АСЫҒЫМЫЗ АЛШАСЫНАН ТҮСТІ

Шағын футболдан Тунис елінде өтіп жатқан әуесқойлар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы Кот-д’Ивуардан басым түсті. Топтық кезеңнің екінші туры аясында Қазақстан құрамасы Кот-д’Ивуар құрамасымен кездесіп, 4:2 есебімен жеңді. Осылайша, біздің құрама үш ұпай еншілеп, «Е» тобында екінші орын­ға жайғасты. Әлем біріншілігінің топ­тық кезеңі аясында бірінші турда Қа­зақстан құрамасы Румыниямен кезде­сіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді. Енді топтық кезеңнің соңғы турында біздің құрама 11 қазан күні Гватемала құра­масымен кездеседі. Әуесқойлар арасындағы әлем бірінші­лігінің плей-офф кезеңіне бірінші немесе екінші орын алған құрамалар шығады. Сонымен қатар әр топтан үшінші орын алып, үздік көрсеткішке ие болған тағы бір команда топтан шығады.

 

8  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру