Жұмысшы мамандықтар игерілуде

балык

Биылғы жылдың басты ерекшелігінің бірі – ниет білдірген әрбір азамат қажетті мамандығын тегін иегере алуы. Ал бұл мүмкіндік жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің жаңа бағдарламасы бойынша іске асырылуда. Аталмыш бағдарламаны Үкімет былтыр бекітіп, оны қаржыландыруға 118,8 млрд. теңге бөліп, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске қосты. Негізінде бағдарлама әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Оған бірінші кезекте 9-11 сыныпты бітіруші түлектер мен отбасы жағдайына байланысты оқуын жалғастыра алмаған жұмыссыздар, бейімдеу орталығында тұратын жасөспірімдер тартылмақ.

 Әрбір елді мекенде ауылдық немесе қалалық әкімшілікте осындай талапкерді іздеу жұмыстары оң нәтижесін беруде. Мәселен бағдарламаның бірінші бағыты аясында Арал ауданы бойынша жыл басынан бері кәсіптік оқуға 151 адам, қысқа мерзімді оқуға 333 адам жолданды. Оның ішінде қайық моторисіне – 100 адам, аспазшы маманына – 55 адам, тігіншіге – 40 адам тартылған. Қысқа мерзімді оқу курсына жолданған 333 адамнан 141-і оқуын қыркүйек айында тәмамдады. Олардың 30-ы тұрақты жұмыспен қамтылса,  183 адам оқуын жалғастыруда. Статистика көрсетіп отырғандай, ауылдық жерден келген азаматтар өз өңірінің кәсібіне қарай мамандық таңдайды. Яғни Арал ауданы тұрғындары өз кәсібін ашу үшін кіші кеме жүргізушісі, тігінші, аспазшы мамандығын таңдаған.

 

 

11  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру