ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ  

10

 

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі күрделі жөндеуден өтіп, жаңа мазмұнда жұмысын бастады. Өткен аптада орталықтың ашылу салтанаты өтті. Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев орталықты ресми түрде ашып берді. Шараға жастар орталығының директорлары, ҮЕҰ жетекшілері, белсенді жастар қатысты.

Аталмыш орталықтың басты мақсаты – жастардың шығармашылығын арттыру, жастар ұйымдарының бел­сендісі болуға үйрету, жас­тардың бос уақытын тиімді пайдалануға септігін тигізу, жұмыссыз жасты жұ­мыс­қа орналастыру.

– Орталық күрделі жөн­деуден өткізілді. Қазіргі таңда бізде үлкен спорттық алаң, интернет, Play Station бар. Арнайы психолог маман кеңесіне жүгінуге болады. Сондай-ақ жастар үшін аспаздық, ағылшын курс тегін оқытылады. Маргинал жастар арасында спорттық сайыстар жүргізіліп тұрады. Жұмыссыз жастарды жұ­мыспен қамтуға арнайы құ­ры­лыс жасағы жұмыс іс­тейді. Және де жастар гитара, домбыра тартып, ән айтып, уақытын тиімді, әрі көңілді өткізе алады, – дей­ді орталық директоры Жас­ұлан Алдабергенов.

Өңіріміздеге әрбір жас аталмыш орталыққа ке­ліп,­ өз қабілетін жан-жақ­ты­ шыңдай алады. Ашылу салтанатында бұ­ған көзіміз жетті. Сондай-ақ жұ­мыссыз жастарға уа­қыт­ты тиімді пайдалану­ мақ­сатында да барлық жағдай жасалған.

Айта кетейік, орталықта тұрмысы төмен және аз қам­тамасыз етілген отба­сы­ға қолдау көрсету, көмек қолын созу мақсатында «Әлеу­меттік дүкен» жұмыс істейді.

 

Мөлдір САБЫРЖАН

34  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру