КӘСІПКЕРЛІК – ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЖЕҢУ ҚҰРАЛЫ

КӘСІПКЕРЛІК – ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЖЕҢУ ҚҰРАЛЫ

Мақсұт ЖҮНІСБЕКҰЛЫ, Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылы әкім аппаратының сараптама бөлімі маманы:  Біздің анықтама Мақсұт Жүнісбекұлы 1990 жылы Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Ақтөбе ауылындағы №109 мектепті бітіріп, Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде оқуын жалғастырған. Оқуды бітірген соң үш жыл Жезқазғандағы мыс қорыту зауытында жұмыс істеген. Одан кейін Қарағанды қаласындағы «Болашақ» университетінде қаржы мамандығында білім алған. Бүгінде Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылының әкім аппаратында сараптама бөлімінің маманы қызметінде. – Қызметіңіз жастар саясатымен байланысты. Жұмысыңыздың негізгі бағытына тоқталсаңыз… – Бүгінде ауылда жастар саясатын қолдау және кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары…

Толығырақ

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДАН ҚАТЕЛЕСПЕДІМ

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДАН ҚАТЕЛЕСПЕДІМ

БІЗДІҢ АНЫҚТАМА Әнуарбек Аслан Алтынбекұлы есепші. Ол 1993 жылы 4 тамызда Жалағаш кентінде дүниеге келген. №31 орта мектептің түлегі. Алматы қаласындағы «Алматы қаржы-құқықтық және технология» колледжінде қаржыгер мамандығын меңгерген. Кейін «Қазақ инженерлік қаржы-банк академиясында» жоғары білім алған. Еңбек жолын Жалағаш кентіндегі «Арай» бөбекжайында есепші болып бастаған. Бүгінде Жалағаш ауданы әкімдігінің «Жалағаш кенті әкімінің аппараты» КММ-сі бас маманы (бас есепші) болып қызмет атқарады. Аслан ӘНУАРБЕК, Жалағаш ауданы әкімдігінің «Жалағаш кенті әкімінің аппараты» КММ-сі бас маманы: − Есепшілер күнін қалай атап өтесіз? − Достарымыз, әріптестеріміз құттықтап, жұмыста табыс тілеп жатады. Әр мамандықтың…

Толығырақ

Әсем Садықова – Азия ойындарының чемпионы

Әсем Садықова – Азия ойындарының чемпионы

Түркіменстанның астанасы Ашхабад қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарында ауыр атлетикадан 69 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Әсем Садықова қоссайыс нәтижесінде 222 келіні бағындырды. Әсем Садықова — ел тарихында ауыр атлетикадан Азия ойындарының чемпионы атанған алғашқы қазақ қызы. Оныңеңбегі мен табандылығының арқасында Еліміздің Әнұраны ойналып, туымыз көкте желбіреді. Ол ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасы чемпионаты мен кубогының жеңімпазы және жүлдегері. ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Азия чемпионаты мен Универсиада ойындарының қатысушысы. Әсемнің алдағы жоспары — қараша айында Американың Анахайм қаласында өтетін Әлем чемпионатында және келесі жылы Оңтүстік Кореяда болатын…

Толығырақ

Халықаралық турнир жеңімпазы

Халықаралық турнир жеңімпазы

Ақтау қаласында кикбоксингтен өткен Қазақстан – Әзірбайжан арасындағы халықаралық турнирде ел құрамасы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасында К-1 жүйесі бойынша 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткенжерлесіміз Алтынбек Жүнісов  турнир жеңімпазы атанды. Айтулы жарысқа Астана, Алматы, Қызылорда, Семей қалаларының кикбоксшылары қатысты. Жеңімпаздың бапкері Берік Ахметовтің айтуы бойынша Алтынбек үстіміздегі жылғы 16 қазан — 1 қараша аралығында Семейде өтетін оқу-жаттығу жиынына, 2-12 қараша аралығында  Будапештте (Венгрия) болатын Әлем чемпионатына қатысады.

Толығырақ

Отанды сүю – ана сүтімен, әке тәлімімен дариды

Отанды сүю – ана сүтімен, әке тәлімімен дариды

Жасұлан ТАСАБАЕВ, Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің» жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы: Біздің анықтама: Жасұлан Нұргелдіұлы 1989 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. С.Сейфуллин атындағы №4 қазақ орта мектебінде білім алған. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің экономика факультетінде «Мемлекеттілік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білімін жетілдірген. Еңбек жолын ҚМУ-дың «Зерде» студенттік ғылыми қоғамының төрағасы болып бастаған. «Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы» КММ-нің жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс істеу бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды. Бүгінде облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс…

Толығырақ

ДИМАШ КОКО ЛИМЕН БІРГЕ ӘН САЛДЫ

ДИМАШ КОКО ЛИМЕН БІРГЕ ӘН САЛДЫ

Димаш Құдайберген танымал Азияға атағы жайылған КоКо Лимен бірге ән шырқады. Айта кетерлігі, тұнық дауысымен тыңдарманының көңілінен шыққан 42 жастағы әнші келіншек Гонконгте дүниеге келген. Сахнаға 1993 жылдары шығып танылған. Кейіннен Тайваньға қоныс аударған. Қытай тілінің кантондық диалектісінде ән салады. КоКо Ли талай әлемге танымал жұлдыздармен қосылып дуэт шырқаған. Оның Димашпен бірге салған әнін жанкүйерлер жоғары бағалады.

Толығырақ

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТӨЛ ОЙЫНЫ

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТӨЛ ОЙЫНЫ

БІЗДІҢ АНЫҚТАМА Елеусінов Хәкімжан Мектепханұлы − тоғызқұмалақтан 3 дүркін Әлем чемпионы. Ол – Қызылорда облысы, Тереңөзек кентінде дүниеге келген. Кенттегі №35 Иса Тоқтыбаев атындағы қазақ орта мектебінің түлегі. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Еңбекті қорғау инженері» мамандығын қызыл дипломмен бітірді. Алматы қаласындағы М.Тынышпаев атындағы Қазақ Көлік және Коммуникациялар Академиясының спорт клубында «жаттықтырушы-нұсқаушы» қызметін атқарған. Академия қабырғасында «Тасымалдауды ұйымдастыру және басқару инженері» мамандығы бойынша екінші диплом иеленген. Еңбек жолын 2007 жылы ҰК «Қазақстан темір жолы» АҚ Қызылорда жол бөлімшесінің кадр бөлімінде әлеуметтік мәселелер инспекторы болып бастаған. Хакімжан тоғызқұмалақтан ҚР халықаралық…

Толығырақ

I’M A SINGER KAZAKHSTAN ЖОБАСЫ КАСТИНГ ЖАРИЯЛАДЫ

I’M A SINGER KAZAKHSTAN ЖОБАСЫ КАСТИНГ ЖАРИЯЛАДЫ

1 арна I’m A Singer Kazakhstan жобасы үшін көрермендерге кастинг жариялайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бізге өтініш жіберген жүздеген адам «Халық қазылығының» құрамына еніп, ғаламат музыкалық шоудың жеңімпазын таңдау құқығына ие бола алады. 31 арнада биылғы күздің ең айтулы музыкалық оқиғасы I’m A Singer Kazakhstan жобасына қызу дайындық жүріп жатыр. Қатысушылар іріктелді. Енді кезек көрермендерге келді. Талант-шоудың форматына сәйкес ең үздік орындаушы халықтың дауыс беруінің нәтижесінде анықталады. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бүгінгі таңда үздіктерді іріктеуді мейлінше тәуелсіз, ең объективті әдісі осы екен. «Бұл жобада үздіктерді іріктеудің бүгінгі таңдағы ең демократиялық және…

Толығырақ

РҮСТЕМ ЖҮГІНІСОВ ҚАНДАЙ МАРАПАТ АЛДЫ?

РҮСТЕМ ЖҮГІНІСОВ ҚАНДАЙ МАРАПАТ АЛДЫ?

Қазақстандық әнші Рүстем Жүгінісов «Жаңа толқын 2017» байқауында көрермендер көзайымы сыйлығын жеңіп алды. Байқаудың жалпы жүлде қоры 7 млн рубль болды. Оны мына өнерпаздар өзара бөлісті: 1-орын — Сардор Милано (Өзбекстан), DoReDos (Молдова) тобы, Эрна Мир (Армения); 2-орын — Сюзанна Мелконян; 3-орын — Lilu (Вьетнам). Ал көрермендер көзайымы — «Гауһар толқын» жүлдесін және атақты швейцариялық Jacob & Co маркалы сағатты Рүстем Жүгінісов жеңіп алды. Айта кетейік, «Жаңа толқын 2017» байқауының көрермендер көзайымы сыйлығын Twelve Thirteen зергерлік компаниясы даярлаған. Еске сала кетейік, 2005 жылы қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекова да дәл…

Толығырақ

СЫР ЭТНОГРАФИЯСЫ ЗЕРТТЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

СЫР ЭТНОГРАФИЯСЫ ЗЕРТТЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

«Білім шыңына үш жол апарады: ойлау жолы – бұл игі әрі қайырымдылық жол. Ұқсауға тырысу мен еліктеу бұл – жеңіл жол, тәжірибе жинау – ең құдіретті әрі абыройлы жол». Бұл – Конфуцийдің сөзі. Жақында данышпан айтқан соңғы жолдан қырғыз ұлтының өкілін жолықтырдым. Ғылыми жұмысын тәжірибемен дәлелдеу үшін, қыр асып, Сырға қоныпты. Қазіргі таңда Айбек Самаков Еуропадағы ең көне оқу орны Эберхард Карл атындағы Тюбингин университетінде білім алуда. «Жас қырғыз ғалымының сонау Германиядан арнайылап келіп, Сыр өлкесін зерттеуінің себебі неде? Ғалым ретінде нендей жетістікке жетуді көздейді?». Бұл сауалдардың жауабына сұхбат барысында…

Толығырақ