«Алтын доп» иегері кім болады?

7

Франциялық France Football басылымы 2017 жылы «Алтын допқа» үміткер 30 футболшының тізімін жариялады.

Бұл тізімге келесідей фут­болшылар енген. Неймар («ПСЖ»), Лука Мод­рич («Реал»), Марселу («Реал»), Пауло Дибала («Ювентус»), Н`Голо Канте («Челси»), Ян Облак («Ат­летико»), Серхио Рамос­ («Реал»), Филиппе Коутинью («Ливерпуль»), Дрис Мертенс («Наполи»), Луис Суарес («Барселона»), Роберт Левандовски («Бавария»), Давид Де Хеа («Манчестер Юнайтед»), Ке­вин­ Де Брейне («Манчестер Сити»), Харри Кейн («Тоттенхэм»), Эдин Джеко («Рома»), Антуан Гризманн («Атлетико»), Джанлуиджи Буффон («Ювентус»), Тони Кроос («Реал»), Садио Мане («Ливерпуль»), Радамель Фалькао («Монако»), Лионель Месси («Барселона»), Пьер-Эмерик Обамеянг («Боруссия» Д), Матс Хуммельс («Бавария»), Эдинсон Кавани («ПСЖ»), Карим Бензема («Реал»), Криштиану Роналду («Реал»), Леонардо Бонуччи («Милан»), Иско («Реал»), Эден Азар («Челси»), Кильян Мбаппе («Монако»).

Айта кетейік, биыл «Алтын доптың» үздік футбол­шыға қашан берілетіні әлі белгісіз. Ал өткен жылы бұл атақты мадридтік «Реал­дың» шабуылшысы Криштиану Роналду жеңіп алған. Үздік фуболшыны анықтауға әлемнің барлық елінің спорт тілшілері қатысады.

France Football басы­лы­мы «Алтын допты» 1956 жыл 2010 жылдар ара­лы­ғында беріп келді. 2010 жылдан бері бұл жүлде «ФИФА-ның үздік футболшы­сына» берілетін атақпен бі­рігіп кетті. 2016 жылы France Football ФИФА-мен байланысты үзіп, үздік футболшыны қайта өзі жеке марапаттай бастады.

8  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру