ЕРЛІКТІҢ ШАРТЫ – ӨЗІҢЕ СЕНГЕНДІК

18

Жақсылық Әмірәліұлы Үш­кемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалық маман­дықты таңдап, Семейдің мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. 1974 жылы ин­ститутты тәмамдап, Алматы қаласына келеді. Мұн­дағы мақсаты елімізге ең­бе­гі сіңген жаттықтырушы В.А.Писаревтің басшы­лығы­мен спорттың күрес түрімен те­реңірек айналысу. Ол – қазақша күреспен бала ке­зін­де, ал классикалық жә­не еркін күреспен инс­титут қабырғасында оқып жүргенде айналыса­ бастаған. 1970 жы­лы жаттықтырушы Рома Ха­санович Ильматовтың ке­ңесі бойынша өзіне таныс емес күрестің жаңа клас­си­калық түрімен айналыса бастады. Арқадан асырып­ лақтыру әдісін жақсы мең­ге­реді. Күрес кезінде қарсы­ласын дәл бағалай біліп, әл­сіз жақтарын сезіп, нә­ти­жесінде өз пайдасына­ ше­ше­тін. Ұпайы қанша жоға­ры болып тұрса да, ойын аяғына дейін жеңудің ыңғай­лы жақтарын іздеумен болатын. 1975 жылы Алматы қаласында өткен алтын­шы жазғы халықтар Спар­та­киадасының Жақсылық үшін маңызы зор болды.­ Елі­міздің ең таңдаулы күрескер­лері­мен белдесіп бәрін же­ңіп шы­ғып, Спартакиада чем­пио­ны болып, өміріндегі ал­ғашқы алтын медалін жеңіп алды. Ж.Үшкемпіров ел чем­пионатының жеті дүр­кін жүл­дегері болды.

Түрлі халықаралық тур­нирде өзімен тең түсе­тін қарсыласпен шық­қан ұзақ та, титықтатқан кү­­рес­термен Одақ­тық біріншіліктегі чемпион атан­ған табысынан ке­йін ға­на Ж.Үшкемпіров Олим­пиада ойындарына­ кан­­­ди­даттық жолдама ал­ды.­ Ж.Үш­кем­піров бар күш-жі­герін Мос­квада өтетін Олим­пиа­даға қа­тысуға жұм­сады. 48 кг салмақта клас­сикалық кү­рес­тен төрт адамның ішінен аз ғана арасалмақпен алға шыққан Жақсылықтың кандидатурасы өтті. Бұл қиын жарыста тек Жақсылық Үшкемпіров қа­на жеңетінін басшылыққа дә­лелдеген жаттықтырушы Вадим Александрович Псарев болды. Олимпиаданың бірінші күнгі жеребе салу рәсімінің нәтижесінде Жақ­сы­лық бірінші айқасқа әлем­нің екі дүркін чемпионы, румын шебері Александрумен түсетін болды. Бұл сәт­те де оны қолдап, кө­ңілін көтерген Валерий Резанцев пен Вадим Александрович Псарев болды. Олимпиада күндері Ж.Үшкемпіровтің чемпиондыққа үміткер қар­сы­ластары: румын Александру, поляк Керпач, бол­гар Христов, венгр Ше­реш­терді шебер техникасы­мен, шап­шаңдығы және тө­зім­ділігімен жеңіп шықты. Осы­лайша қа­зақ­тан шыққан тұң­ғыш Олимпиада чемпионы болды.

 

10  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру