Сот  бақылауын  одан  әрі  кеңейту

Сот  бақылауын  одан  әрі  кеңейту

Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық-процестік заңнамасынқолданысқа енгізілуіне байланысты тергеу судьясы лауазымы енгізіліп, қылмыстық процестік заңнамада тергеу судьясының өкілеттігі, атқаратын қызметінің шектері белгіленген. Қолданысқа енгізілген қылмыстық-процестік  заңнамада тергеу судьясының ерекшелігі мен ролі сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттеріне қатысуы, шешімді жеке дара қабылдауымен қатар күмән туғызатын, зерттеуге жатады деп санайтын, көмексі мән-жайларды анықтау мақсатында қосымша  құжаттар, деректер мен ақпараттар сұратуға, қылмыстық-процестік кодекспен көзделген құзырына сәйкес анықтаған заң бұзушылықтарды жоюға прокурордың алдында талап қоюға, заң бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен мән-жайлардың алдын алуға, болдырмауға бағытталған шаралар көруге жеке қаулы қабылдауына  кең құзыр берілген.   Сотқа…

Толығырақ

Қызылордада «Заңсыз келуші-2017» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

   Қызылорда облысы ішкі істер департаменті және басқа да құзырлы органдардың бірлесіп ұйымдастыруымен 2017 жылғы 2-4 қазан аралығында  облыс аумағында «Заңсыз келуші-2017» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында облыс көлемінде шетел азаматтарымен жасалған 715 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Көші-қон заңнамаларын бұзған 14 шетел азаматы республика аумағынан аластатылды. Өзбекстан Республикасының 7 азаматына қатысты ҚК-тің 393-бабы (сот шешімдерін орындамау), сонымен қатар Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін 1 Өзбекстан Республикасының азаматына ҚК-тің 392-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды.  Сонымен бірге шетел азаматтарының тіркелуін қамтамасыз етпеген үшін 46 жергілікті азаматына Қазақстан Респубкасы Әкімшілік…

Толығырақ

Қылмыстық сот ісін жүргізуде адвокаттардың рөлі

Қылмыстық сот ісін жүргізуде адвокаттардың рөлі

1966 жылдың 16 желтоқсанында Нью-Йоркте қабылданған «Азаматтық және саяси құқықтар туралы» халықаралық пактiмен әрбір адамның қорғаушы арқылы қорғалуына кепiлдiк берiлген. Соған сәйкес, Қазақстан Республикасы Конституциясында әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалу, білікті заң көмегін алу, заңда көзделген реттерде заң көмегін тегін алу құқықтары бекітілген. Конституцияның 16-бабына сай: ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы. Азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуде адвокаттың рөлі əсіресе қылмыстық сот ісін жүргізуде аса маңызды болып табылады. Қылмыстық сот ісін…

Толығырақ

Әділдіктің ақ туы желбіреу үшін тер төгеміз

Әділдіктің ақ туы желбіреу үшін тер төгеміз

«Әділ бидің кегі жоқ, білімдінің кемі жоқ» демекші, әділет жолында қара қылды қақ жарар адвокаттар қатарына замандасымыз Жақып Шаймұханбетұлы да қосылды. Жас заңгер 1987 жылы 17-қыркүйекте Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ды кәсіптік білім беру, онымен қоса, құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары №6 кәсіптік лицейде, №7 орта мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Қызылорда облыстық жастар мәслихатының депутаты, «Аңсар-Сервис» ЖШС-де заңгер, «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметтерін атқарған. Біліктілік сындарынан сүрінбей өткен ол, енді облыстық адвокаттар алқасының мүшесі. Жақып Шаймұханбетов, адвокат: − Адвокаттар құрамына қалай қосылдыңыз? − Көптен…

Толығырақ

76 есірткі алқабы анықталды

Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, «Көкнар» жедел-профилактикалық шарасы аясында облыстық Ішкі істер департаментінде «Дельта-Сырдария» өңірлік бөлімшесі құрылған. Бөлімшенің басты мақсаты – құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді анықтау, осындай деректерге қатысты келіп түскен хабарламаларға дереу ден қойып, барлық құзырлы қызмет салаларымен осы бағыттағы жұмысты үйлестіру. Құрылым өз жұмысын бастағалы бері облыс аумағында 76 есірткі қылмысы ашылып, 58 есірткі алқабы анықталды. Оның 8-і Қызылорда қаласынан болса, 31-і Сырдария, 12-сі Шиелі және 3-і Жалағаш ауданының аумақтарынан табылған. Есірткі алқаптарының басынан 53 442 түп сора өсімдігі өртеу жолымен жойылған. Есірткі құралын аса ірі мөлшерде…

Толығырақ

Ұрлық − түбі қорлық

Қызылордалық полицейлер қырғыз азаматтарын тонаған 28 және 25 жастағы Қармақшы ауданының 2 тұрғынын ұстады. Оқиға 21 кыркүйек күні түнгі сағат 03:50 шамасында Шымкент-Самара тас жолының бойында орын алған. Белгісіз бір азаматша ішкі істер бөліміне телефон соғып, қылмыс фактісі орын алғаны жөнінде хабарлаған. Жедел түрде сол аумақта барлау жұмыстарын жүргізіп жүрген жол-патрульдік полиция ротасына тиісті нұсқау беріліп, нәтижесінде 1992 жылғы және 1989 жылғы 2 азамат ұсталды. Тергеу барысында ұсталған 2 азамат алдын ала сөз байласып, қырғыз азаматының басқаруындағы «Mercedes» маркалы автокөлігін тоқтатып, автокөліктің ішінде болған 4 азаматтың 40 000 теңге көлеміндегі…

Толығырақ

Тәртіпке бас иген құл болмайды

Облыс бойынша 2017 жылдың 8 айында 19507 құқық бұзушылық анықталған. Олар қоғамдық орындар мен көшелерде ұсақ бұзақылық, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін айыпты. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен «Ұсақ бұзақылық» дерегі бойынша 2 292 азамат жауапкершілікке тартылған. Қоғамдық орындарда алкоголь ішімдіктерін ішіп немесе мас күйінде келген 5 570 азаматқа айыппұл салынған. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түн мезгілінде заңды өкілдерін ертпей беймезгіл уақытта жүргені үшін 2 594 ата-анаға шара көрілген. Түнде жортқан жасөспірімдер ойын-сауық орындарында ұсталған. Құзырлы орган 39 ойын-сауық мекемесінің әкімшілігіне сотпен шара көрілген.

Толығырақ

I’M A SINGER KAZAKHSTAN ЖОБАСЫ КАСТИНГ ЖАРИЯЛАДЫ

I’M A SINGER KAZAKHSTAN ЖОБАСЫ КАСТИНГ ЖАРИЯЛАДЫ

1 арна I’m A Singer Kazakhstan жобасы үшін көрермендерге кастинг жариялайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бізге өтініш жіберген жүздеген адам «Халық қазылығының» құрамына еніп, ғаламат музыкалық шоудың жеңімпазын таңдау құқығына ие бола алады. 31 арнада биылғы күздің ең айтулы музыкалық оқиғасы I’m A Singer Kazakhstan жобасына қызу дайындық жүріп жатыр. Қатысушылар іріктелді. Енді кезек көрермендерге келді. Талант-шоудың форматына сәйкес ең үздік орындаушы халықтың дауыс беруінің нәтижесінде анықталады. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бүгінгі таңда үздіктерді іріктеуді мейлінше тәуелсіз, ең объективті әдісі осы екен. «Бұл жобада үздіктерді іріктеудің бүгінгі таңдағы ең демократиялық және…

Толығырақ

Жүргізушілер жөнге келер емес

Жүргізушілер жөнге келер емес

Тамыз айының 23-25 күндері облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Күшейтілген жұмыс жүйесінің бірінші күнінде барлығы 705 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде автокөлікті мас күйінде басқарған 11 жүргізуші, қауіпсіздік белдігін тақпай темір тұлпарын тізгіндеген — 114, рульде ұялы телефонмен сөйлескен — 73, жылдамдықты шамадан тыс асырған — 58 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, «Мүлдем төзбеушілік» қағидаты аясында  спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу дерегі бойынша -76, ұсақ бұзақылық дерегі бойынша — 53 құқық бұзушылық анықталған. Уақытша бейімдеу және интоксикация орталығына 42 азамат жеткізілді. Республика…

Толығырақ

«Құқықтық тәртіп» іс шарасы

«Құқықтық тәртіп» іс шарасы

Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес,  Конституция күні қарсаңында тамыз айының 23-25 күндері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Мақсаты облыс орталығындағы кримогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы  қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын кең көлемде жүргізу мен қылмыстың алдын алу, орын алған қылмыстарды ашу, сондай-ақ көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу. Шараға жергілікті полиция қызметі мен департаменттің қызметкерлері, Ұлттық ұланның сарбаздары жұмылдырылып, жұмыс барысы толықтай күшейтілген жүйесіне көшті. Осы күндері облыстағы қоғамдық орындар, мәдениет ошақтары, көшелер мен тұрғын үй аулаларында, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шаралары қатаң бақылауға…

Толығырақ