«Жас отау» облыстық отбасылар байқауы

dalanews-otbasy

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Өркениетті Қазақстан» ҚБ-мен бірлесіп, «Жас отау» облыстық отбасылар байқауын жариялайды.

  • Байқау «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылады және өскелең ұрпақтың адамгершілік-рухани дамуында отбасылық құндылықтардың ролін нығайтуды, ұрпақтар сабақтастығын, отбасылық қарым-қатынастар мәдениеті мен салттарын сақтауға ықпал етуді көздейді.
  • Байқау Ережесіне сәйкес құжаттар топтамасын orkeniet_kz@mail.ru электрондық поштасына 2017 жылдың 20 қазанына дейін жіберу қажет.
  • Хат тақырыбы «Байқауға өтінім» деп көрсетілуі тиіс.

Толық ақпаратты Қызылорда қаласы, Әбілқайыр хан көшесі 33 Б үйде орналасқан «Жас отбасыларға қолдау көрсету» ресурстық орталығынан немесе 8 (7242) 92-52-87, 8 775 125 10 20 телефондары арқылы біле аласыздар.

Отбасылар арасындағы «Жас отау» байқауының

ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ереже

«Жас отау» облыстық отбасылар байқауының өткізілуі тәуелсіз Қазақстанның демографиялық және әлеуметтік дамуының негізі болып табылатын отбасы мен отбасы құндылықтарын, отбасының жағымды бейнесін көпшілік арасында кеңінен насихаттауға бағытталған (әрі қарай – Байқау).

Байқау «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылады және өскелең ұрпақтың адамгершілік-рухани дамуында отбасылық құндылықтардың ролін нығайтуды, ұрпақтар сабақтастығын, отбасылық қарым-қатынастар мәдениеті мен салттарын сақтауға ықпал етуді көздейді.

Осы ереже байқауды өткізудің мақсаттары мен міндеттерін, тәртібі мен жеңімпаздарды марапаттауды анықтайды.

ІІ. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

       Мақсаты: Отбасы институты мен отбасылық қатынастардынығайту, отбасы құндылықтарын насихаттау, өскелең ұрпақ арасында ұлттық салт-дәстүрлердің кеңінен таралуына ықпал ету.

Міндеттері:

1. Қоғамның маңызды институттарының бірі ретінде отбасылардың беделін көтеру.

2. Достықты, адамгершілікті, қазақстандық отбасының оң имиджін, отбасылық өмірдің ерекшеліктерін қалыптастыруға ықпал ету.

3. Отбасылардың шығармашылық бастамаларын қолдау.

ІІІ. Отбасылар байқауын ұйымдастырушылар

     1. Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы;

2. «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігі.

 

ІV. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар және іріктеу шарттары

  1. Байқауға Қызылорда облысы аумағында тұратын отбасы мүшелері 35 жасқа дейінгі отбасылар қатыса алады.

2. Көп балалы және өзге этнос өкілдерінен қатысушы отбасыларға ерекше көңіл аударылады.

Байқауға қатысушыларды іріктеу шарттары келесідей жүргізіледі:

— отбасы мүшелерінің жетістіктері (отбасы тарихын білу, шежіре);

— отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлер, рухани-адамгершілік құндылықтар;

— отбасы таланттары, өмір сүру стилі (салауатты өмір салты, бос уақытты өткізу және т.б.)

Ескерту: Байқауға 2015-2016 жылғы «Жас отау» облыстық отбасылар байқауының финалдық сайысына қатысқан отбасылар жіберілмейді.

 

V. Жас отбасылар байқауын өткізу тәртібі

          Байқау екі кезең бойынша өткізілетін болады:

          I сырттай іріктеу кезеңі: Іріктеу кезеңін өткізу үшін қазан айының 16-на дейін қазылар алқасы құрамы бекітіледі. Оның құрамына облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері және үкіметтік емес ұйым мүшелері кіреді.
2017 жылғы 23 қазан күні комиссия мүшелері тапсырылған құжаттарға сәйкес 2-ші кезеңге өткен қатысушыларды анықтайды.

II кезең: Байқаудың финалдық кезеңі сайыс шарттарына сәйкес 2017 жылғы 27 қазанда өтеді.

 

Байқаудың финалдық кезеңінің сайыс шарттары: 

          Бірінші айналым:«Менің отбасым» — отбасылық таныстыру. Қатысушылар отбасылық ерекшеліктері, ата-анасы, негізгі өмірлік құндылықтары, әуестігі және т.б. туралы түрлі жанрды (ертегі, ән, бейне ролик, шағын спектакль т.б. бес минуттан аспайтын) пайдалана отырып дайындай алады.

Екінші айналым: «Өнерлі жанұя» — қатысушылар отбасылық өнерлерін ортаға салады (ән, би, пародия және т.б. жеті минуттан аспайтын).

Үшінші айналым: Отағасылар арасындағы суырып салма (импровизациялық) байқау.

Қорытынды төртінші айналым: «Жанұя бірлігінің құпиясы» — арнайы әзірленген ситуациялық жағдайларды отбасымен бірігіп шешу жолын көрініс арқылы көрсету (2 минуттан аспауы тиіс).

 

VI. Байқауды қортындылау және марапаттауды өткізу

 

Байқау барысында номинация үздіктері анықталады: «Ұлттық дәстүр дарыған отбасы», «Көрермен көзайымы».

Байқауға қатысушылардың барлығына сертификат табысталады, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

VІІ. Күтілетін нәтижелер

Байқауды өткізу арқылы отбасын нығайтуға, оның әлеуметтік мәртебесін көтеруге, баланың отбасылық тәрбиесіндегі ата-ананың роліне, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді дамытуға септігін тигізетін болады.

 

VІІІ. Байқауға қатысу үшін өтінім беру мен құжаттарды тапсыру тәртібі

Байқауға қатысу үшін портфолио тапсырылады.

Портфолиоға мыналар кіреді:

Өтінім (қосымша 1).

Отбасы портреті (қосымша 2).

Ескерту: портфолио 15 беттен кем болмауы тиіс.

Байқау құжаттары 2017 жылдың 20 қазанына дейін мына мекен-жайға жіберіледі:

Қызылорда қаласы, Әбілхайыр хан көшесі, 33 Б «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігі (№23 мектеп-лицейіне қарсы бетте).

Жаппарбергенов Рахметулла: +7 775 125 10 20

Азамат Еңсебаев: +7 775 206 73 94,

Жүніс Шаймұханбет: +7 747 335 02 97

E-mail: orkeniet_kz@mail.ru

24  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру