БІРЛІГІ БЕКЕМ БІРЕГЕЙ ҰЛТ

БІРЛІГІ БЕКЕМ БІРЕГЕЙ ҰЛТ

«Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біз қайта түлеуді айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу» деді Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында. Қазақ ұлтын жігерлендіріп, мақсатын айқындап, алға жетелеп рухани күш берген мақалада ұлттық код, прагматизм, білімді жастар, бәсекеге қабілеттілік, баянды болашақ кеңінен сөз болды. Бұл жолы біз Елбасы айтқан ұлттық бірегейлік пен бірлікті сақтау туралы сөз еткіміз келеді. Тәуелсіз мемлекетіміздің басты жемісі де, жеңісі де…

Толығырақ

ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

  Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Ұлы Дала Елі» тарихи-танымдық экспедициясы саяхатқа шықты. Еліміздегі тарихи-мәдени мұралармен танысу мақсат еткен топ Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облысының  қалаларын аралады. Топтың құрамында облыстық Қазақстан халқы ассамблея хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Уалихан Ибраев, директордың орынбасары Рахима Ахметова, этномәдени бірлестіктің жетекшілері мен мүшелері, ғылыми-сараптамалық топ, журналистер мен сарапшылар клубының және жастар қанатының мүшелері бар.  — «Ұлы Дала Елі» тарихи-танымдық экспедициясының мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап өткен «Туған жер» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысындағы тарихи-мәдени мұраларға саяхат…

Толығырақ

ЕШТЕНЕ ЕШУАҚЫТТА УМЫТЫЛМАЙДЫ

31 мамыр қуғын-сүргіндерді еске алу күніне орай М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінде «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық форумы аясындағы Бейбітшілік сабағы өтті. Колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары И.Сыздықов ХХ ғасырдағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасы төгілген тарихтың шерлі беттерінің бірі болып саналатынын баса айтты. Адам төзгісіз қолдан жасалған жүйенің зардабын, сондай-ақ Елбасы Н.Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарда ХХ ғасырдың әлеуметтік трагедиясына шынайы баға бергенін, Қазақстанда 1993 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң қабылданып, Алаш ақтаңдақтары ортамызға оралғанын 1997 жылы 31- мамыр –…

Толығырақ

МЫҢ АЛҒЫС СІЗГЕ, ОҚЫРМАН!

Кеше алғыс айту күні. Айтулы күннің күнтізбеде «қызылмен» белгіленгеніне де көп болған жоқ. Елбасының бастамасымен бұл дата мерекелер тізіміне енді. Мұндағы мақсат – адам-адамға алғыс айту емес, елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің қазақтардың мейірбандығына алғыс айту. Біле-білгенге ұлан байтақ даланы мекендеген ұлттың бауырмалдығы мен қонақжайлылығы талайды тағдырдың тезі мен саясаттың сұмдығынан аман алып қалды. Бордай тозған өзге ұлт өкілдерін бауырына басып, кеудесінен итермей, көңілін түсірмей, бір атаның баласындай қамқорлығын көрсетті. Міне, айтула дата қазақтың сол мейірбандығы мен қамқорлығына алғыс айту күні деп белгіленді. Елбасының көксегені де сол. Көне түркі…

Толығырақ

ОРЫС ЖІГІТІНІҢ ОЗЫҚ ІСІ

ОРЫС ЖІГІТІНІҢ ОЗЫҚ ІСІ

Журналистика саласында да қазақ тілін жетік меңгеріп жүрген жастар көп. Соның бірі – «Сыр медиа» ЖШС-на қарасты облыстық «Кызылординские вести» газетінің тілшісі – Кирилл Иванович Денисов. Ол Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде 1994 жылы дүниеге келген. №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектептің түлегі. Жоғары білімді Орал қаласында, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде балық шаруашылығы мамандығын тәмамдаған. Жас кезінен қазақ тілінде еркін сөйлеп өскен. Спортпен жақсы айналысқан, бірнеше рет көғалдағы хоокейден ҚР чемпионы атанған, спорт шебері атағы бар. Қазақ тіліндегі олимпиада, байқауларға бала кезінен қатысуда. Былтыр өткен «Тіл-парасат» атты республикалық байқауда бірінші…

Толығырақ

ҚАМҚОРЛЫҚ ҮШІН БАС ИЕМІН

ҚАМҚОРЛЫҚ ҮШІН БАС ИЕМІН

«Біздің аман-есен тірі қалуымыз әуелі Құдайдың, екінші қазақтардың бауырмалдығы, жетім мен жесірге, біз секілді жер ауған халық өкілдеріне достық қолын созуының арқасы дер едім»- деп жиі айтады әкем Сейфо. Оны осы киелі топырақта туған біз де жақсы сезінеміз. Сол үшін де қазақ халқы алдында борыштармыз, оларға айтар алғысымыз да шексіз. Менің өзімде, балаларым да қазақтармен бірге туған бауырдай араласамыз. Мұның бәрі елдің кемеңгер басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған сарабдал саясатының арқасы десем артық айтқандық емес. Сондықтан бізді сыртқа теппеген, шеттетпеген жүздеген ұлт пен ұлыстарға төрінен орын берген Нұрсұлтан Әбішұлыдай заңғар басшысы…

Толығырақ

ТАРИХҚА ҚҰРМЕТ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен өткен ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде Алғыс айту күнін мерекелеу туралы айтқан болатын. Қазақстан шын мәнінде ұлы жұттан басталған зобалаңнан бастап, одан кейінгі Ұлы Отан соғысы сұрапылында туған жерінен үдере көшкен сан мың ұлысқа ортақ шаңырақ болды. 1-Наурыз Елбасының бастамасымен «Алғыс айту күні» болып бекітілді. Биыл бұл мереке екінші жыл қатарынан тойланып жатыр. Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. Негізінде, алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік…

Толығырақ

ҚАЗАҚТЫҢ БОЛМЫСЫНА БАС ИЕМІН

ҚАЗАҚТЫҢ БОЛМЫСЫНА БАС ИЕМІН

Қазақ деген ұлы елге алғыс айтамын! Мен өзім кәріс этносының өкілі болсам да, жүрегім қазақ. Қазақ жерінде дүниеге келіп, осы елдің азаматы болғаныма мақтанамын. Қазақстан – бірлігі мен берекесі жарасқан мемлекет. Әртүрлі ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында сүттей ұйып, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Тұрақтылықтың арқасында мемлекетіміз өркендеп келеді. Қазақ елінің дархан халқы бізге көрсеткен ақ пейілін ешқашан ұмытпаймыз, өзімізден кейінгі ұрпақтарға айтып отырамыз. Менің қазақ халқына айтар алғысым шексіз. «Алғыс айту» күні мерекесімен көп этносты қазақ халқымды құттықтап, ілтипат білдіріп, ырысы артып, ынтымағы жараса берсін деп тілеймін. Ким Виктор, Жалағаш…

Толығырақ

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ БАСТАМАСЫ

С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшелері Елбасының Жолдауын насихаттау мақсатындағы кездесуі өткізді. Шараға облыстық Қазақстан халық ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшесі Сәулет Сахиев, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшесі Мәдина Жүсіпбекова және кент тұрғындары қатысты. Кездесуді «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Асылбек Жұмабаев жүргізді. Саяси ғылымдар кандидаты С.Сахиев алғы сөзінде: «Елбасының Жолдауында маған ерекше әсер еткен жайттардың бірі-ол қоғамдағы қарапайым еңбек адамының рөлі болды. Бұл орайда Елбасы «ХХІ ғасырда…

Толығырақ

МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ

МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ

Бұл айтулы мерекені «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігі алғаш болып тойлады. Олай деуіміздің себебі өткен аптада «Масленица» мерекесі аталынып өтті. Дәстүрлі масленица – қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алуға арналған бір апта бойына жалғасатын мереке. Шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының, этномәдени бірлестіктің мүшелері, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жолдады. – «Халқымыздың «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөзінің астарында үлкен…

Толығырақ