЕЙДІ?

Соңғы кезде қазақ киносы жиі сынға ілініп жүр. Оның ішінде режиссер, актер, сценарий жазушы, тіпті оператор да біраз сөзге қалады. Көрермендердің пікірінше, қазақ киносында жасандылық басым. Қазақ тіліндегі фильмдердің ыңғайсыз уақыттарда қойылуының себебі де айтылып жүр. Халық көгілдір экранның ар жағынан үнді, түрік киноларын көріп мезі болғанын айтуда. Ұлттық арнада көрсетілген «Келін» киносының көретілгеніне бүгінде біраз жылға жуықтады. Енді бітті дегенімізде «Астана» каналынан жалғасын тапты. Бізде мықты режиссерлар бар. Олар бірігіп көп сериалды кино неге түсірмейді дейсің кейде. «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды», дегеннін керін келтірмей, қазақ киносындағы кемшіл тұсты…

Толығырақ

БІРЛІК БОЛМАЙ, ТІРЛІК БОЛМАС

БІРЛІК БОЛМАЙ, ТІРЛІК БОЛМАС

«Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған» дәуір алға жылжу үстінде. Түрлі жаңа технологиялар қолданысқа еніп, ақпаратты алу, дайындау, тарату үлгілерінде ілгерілеу бар. Алайда Сыр өңірінің жас журналистерінің бұл бағыттағы ойлары қандай? Өз бетінше ізденіп, тіл үйреніп жүргендер бар ма? Жаһандану заманында жас журналистер баяулап қалғандай көрінеді. Не себеп? Бұл жайында сауал жолдадық, соған орай жауап алдық. Елубай ӘУЕЗОВ, ақын, журналист, «ҚазИнформ» халықаралық ақпарат агенттігінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі. − Бір ғана дүние бар, жастар шындықты айта алмаса да соған ұмтылуы керек. Бізде ол жоқ, қоғамның ығымен есіп жап-жас болып…

Толығырақ

ЖЕЛІГЕ ЖЕККЕН ЖЕЛІЛІК МАРКЕТИНГ

Елімізде сауданың бұл түрінің кең етек жайғаны сондай, кез-келген жерде алдыңнан шығады. Ол мекеме ме, мектеп пе, жоғарғы оқу орны ма маңызды емес. Әлдебір косметика не дәрі-дәрмек өнімдерін сататын компанияның сөмкесін ұстаған танысыңызды көріп қалсаңыз, жарнама тыңдауға дайын тұрасың. Бұл өнімдерге қызығушылық танытсаңыз, бірден «компанияға кіруге» қолқа салады. «Oriflame», «Mary Kay», «Ipar», «Avon», «Faberlic» өнімдерін сатуды кәсіп етіп, пайдаға кенелгендер қоғамда көп пе? Әсіресе, студент, жұмыссыз қыз-келіншектер желілік маркетингті табыс көзіне айналдырған. Байып кетесің бе, әлде оңай жолмен пайда табам деп тайып кетесің бе? Белгісіз. Тарихи дерек көздері желілік маркетинг…

Толығырақ

МАРАПАТ АЛУ МАҚСАТ ПА?

МАРАПАТ АЛУ МАҚСАТ ПА?

САУАЛ БІЗДЕН – ЖАУАП СІЗДЕН Азиз Дүкенбай, Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің оқытушысы: Адамның қандай да болмасын жетістікке жетуі, белгілі бір белесті бағындыруы, өз ортасынан дараланып, еңбегінің жануы кішкене арманнан бастап, алға қойған мақсатының жемісі. Осы ретте марапат алуды өзіне мақсат етуді дұрыс деп ойлаймын. Себебі, адам баласы биікті бағындыру үшін белгілі бір стимул болуы қажет. Мысалы, мен биыл «Үздік маман» болуым керек, немесе жастар сыйлығын иеленуім керек деген секілді мақсаттар болған жағдайда ғана, адам алға ұмтыла түсіп, құлшына еңбектене берері анық. Мінекей, адам белгілі бір марапатты мақсат еткен жағдайда әрбір ісі…

Толығырақ

ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ КЕРЕК ПЕ?

ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ КЕРЕК ПЕ?

Отбасы-шағын мемлекет. Ал шаңырақ көтерсеңіз мемлекетіңіздегі бала санын қашан көбейтетініңіз туралы алдын ала жоспарлау керексіз. Отбасын жоспарлау – бұл қажетінше бала тууды жоспарлауға бағытталған, өмірге ұрпақ әкелу уақытын және бала туу арақашықтығын реттеп отыратын, ерлі- зайыптының саналы түрде жасайтын әрекеті дейді мамандар. Ал кейбірі «арнайы жоспарсыз-ақ, Алла берді, бөпелі болдық» десе, енді бірі «бұл елдегі туу көрсеткішін төмен түсіреді, «мемлекетімізді халық саны онсызда аз, бұл жоспарлау бізге керек емес» деген пікірде. Балаларының атын атап шақырғанда әжем Сәрсенбай, Дүйсенбай, Бақтыбай деп соңында шатасып қалатын. Алтын құрсақты аналарымыздың бірі, 13– перзент сүйсе,…

Толығырақ

КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР КӨҢІЛДЕН ШЫҒЫП ЖҮР МЕ?

КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР КӨҢІЛДЕН ШЫҒЫП ЖҮР МЕ?

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін шын күлерлік Ер табылса жарайды қылса сұқбат, — деген Абайдың өлеңі әлі күнге дейін өміршеңдігін жоғалтпаған. Бұлай деп отырғанымыз, адам баласы қашанда көңіл көтеруге, күлкіге дайын. Алайда әзіл арқылы қоғамдағы кейбір келеңсіз жайттарды кейде сынмен, кейде астарлы оймен жеткізе білу кез-келгеннің қолынан келе бермейтіні анық. Ендеше, осынау ауыр жүкті арқалап жүрген жайдарманның әзілі қоғамдағы түйткілді мәселерді дөп басып айтып жүр ме? Осыны анықтау мақсатында «Көңілді тапқырлар көңілден шығып жүр ме» деген сауалды ортаға салған едік,…

Толығырақ