Құрамаға құлық жетпеді ме?

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңін аяқтады. Топтағы соңғы ойында қазақстандық футболшылар Армения құрамасымен тең ойнады. Астанада өткен ойында қос құрама 1:1 есебімен тең тарқасты. Бірінші таймда қонақтар сапынан команда капитаны Генрих Мхитарян гол соқты. Ал оған осыған дейін «Ақтөбе» сапында ойнап кеткен Маркос Пизелли нәтижелі пас берді. Ал оған дейін Қазақстан құрамасы сапынан Азат Нұрғалиев пен Роман Мұртазаев өз мүмкіндіктерін пайдалана алмаған еді. Екінші та­йм­ды ширақ бастаған Қазақстан құра­ма­сы таразы басын теңестіруге ұм­тыл­ды. 62-минутта­ қап­талдан Роман Мұр­та­заевтың әуелете асыр­ған до­бы­на  Бауыр­жан Тұ­рысбек бірінші же­­тіп, есепті теңестірді. Оның бас­пен бағыттаған до­бын Армения құрама­сы­ның қақпашысы Арсен Бег­ла­рян қай­тара ал­мады. Ал соңғы сәтте қо­нақтар гол соғуға зор мүмкіндік алғанмен, қор­ғаушы Юрий Логвиненко Қазақстан құ­­ра­масын жеңілістен құт­қа­рып қал­ды. Топтағы 10 ойыннан­ ке­йін 3 ұпай жи­наған Қа­зақ­стан құрамасы соң­ғы орында (6-орын) қалды. Польша құра­ма­сы топ­тағы айқын көшбас­шы ре­тінде әлем чемпионатына жолдама алды.

9  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру