ЕЛІМІЗДЕ ЭЛЕКТР КӨЛІГІ ШЫҒАРЫЛМАҚ

Қазақстанда электр машиналарды қуаттауға арналған стансалар желісін орнату ісі қолға алынды. Бүгінгі таңда ӨКМ Операторы және Қазақстан Автобизнес Қауымдастығы бірлесіп Алматы мен Астана қаласында алғаш рет электр көлігін қуаттауға арналған стансаларды орнатудың пилоттық жобасын бастады. Жеке инвестицияға салынатын жобаға екі қаланың әкімдігі қолдау білдіріп отыр. Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі пилоттық жоба аясында электр қуаттау стансаларына қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді қарастырып жатыр. Жыл соңына дейін Алматы мен Астана қаласында жылдам қуаттайтын (ЭҚС) 100 станса орнатылады. Сонымен қатар, Алматы-Астана республикалық тас жолында жылдам қуаттайтын 20 станса іске қосылады. Елордадағы алғашқы…

Толығырақ

ОТАНДЫҚ ПРОТЕЗ

ОТАНДЫҚ ПРОТЕЗ

Бұл протезді қолдың бұлшық еттері арқылы басқаруға болады. Арнайы микро-бақылаушы белгілерді қабылдайды. Соның арқасында қажетті қимылдар жүзеге асады. Протез көмегімен қолынан айырылған адам 20-дан астам әрекетті орындай алады. Жасанды мүше арнайы қоспалары бар пластиктен жасалған. Соның арқасында өте икемді. Протездің артықшы­лығы бағасының қолжетімділігінде, салмағының жеңілдігі мен бөлшектерінің оңай ауысатынында және смартфонды синхрондығында. Яғни, адам протездің негізгі бөліктерін өзінше алып тастап я өзгерте алады. Протез 3Д – басып шығару технологиясының көмегімен жасалған. Протездің маңызды элементі бас бармақ жетегінің өңделген жүйесі. Ол қимылға табиғилық береді, сондай-ақ қолды толықтай алмастыра алады.

Толығырақ

ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА БІЗДЕ ДЕ БАР

ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА БІЗДЕ ДЕ БАР

Smartflower жүйесі күн шуағын электр қуатына айналдыруға мүмкіндік береді. Қондырғы елорда подстансаларындағы ауыртпашылықты әлдеқайда азайтады. Әзірге Астанада осындай екі қондырғы гүл пішінінде орнатылған, олар Ұлы дала даңғылы мен әуежайдың маңында тұр.  Жобаны құрастырушылардың айтуына қарағанда, құрылғы Австрия технологиясы бойынша орындалған. Ноу-хауды орнату үшін қалалық бюджеттен қаржы қажет болмаған. Баламалы энергия көздері инвесторлардың қаражатына жасалған. Бұл қондырғы екі есе  энергия өндіре алады және энергияны қала желісіне жібереді. Осыдан электр қуатын үнемдейді.

Толығырақ

ҮЗДІКТЕР ТОПТАМАСЫ

ҮЗДІКТЕР ТОПТАМАСЫ

     Заманның талабына сай технологияның қарқындап дамуының нәтижесінде түрлі техникалық құрылғылар пайда болуда.  Соның бірі Indiegogo компаниясының маманы Эндрю Очоа ойлап тапқан Pilot деп аталатын құлаққап. Бұл құрылғының басты ерекшелігі бір тілде айтылған сөздерді бір мезетте екінші тілге аудару. Мысалы, бір-бірінің тілдерін білмейтін екі адамды алайық. Екеуі де аталмыш құлаққапты пайдаланып, өз тілінде еркін сөйлей береді. Ал құрылғы олардың айтқан сөздерін бір-біріне аударып беріп отырады.       Сонымен қоса, Finger Reader деп аталатын жүзік ойлап табылды. Оны саусағыңызға киіп, кезкелген кітаптағы, смартфондағы мәтінге жақындатсаңыз, сол мәтінді өзіне электронды түрде көшіріп алып,…

Толығырақ

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЖАҢА ҚАДАМ

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЖАҢА ҚАДАМ

Ағымдағы жылдан бастап «Азия Авто» зауыты смартфонмен басқаруға болатын автокөлік шығаруды жоспарлап отыр. «Сonnected car» технологиялары – болашақ көлік жүйесінің дамуындағы негізгі бағытдың бірі. Өскеменде құрастырылатын автомобилдердің техникалық жағдайын жеке смартфон арқылы қашықтықтан бақылауға, қозғалтқышты іске қосуға және тоқтатуға, жүксалғышты ашуға, жылдамдықты, температураны қадағалауға болады. Сонымен қоса, автокөліктерге телематикалық жүйелер орнатылады.  

Толығырақ

РОБОТ-ПОЛИЦЕЙ

РОБОТ-ПОЛИЦЕЙ

Осы жылдан бастап Біріккен Араб Әмірлігінің тәртіп сақшылар департаментінде әлемдегі алғашқы робот-полицей өз жұмысын бастайды. Робот сенсорлы экраны арқылы адамның түрін сканерлейді және дауысын ажыратады және түрлі сауалға жауап беру қызметіне ие. Қолдан жасалған тәртіп сақшылары алдымен Дубайдағы Бурдж-Халифа ғимараты мен туристік орындарда пайдаланылады. Әрине, бұл роботтар қылмыскерлердің соңына түсіп, оларды қолға түсіруге толық дайын емес. Дегенмен, адасқан туристерге жол сілтеуге, құқықбұзушылықты видеоға түсіруге немесе тәртіп сақшыларын жылдам шақыруға бейімделген.  

Толығырақ

ТЕЗ ҚУАТТАҒЫШ

ТЕЗ ҚУАТТАҒЫШ

Барселонада Meizu компаниясы «mCharge 4.0» атты смартфонды тез қуаттайтын құрылғы ойлап тапты. Ол енді әлемдегі ең қауіпсіз және жылдам қуаттайтын технология болып саналады. Бұл құрылғы 10 минутта смартфонды 60 пайызға, 18 минут 45 секундтың ішінде 100 пайызға қуаттайды. Сонымен қоса, құрылғыда қуаттау процесіне мониторинг жасайтын смарт технологиясы бар «Е Науk» чипі мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жаңа дата-кабель қосымшасы бар. Бұл «mCharge 4.0» құрылғысы 40°С пен +60°С температура аралығында да жұмыс істей береді. Сондай-ақ құрылғыны жасаған компанияның мәлімдеуінше, оны 10 мың рет еркін пайдалануға болады.  

Толығырақ

ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК 5 ВЕЛОСИПЕД

ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК 5 ВЕЛОСИПЕД

Велосипед – ең тиімді, ең пайдалы және экологиялық тұрғыда таза көлік. Денсаулығыңызды нығайтуға ықпалы да зор. Элиталық өндірушілер бұл көліктің дәстүрлі үлгісін сақтай отырып, жаңа технологиялық мүмкіндіктерді кеңінен қамтыған. Дизайнерлерлер көпшілікті таңдай қақтыру үшін алтын, платина, көміртек талшықтары, хром, Сваровский кристалдары сияқты қымбат тастар мен көбелектің кәдімгі қанаттары секілді түрлі материалдардан велосипед жасап жарысуда. Сәнді көліктің құны да осал болмайтыны анық. Сонымен, сіздерге әлемдегі ең үздік 5 велосипедті ұсынамыз.  Butterfly Trek Madone – әйгілі британдық суретші Damien Hirst жасаған әлемдегі ең қымбат велосипед. Автордың идеясы бойынша көлік үшін кәдімгі көбелектің…

Толығырақ

WI-FI-ДІҢ ОРНЫНА LI-FI      

WI-FI-ДІҢ ОРНЫНА LI-FI      

       Ақпарат алмасушы жүйе алдағы уақытта өзгереді. Иә, кәдімгі Wi-fi-ға қарағанда жылдам  жүйе ойлап табылды. Эдинбург қаласындағы «Pure Li-fi» компаниясы сымсыз жаңа ақылды жүйе енгізіп, оны дамытпақшы. Онда жарық сәулесі қолданылғандықтан, дәстүрлі Wi-fi-ға қарағанда мәлімет алмасу жылдам екен. Ақпарат алмасу жүйесіне «Li-fi» деген атау берілді. Бұл Лайт Фэйделитидің қысқартылған үлгісі. Жаңалық ашқан компания Wi-fi-ды нарықтан ығыстырады деп айтуға келмейді. Себебі, бұған дейінгі сымсыз жүйе де қаншама халықтың игілігіне жарап келеді. Сарапшылардың айтуынша, Li-fi 2020 жылға қарай өз нарқын қалыптастырып, ақша айналымы 5,7 миллионға жетеді.             Мұнда жарық диодты…

Толығырақ

«АҚЫЛДЫ» ЖЕЙДЕ

«АҚЫЛДЫ» ЖЕЙДЕ

Технология күн санап дамып келеді. Таң ата қолданысқа түскен бұйым, кешке ескіріп жатады. Бірақ оның орнын жаңа аппарат басады. Сол сықылды жуырда Гарвард университетінің бір топ мамандары «ақылды» киім құрастырды. Құрастырғанда, тоқыды дегеніміз дұрыс болар. Тіпті тоқыған жоқ, киім тігетін ақылды мата ойлап тапты. Құрастырушылар Advanced Materials Technologies басылымына берген сұқбатында матаның бір қабат кремнийдан және оны жауып тұрған екі қабаттық күміс түстес әрі сезімтал матадан тұрады. Сезімтал мата шағын аппаратқа жалғанған. Бұл құрылғы адамның қозғалысын бағдарлап отырады. Бір қызығы сезімтал мата арқылы қалтаңыздағы смартфонды басқаруға болады. Қалай дейсіз бе,…

Толығырақ