ЖІГЕРЛІ ЖАСТАР РУХАНИ ЖАҢҒЫРУҒА

ЖІГЕРЛІ ЖАСТАР РУХАНИ ЖАҢҒЫРУҒА

Ақтауда Каспий жағалауы елдерінің І Халықаралық жастар форумы өтті. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Әзербайжан мемлекетіне жұмыс сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес, Каспий маңындағы Әзербайжан, Ресей, Түркіменстан, Иран мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ден астам білімді де білікті жас жиналды. Форум мақсаты – жастар саясаты мәселелері бойынша қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Сондай-ақ, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын жаңғыру идеяларын көрші елдерге насихаттау көзделген. Халықаралық жастар форумын өткізуде Қазақстан не ұтады? Ауқымды шараның астарында осындай сұрақтардың жататыны ақиқат. Жастар форумын ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Маңғыстау…

Толығырақ

АТА ЗАҢДЫ ДӘРІПТЕГЕН ДӘУЛЕТ

АТА ЗАҢДЫ ДӘРІПТЕГЕН ДӘУЛЕТ

Білімді жастар заңмен қарулануы керек. Өз құқығын білген азамат еш жерде ештеңеден ұтылмасы анық. Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сінің әкімшілік бөлімінің басшысы Дәулет Ізбасарұлы ─ Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі. Орталыққа құқықтық кеңес сұрап барған әрбір замандасын Дәулет байыппен тыңдап, заңды жолын көрсетеді. — Биыл Ата заңымызды қабылдағанымызға ─ 24 жыл. Тәуелсіздіктің қысқа мерзімінде дамудың даңғыл жолына түстік. Уақыт өткен сайын белестерді бағындырып келеміз. Мен де, егемен елімізбен бірге өз мүмкіндіктерімді арттырып келемін. Мен де өзгелер секілді алдыма нақты мақсаттар қойдым. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін Ата Заңның аясына…

Толығырақ

  ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН

   ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН

Тарихи тұлға Ол − Қазақ хандығының құрылуынан бастап соңғы хан Кенесарыға дейінгі тарихты бейнелеген тұлға. Ол – тұңғыш рет он жеті жылда қалың оқырманға сүбелі, ауқымды он жеті роман ұсынған  жазушы. Танымал «Көшпенділер» трилогиясы − оның әдебиеттегі төлқұжаты. Иә, біз бүгін қаламгер Ілияс Есенберлин туралы сөз қозғамақпыз. Жазушы болу үшін бақытсыз балалық шақ, тартысқа толы тағдыр керек дейді бір кітаптарда. Бұл пікірдің растығындай болашақ қаламгер Ілияс әкесінен бес жаста, анасынан тоғыз жасында көз жазыпты. Осыдан тура бір ғасыр бұрынғы жағдай мүлде бөлек екені белгілі. Жетімдік, аштық, дәрменсіздік оның өмірді ерте…

Толығырақ

СЕКУНДЫНА 5 ТРИЛЛИОН КАДР

СЕКУНДЫНА 5 ТРИЛЛИОН КАДР

      Қарапайым камераның түсірілу жылдамдығы  да осал емес. Ал жаңа технология көмегімен енді 1 секундтта 5 триллион кадр түсіруге мүмкіндік бар. Иә, Швецияда әлемдегі ең жылдам камера ойлап табылды. Оның түсіру жылдамдығына таңдай қағасыз. Әрине, мұндай құрылғы қарапайым адамдарға қажет болмас. Ал ғалымдар мен инженерлер үшін таптырмас құрал. Лунд университетінің ғалымдары ойлап тапқан құрылғы кәдімгі түсіру камерасынан, айналар мен лазерден тұрады. Түсіру кезінде әрбір жарық импульсіне жеке код беріледі. Сонан кейін барлық импульстер шифрлау көмегімен кодсыздандырылады. Айталық ғалымдар мұнымен, заттардың жану кезіндегі үдерістерін қалт жібермей қадағалай алады

Толығырақ

ЖАСҰЛАННЫҢ ЖАЛЫНЫ МҰЗ ЕРІТЕР…

ЖАСҰЛАННЫҢ ЖАЛЫНЫ МҰЗ ЕРІТЕР…

 Түтіні түзу отанның маңдайына бақ бітемін десе бір-ақ сәт, Жаратқанның жарлығымен елді өрге сүйрер алып та, қазақтың намысын қорғап, еліне қалқан болар қас батыр да туар… «Алып анадан туады» деген қазақ емеспіз бе?! Бірнеше мемлекетті құрамына енгізген Кеңес Одағының елең-алаң тұсы болатын. «Болашағымыз не болар?» деп, шаңырақ құрғанына көп бола қоймаған Нүргелді мен Жанар Тасабаевтардың тұңғыш нәрестесін күтіп жүрген шақ. Шаңырақты шаттыққа кернеп, өмірге шекесі торсықтай ұл келген. Есімін жалынды жас болсын деген ниетпен Жасұлан қойды. Елмен бірге күн кешкен қарапайым қазақы отбасындағы мызғымас береке мен тұрақтаған бақтың әліппесі болатын……

Толығырақ

ЖАСТАР КӨШБАСШЫСЫ

ЖАСТАР КӨШБАСШЫСЫ

Сыр елінің топырағы талай таланттар мен саңлақтарды, өмірі өзгеге үлгі болар дарындыларды жаратқан. Сылдырлап аққан Сырдан қуат ала отырып, қазақ ұлтының ұсқынын ұнамды еткен тұлғалар кешегі дәуірде де, бүгінгі кезең де жетерлік. Өткен ғасырда өшпес мұра қалдыру үшін аянбай тер төккен М.Шоқай, Қ.Мұхамеджанов, Ғ.Мұратбаев, Ә.Тәжібаев, Ә.Нұрпейісовтердің елеулі еңбектері бүгінгі ұрпаққа үлгі. Әсіресе алаштың арысы, ұлт көсемі, шығыстың шамшырағы және жастардың жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың орны өзгеше. Осындай өр тұлғалы жастар қазіргі кезеңде де бізге керек. Ұрпақ алмасты, заман өзгерді. Бірақ қазақ жұртының алдыға қойған мақсаты мен талпынысы сол қалпында. Ол…

Толығырақ

БОЛМЫСЫ БӨЛЕК ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВ

БОЛМЫСЫ БӨЛЕК ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВ

Елу жыл ел ағасы болған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – халқының еңсесін тіктеп, бүгінгідей қуатты мемлекеттің іргетасын қалаған бірегей тұлға. Парасат-пайымы, білімі мен адамгершілік қасиеті астасқан ел басшысының артынан аңыз ерген. 1964-1986 жылдар аралығында Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған Дінмұхамед Қонаевтың Қазақстанның өнеркәсіптік және шикізаттық базасын, құрылыс инфраструктурасын, ғылым-білімін, мәдениетін өркендетуге сіңірген еңбегі ұланасыр. Аталған деректер, оның баға жетпес кісілік келбеті мен ерекше қасиет, қабілетінен хабар береді. Көшбасшы жастарға тарихи тұлғаның әрбір ісі сабақ. 1. Димаш Ахметұлы ержетіп, өзіндік пікір қалыптастыра бастағаннан-ақ тау-кен инженері болуды арман еткен. Алғашқы…

Толығырақ

ТАЛАНТЫМЕН ТАНЫЛҒАН ТАЛАНТ

ТАЛАНТЫМЕН ТАНЫЛҒАН ТАЛАНТ

Тарихи тұлғалардың ізін басып, қазаны ортаймаған қасиетті Қазалы өңірінде шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғанидың ізбасар болар жетерлік. Соның бірі – өзінің ұстаздық ұлағатымен, жастарға жетекшілік қабілетімен ерекше көзге түсіп жүрген, белсенді жас Талант Тоқтасынұлын мақалама арқау етуді жөн көріп отырмын. 1988 жылы 7-наурызда Қазалы ауданы, қазіргі Жанқожа батыр ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Жанқожа батыр ауылындағы №94 мектепті үздік бітірген Талант Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «География және жаратылыстану» факультетіне құжат тапсырады. 2009 жылы жоғары оқу орнын «география-туризм» мамандығы бойынша тәмамдайды. Бұл жылдар Талантқа тек тәлім мен…

Толығырақ

ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ЖАСАУДАҒЫ НЕГІЗГІ ТӘСІЛ

ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ЖАСАУДАҒЫ НЕГІЗГІ ТӘСІЛ

Сіз мықты көшбасшы болуды мақсат еттіңіз бе? Сөзіңізбен, ісіңізбен, тіпті, өзіндік мінезіңізбен ерекшеленіп, елді үйіріп әкеткіңіз келе ме? Оның жолы өте қарапайым. Төменде айтылған кеңестерге назар салып қарасаңыз, ата дінімізде айтылған әдеп-иба қағидаларын көргендей боласыз. Ал бұл ойларды айтқан америкалық педагог, жазушы – Дейл Карнеги. Оның «Достарды қалай табу керек және адамдарға қалай әсер ету керек» кітабы көшбасшылар мен мықты кәсіпкерлердің жолбасшысы болған. Жыл өткен сайын құндылығы тіпті артып келеді. Ендеше, сіздерге Гүлтас Сайынқызының аудамасынан үзінді ұсынбақпыз. Адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде әр ісін ойланып істейтін адамдармен емес, өздерінің әрбір қадамдарын…

Толығырақ

КӨШБАСШЫҒА ҚАЖЕТ КЕҢЕС

КӨШБАСШЫҒА ҚАЖЕТ КЕҢЕС

Бірінші кеңес. Біз жоғарғы құзыретті адамдарға сүйсіне қараймыз, іскерліктің ұсталары болсын, әлемдік деңгейдегі спортшылар болсын немесе іскер бизнесмендер болсын. Егер шынымен құзіреттілік қасиетін дамытқыңыз келсе, мыналарды істеулеріңіз міндет: Әр күн сайын құзыреттілігіңізді көрсету. Бірдеңені күткенде, жауапты адамдар қол қусырып отырмайды, өздерін көрсете бастайды. Бірақ шынайы құзырлы адамдар бір қадам алда жүреді. Олар өз ниеттерін көрсетіп қана қоймай, кез келген жағдайға дайын екенін айқындайды. Әрқашан мінсіздікке ұмтылыңыздар. Адам әрқашан оқып, өсіп, өркендеуі керек. Мінсіздікке жету үшін «не себепті» деген сұраққа жауап іздеп отыру керек. Соңында, нені және қалай істеу керегін білетін…

Толығырақ