НАҒЫЗ ҚАЗАҚ ОСЫ, МІНЕ, ТАНЫП ҚОЙ…

images

Ғаламторды ақтарып отырсаңыз, неше түрліні көресіз. Танымдық материалдардан бастап, ұлттардың физиологиялық ерекшелігіне қатысты жазбалар толып тұр. Мысалы, ең әдемі қырғыздар, түріктер, ұйғырлар деген материалдарды көзім шалып қалды. Ерінбей уақыт бөліп қарап шыққан адам, әр ұлттың өзіне тән колоритін көреді. Осындай рейтингте қазақта жүр. Бірақ, одан біздің ұлттың ассимиляцияға қатты ұшырағаны кәдімгідей байқалады.

Ұйғырлар көп ішінен ерекшеленіп тұра¬ды, түрік те осы. Тіпті орыстардың өзі басқа еуропалықтармен салыстырғанда өзгеше. Тіпті, былай қарағанда бір-бірінен айнымайтындай көрінетін қытай мен кәрісті де ажы-ратуға болады. Ал ат төбеліндей ғана қа¬зақ¬тың келбетінен түрлі ұлттың колоритін кө¬ресің. Неге?
Тіпті қазақтың қыздарын өзге ұлттың өкіліне ұқсатсаң, кәдімгідей мәз болып қалады. Нағыз қазақы сұлулық қайда қалды сонда? Баяғы дастандағы «Қасы-көзі қиылып, қудай мойны иіліп» деп суреттелетін аруларымыз неге азайып кетті?
Татар немесе орыс ұлты өкіліне ұқсайтындардың бірі менмін. Бала кезімнен «мына орыс бала қазақша таза сөйлейді екен» деген cөзді естіп келемін. Ол кезде соншалықты мән бермейтін едім. Өсе келе «мен неге басқаларға ұқсамаймын» деген сұрақ көп мазалайтын болды.
Біздің ұлт Еуразия континентінде ең көп метисацияға ұшыраған ұлт екен. Еуразия еу¬ро¬пеоидтері мен моңғолоидтерінің қосындысынан құрылған нәсілдерді оңтүстіксібір тобына жатқызады.
Оның өзі бірнеше топқа бөлінеді: ал¬тай-саяндық популяциялық топ (оңтүстік ал¬тайлықтар, хакастар мен шорлықтардың кей¬бір топтары) — қазақстандық популяциялық топ (қазақтар, ноғайлар, қарақалпақтар, баш-құрттар мен ұйғырлардың кейбір топтары) — тяньшань өңірлік популяциялық топ (қыр¬ғыздар).
Қарап отырсақ, қазақстандықтардың өзі жеке бір топ. Бұрын «қазақтардың шашы са¬ры, көздері көк болған» деп оқытқан тарих пәнінен. Бұл қаншалықты рас десек, шынымен антикалық дәуірге дейін қазақтарда еуропеоидтік нәсіл басым болған.
Қазақтардың сары, көздері көк болғандығын жоққа шығаратындар да бар. Бірақ, Еуропадағы қазақтың жақын қандасы Мажар халқын қайда қоямыз?
Мажарстанның тұрғылықты халқы өздерін мадиярмыз деп атайды. Осы мажарлық мадиярлардың қазіргі мекені Еуропа аумағына ұлы даладан келгені жəне олар қайсібір заманда көшпенді халықтың бір бөлігі болғаны жайында тарихи, мұрағаттық дерек¬тер мен аңыздар көп. Мажар аңызындағы ғұндарға байланысты оқиғалар олардың шығыспен байланысының сонау ерте заманда басталғанын, мажарлар¬дың Азиядан Еуропаға 896 жылы қоныс аударғанын баяндайды. Алғашқы қазақ пен мажар туыстығы туралы пікір ХІХ ғасырда газет беттерінде жариялана бастады. 1835 жы¬лы Шамуель Брашшаидың «Қырғыз-қа¬зақ¬тар» атты еңбегі жарық көреді. Мадияр – таза қазақи атау. Ад, Мад, Ади, Мади, Ар (яр), Дияр деген біріккен сөздерден тұрады. Сөз түбірі – Ад (қарашаңырағы Адай). Арғы тегі ежелгі Маңғыстаудың МАД (Ман Адай) пат¬ша¬лығы. Ал, олардың өздерін қыпшақпыз дейтініне келсек, Қыпшақ пен Қазақ синоним сөздер болып табылады. Шындығында, Қыпшақтар – Қазақтың ұрпағы. Олар өзін Ма¬жар¬лар деп те атайды. Ма (Ман) жар (жа¬ры), Аж (Аз), Ар деген біріккен сөзден тұрады.
ТҮЙІН:
Ал, жалпы сіздің ойыңызша, қазақтың түр сипаты қандай? Келбеті бойынша қандай қазақ азаматын сіз нағыз қазақ деп сипаттай алар едіңіз? «Нағыз қазақ осы міне, танып қой» деп кімді айтамыз?
Ерхан АҚЫН

8  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру