Жапонияға жолдама ұтып ал

Жапонияға жолдама ұтып ал

Қазіргі кезде қоғамда қызу талқыға түскен өзекті мәселенің бірі – қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі. Осыған орай, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы латын әліпбиіне көшу бастамасын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы #BizLatyndyQoldaimyz атты әдеби байқауына қатысуға шақырады. Байқаудың Бас ақпараттық серіктесі – «Қазақ үні» ұлттық порталы. 1 орын – мыңжылдық тарихы, бай мәдениеті, салт-дәстүрімен ерекшеленетін әлемнің ең дамыған мемлекетінің бірі Жапонияға жолдама алу. 2 орын – Қазақстандағы тарихи киелі мекен Түркістанға жолдама. 3 орын – смартфон. Міндетті шарт: Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының Facebook @nabrk.kz/ Twitter…

Толығырақ

Ғалымдар оқушыларға емтихан алдында не жеу керек екенін анықтады

Ғалымдар оқушыларға емтихан алдында не жеу керек екенін анықтады

Мидың қысқа мерзімді белсенділігін арттыру үшін емтихан алдында балалар қаражидек жеуі керек. Рединг университетінің ғалымдары осындай шешімге келген. Олардың зерттеу жұмысы туралы The Telegraph басылымы жазды. Ғалымдар бастауыш сыныптағы балалар тобына тапсырма берді: олар компьютер экранындағы бағыттағыштарды қадағалап, олардың бағытына сәйкес келетін клавишті басу керек болды. Тапсырма алдында қаражидек шырынын ішкен балалар басқаларға қарағанда 10 пайызға нақтырақ жауап берген. Қаражидектің пайдалы қасиеттері, мысалы, оның қабынуға және қышқылдандыруға қарсы әсерлері бұрыннан белгілі болатын, бірақ жаңа зерттеу бұл жидектің когнитивтік дағдыларға оң әсерін дәлелдеді. «Біз алғаш рет флавоноидтердің балалардың мақсатты әрекетіне оң…

Толығырақ

Спорт жанашырлары әлем чемпионатының күміс жүлдегеріне көлік мінгізді

Спорт жанашырлары әлем чемпионатының күміс жүлдегеріне көлік мінгізді

 Талдықорған қаласында Конфедерация Кубогының «А» тобының іріктеу кезеңі мәресіне жетті. Онда Алматы, Павлодар, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары сынға түсті. Сайыстың ашылу салтанатына Күш қолданылатын спорт түрлері және Алматы облысының басшылары қатысты.  Өз жерінде Алматы облысы еркін және грек-рим күресі мен таеквондодан қарсылас шақ келтірмей, Конфедерация Кубогының финалына жолдама алды. Конфедерация Кубогы додасының аясында спорт жанашырлары мен кәсіпкерлер әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа көліктің кілтін табыс етті. Енді ақтық кезең 2-3 желтоқсан күндері Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтеді. Естеріңізге сала кетейік, сайыстың жалпы жүлде қоры 125 млн теңге.

Толығырақ

Бағыңды сынап көр жас отбасы!

Бағыңды сынап көр жас отбасы!

Отбасылар арасындағы «Жас отау» байқауының ЕРЕЖЕСІ І. Жалпы ереже «Жас отау» облыстық отбасылар байқауының өткізілуі тәуелсіз Қазақстанның демографиялық және әлеуметтік дамуының негізі болып табылатын отбасы мен отбасы құндылықтарын, отбасының жағымды бейнесін көпшілік арасында кеңінен насихаттауға бағытталған (әрі қарай – Байқау). Байқау «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылады және өскелең ұрпақтың адамгершілік-рухани дамуында отбасылық құндылықтардың ролін нығайтуды, ұрпақтар сабақтастығын, отбасылық қарым-қатынастар мәдениеті мен салттарын сақтауға ықпал етуді көздейді. Осы ереже байқауды өткізудің мақсаттары мен міндеттерін, тәртібі мен жеңімпаздарды марапаттауды анықтайды. ІІ. Байқаудың мақсаты мен міндеттері        Мақсаты: Отбасы институты…

Толығырақ

ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ  

ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ   

  Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі күрделі жөндеуден өтіп, жаңа мазмұнда жұмысын бастады. Өткен аптада орталықтың ашылу салтанаты өтті. Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев орталықты ресми түрде ашып берді. Шараға жастар орталығының директорлары, ҮЕҰ жетекшілері, белсенді жастар қатысты. Аталмыш орталықтың басты мақсаты – жастардың шығармашылығын арттыру, жастар ұйымдарының бел­сендісі болуға үйрету, жас­тардың бос уақытын тиімді пайдалануға септігін тигізу, жұмыссыз жасты жұ­мыс­қа орналастыру. – Орталық күрделі жөн­деуден өткізілді. Қазіргі таңда бізде үлкен спорттық алаң, интернет, Play Station бар. Арнайы психолог маман кеңесіне жүгінуге болады. Сондай-ақ жастар үшін…

Толығырақ

Жұмысшы мамандықтар игерілуде

Жұмысшы мамандықтар игерілуде

Биылғы жылдың басты ерекшелігінің бірі – ниет білдірген әрбір азамат қажетті мамандығын тегін иегере алуы. Ал бұл мүмкіндік жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің жаңа бағдарламасы бойынша іске асырылуда. Аталмыш бағдарламаны Үкімет былтыр бекітіп, оны қаржыландыруға 118,8 млрд. теңге бөліп, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске қосты. Негізінде бағдарлама әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Оған бірінші кезекте 9-11 сыныпты бітіруші түлектер мен отбасы жағдайына байланысты оқуын жалғастыра алмаған жұмыссыздар, бейімдеу орталығында тұратын жасөспірімдер тартылмақ.  Әрбір елді мекенде ауылдық немесе қалалық әкімшілікте осындай талапкерді іздеу жұмыстары оң нәтижесін…

Толығырақ

Жастарға осалдық тән емес

Жастарға осалдық тән емес

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жастар» ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Осал жастар топтарымен жұмыс жасау» атты республикалық семинар-тренинг бастау алды. Семинар-тренингті «Жастар» ғылыми зерттеу орталығы құрған ұлттық тренерлер пулының мамандандырылған тренерлері жүргізді. Тренерлер жастардың осал топтарын іріктеудің тиімді тетігін құру бойынша пилоттық аймақта жастардың осал топтары өкілімен фокус-топтар және тереңдетілген сұхбат жүргізіп, жастардың осал топтары мен жұмыс істеу стратегиясы бағытында дәріс өткізді.

Толығырақ

Кәсіптік білім көкжиегі

Кәсіптік білім көкжиегі

Елбасы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жастарды кәсіптік мамандықты игеруге шақырды. Осы мақсатта ғылыми-техниканың өрлеп тұрған уақытында өндірістік күштің дамуы, жаңа технологияның өмірге енуі және нарық қатынасына бейімделген қазіргі экономикаға зәру маманды даярлау күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Сол себепті жастардың кәсіби мамандық таңдауға бағыттау күн тәртібінен түспек емес. Осы орайда Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас құрылысшылар» еңбек жасағының облыстық штабының ұйымдастыруымен «Автомобиль жолдары басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты бетон, асфальт зауытының жұмысымен жастарды таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияның негізгі мақсаты…

Толығырақ

Жүрегіммен көремін күллі әлемді

Жүрегіммен көремін күллі әлемді

Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі, республикалық «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі және Әйтеке би кенті әкімі аппаратының «Кенттік клубы» МКҚК ұйымдастыруымен «Көкірегімнің көзімен  көремін күллі әлемді» атты мерекелік шара өтті.          Шарада қоғамдық бірлестіктің Қазалы аудандық бастауыш ұйымының төрағасы Қияс Әлімжан мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсартуға әлеуметтік қолдау көрсетіп қамқорлық жасап отырған «Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің басшысы Талайлы Әмитжанұлына алғыс айтып, алдағы уақытта да бірігіп жұмыс істеп, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетілетінін жеткізді. Шарада көру мүмкіндігі шектеулі жандар өнерін ортаға…

Толығырақ

«Жақаев ізбасарлары»  Ақмаяда

«Жақаев ізбасарлары»  Ақмаяда

Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Шиелі ауданы әкімдігі және Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың «Бизнес START» орталығы  «Жақаев ізбасарлары» атты еңбек тынығу лагерін ұйымдастырды. Шараға қала мен ауданнан келген белсенді жастар қатысып, Ы.Жақаев ауылындағы Ыбырай Жақаев атындағы тарихи-өлкетану музейінде болып, күріш атасының  ұрпағы Сейітбек Жақаевпен сұқбаттасып, батасын алды. Еңбек лагерін ұйымдастырудағы басты мақсат –  белсенді жастарды еңбекке, кәсіпкерлікке, елжандылыққа баулу, жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға, көшбасшылық қасиетті шыңдауға, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға бағыттау. Еңбек лагерінде бойжеткендер шаруашылықта сиыр сауса, жігіттер қора тазалаумен айналысты. Ал түстен…

Толығырақ