КІЛ МЫҚТЫДА КІМ МЫҚТЫ?

s1 2

Екі еркек кездессе біраз әңгіме айтылады. Өсек емес, бірақ көп жайдың басын шалады. Үйдегі шаруа¬ны ысырып, кейде әлемдік, ғаламдық тұрғыда дауласатынын қайтерсің. Әдетте ер кісілер әлемдік қару-жарақ, әлемдік үстемдік тұрғыда біраз жайды айтып салады. Әрине әлемнің қақ төрінен орын алып, ешқандай әскер ұстамай-ақ бейбіт өмір сүріп жатқан елдер бар. Люксембург, Монако мен Ватикан олардың көңілін ауламайды. Өйткені ерлердің серігі – қару. Әскерге барғаны бар, бармағаны бар, бәрі бала күнінде соғыс ойнады. Ағаш мылтықпен қиқулап «жауға шапты». Ерлердің қанында соғыс сөзі бар сынды. Шынында солай. Оларға қызық, әлемде кім мықты? Қай елдің «құдіреті» басым? Қару-жарақ тұрғысында қай мемлекет өзгені шаң қаптырады? Осы тұрғыда ерлердің басын қатырмау үшін әлемдегі мықты әскері бар әрі қару-жарағы мығым елдердің үздік ондығын топтастырдық. Саралап қарайықшы…

ИЗРАИЛЬ
Халық саны 8 миллионға жуық мемлекет 240 мың әскер ұс¬тап отыр. Әскери бюджеті 15 млрд. доллар. Мұндай қаржы тек әскерилерді азықпен қамтуға емес, 13 мың құрлық техникасын, 64 теңіз кемесін, 1964 әс¬кери ұшағын күтіп баптауға жұмса¬лады. Мұндай әскери әлеует не үшін қажет? Израиль соғыс жағ¬дайындағы мемлекет. Таяу Шы¬ғыстағы қақтығыстар шағын мемлекетті құрсаулануға мәжбүр етті. Бұл елдің әскерінің жартысына жуығын әйелдер құрайды. Өйткені саяси өмір сондайды қа¬лап отыр.

ЖАПОНИЯ
Екінші дүниежүзілік соғыста талайды зар илеткен жапондар 1945 жылғы атомдық бомбалаудан кейін де әскери әлеуетін әл¬сі¬реткен жоқ. Түрлі шектеулер,¬ ка¬питуляция. Әскер ұстамау жө¬нін¬дегі бірнеше келіссөз. Мұндай қырғынды жапондар ғана көтере білді. Әскер ұстауға құқық та алды. Жеңілген мемлекет болса да, өзін қорғау үшін қару-жарақ саласына 58 млрд. доллар жұмсайды. Бү¬гінде жапондардың саны 127,8 миллионға жетті. Осынша ха¬лық¬ты сыртқы жаудан қорғауға 270 мың әскерді ұстап отыр. Сон¬дай-ақ 110 кеме, 5320 құрлық техникасы мен 1965 әскери ұшақ бар.

ФРАНЦИЯ
Адамзат тарихындағы зұл¬мат¬ты соғыстар Францияны айналып өткен емес. Әлемдік империалистер дәуірінде де француздар қарап қалмады. Құдды соғыс олардың өміріне жақын іспетті. Әдетте махаббат елі деп аталатын француздар соғысты көп жағдайда өзі бастамаған. Тек жүз жылдық соғыс пен Напалеонның тұсында ғана қолға қару алып шабуылдады. Бірінші және екін¬ші дүниежүзілік соғыс Франция¬ны әлеуетті әскер ұстауға итер¬меледі. Бүгінде 63,5 млн. халықты жаудан қорғауға 230 мың армия даяр. Оған резервтегі 70 мың әскери мен 105 мың тәртіп сақшысын қосыңыз. Сондай-ақ 10 мыңнан аса құрлық техни¬касы, 289 теңіз кемесі, 1757 ұша-ғы тағы бар. Осынша әскери құры¬лымды ұстауға 44 млрд. доллар қаржы жұмсалады және Франция үздік ондықтың сегізінші орнына жайғасады.

ОҢТҮСТІК КОРЕЯ
Әлімсақтан баба жұрт «көр¬шің¬мен тату бол» дейді. Тату бол¬мадың, қос Кореяның күнін ке¬шесің. 1945 жылдан кейін 38 параллельден бөлінген бауырлас, бірақ көзқарасы бөлек екі мемлекет қырғиқабақ соғыс жүргізіп келеді. Өліспей беріспейді. Соның нәтижесінде екі мемлекет те әс¬ке¬ри күшін қуаттауға кіріскен. Біздің үздік ондыққа Оңтүстік Корея кіріп отыр. Оның өз себебі бар. Бүгінде бұл елде 48,9 млн. халықты бейбіт ұстау үшін 640 мың әскери армия бар. Оған резервтегі 2900 мың сарбазды қосыңыз. Ал әскери бюджет 27 млрд. долларды құрайды. Бүгінде Оңтүстік Корея 13 құрлық техникасын, 1568 әуе техникасын, 170 теңіз кемесін сақадай сай ұстап отыр. Мұндай күшті оңтүстіктегілер солтүстіктегі азулы «бауырының» пиғылына бола ұстап отыр.

ТҮРКИЯ
Тарихтан түркілердің мығым мем¬лекет құрғанын, әлемді бөліс¬ке салғанын бәрі біледі. Өйткені түркілердің бір атауы – әскер, сарбаз дегенге келетіндей. Ат жалын тартып мінген түріктер мұхитты асып өтпесе де, Еуропа мен Азияны ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстады. Міне, сол қасиет қазір Түркияда бар. Маңындағы Сирияда со¬ғыс, күрдтердің пиғылы, Таяу Шы¬ғыстағы өзге де саяси жағ¬дайлар бауырлас мемлекетке қарулануды міндеттегендей. Түркия 660 мың тұрақты, 579 мың резервтік әс¬кер ұстауға мәжбүр. Әскери бюд¬жеті – 25 млрд. доллар. Бауырлас елде 70 мың құрлықтың, 265 теңіздің, 1940 әуенің техникасы бар. Мұндай әскери әлеуетпен Түркия Осман империясын қайта тірілтпек емес, 74,7 млн. халықтың тыныштығын күзетпек. Демек бес жұлдызды қонақүйлері бар ту¬ризмның «жұ¬ма¬ғына» айналған Түр¬кияға емін-еркін қыдырып ба¬ру¬ға болады деген сөз.

ҰЛЫБРИТАНИЯ
Францияның жағдайы мұнда да бар. Ағылшындар қай соғысқа болмасын белсене араласа қоя¬ды. Содан біраз шығынға батса да қарулы күшін бір әлсіреткен емес. Арал-мемлекеттің халқы 62,2 миллионды құраса, әскері 220 мың сарбаз. Сондай-ақ, оған 181 мың қордағы әскерилерін қосыңыз. 11,6 құрлық техникасы мен 1663 әуе құралы және 99 теңіз кемесі балақтан тартқанды сабасына түсіреді. Ағылшындардың әскери бюджеті 74 млрд. долларды құрап отыр. Бұрындары Ұлыбритания теңіз «патшасы» атанған, теңіз әскері ешкімге дес бермеуші еді. Қазір бұл көңілге күдік сыйлайтын әңгіме болып отыр.
ҮНДІСТАН
Үндістан тарихтан сабақ ал¬ған¬дай. Отар мемлекет дәреже¬сі¬нен әрең құтылған Оңтүстік Азия¬лық мемлекеттің басынан¬ қан¬дай ауыртпалық өтпеді. Алек¬сандр Македонскийдің шапқын¬шылығынан бастап, Ұлы моңғол дәуіріне дейін, одан кейінгі Бри¬танияның отарлау саясаты. Бәрі-бәрі Үндістанды әскери өмірге машықтады. Бүгінде үнділердің саны әлем бойынша екінші орынға табан тіреді, 1,2 млрд. халық бар мұнда. Тұрақты әскерінің саны – 1,325 млн. Оған резервтегі 2,1 млн. сарбазды қосыңыз. 13 мыңға тарта танк, бронотехниканы сақа¬дай сай ұстаса, әуеден 2452 ұшақ қалқан болмақ. Үндістанның жалпы шекарасының көп бөлігін теңіз алып тұр десек, бұл елде 175 теңіз кемесі бар. Ал әскери бюджеті 49 млрд. долларға шамалас. Осынша мықты әскерді ұстау Үндістан үшін қыруар шығын. Бірақ тарихи жағдайлар қай¬та орын алса үнділер өзін қорғай алады.

ҚЫТАЙ
Жаңа өндіріс пен дамудың даңғыл жолына түскен Қытайды осалдар қатарынан көру қиын. Қай саласы да өркендеп-ақ тұр. Аспан асты елі осы уақытқа дейін күріш пен жібектің отаны болып келсе, әскери әлеуеті жағынан біздің ондықтың үздік үштігін түйіндеп тұр. Өйткені көршілес елдің 2,2 млн. әскері бар. Оған резервтегі 800 мың адамды қосыңыз. 106 млрд. доллар қаржыны осы сала¬ға бағыттаған ел 57,5 мың құрлық, 972 теңіз, 5176 әуе техникасын ұстап отыр. Әлеуетті әскери күш ше¬караны басып кірген жауды оң¬дырмайды.
РЕСЕЙ
60 жылдай қырғиқабақ соғыс¬ты бастан өткерген АҚШ пен Ресейдің әскери әлеуеті қатар дамыды. Бірде Ресей алға озса, бірде АҚШ көш басынан көрінді. ХХІ ғасырдың басында тоқырауды ба¬стан кешірген Ресей екінші болуды місе тұтқандай. Бүгінде сол¬түстіктегі көршіміз 1 млн. адамды тұрақты әскер сапында ұстап отыр. 20 млн. сарбаздық қоры тағы бар. 9 мың құрлық, 233 теңіз, 2747 әуе техникасын ұстап тұру үшін қорғаныс саласына 74 млрд. доллар қаржы бөліп отыр. Уақытында тұтас жерді қақыратқан, әлемдік қақтығыстардың талайына қатыс¬қан Ресей үздіктер көшін екінші болып аяқтайды.

АҚШ
Әуесі мықты қалқан, құрлығы мығым тосқауыл, теңізі құрсау АҚШ әскери әлеуеті жағынан ешкімге дес бермейді. Заманауи қару шығарудан да американ¬дықтар көш бастап тұр. 56 мың құрлық, 2384 теңіз және 18234 әуе техникасын ұстап отырған мемлекеттің 560 мың әскері және резервтегі 567 мың сарбазы бар. Әскери бюджеті 692 млн. долларды құрайды. Әлемдік қақтығыстарға әлі күнге дейін араласып отырған АҚШ-тың әскері «ең, ең, ең…» деуге тұрарлық. Кей деректерге сүйенсек, АҚШ-та қаруға айналар жер серіктері бар көрінеді.

Әскердің көп болғаны мақта¬ныш емес. Бірақ тыныштық бәрі¬нен қымбат. Бейбітшілік болсын әлемде.

Мағмар МАҚСЫМ

7  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру